Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

467 гранттың иегерлері белгілі болды

Өңір билігі биыл талапкерлерді қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жоспарлап, 400 грант бөлген болатын

Одан өзге, ШҚО басшылығы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыспен қосымша 67 грант бөлді.

Кадрларды оқытуға арналған қаражат техникалық ғылымдар мен технологиялар, білім беру, гуманитарлық ғылымдар, өнер, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер және ауыл шаруашылығы мамандықтары үшін берілді. Байқауға барлығы 921 өтініш келіп түскен.

- Бүгінгі таңда 400 орынның 125-і бос. Енді осы 125 орынды бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, мектепке дейінгі білім беру, дене шынықтыру, екі шетел тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілінде оқытылатын химия-биология, география, дефектология, сәулет-құрылыс, дизайн, әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) мамандықтары, биотехнология, жер кадастры, ветеринария сияқты қажетті кадрларға бөліп беруді ұсынып отырмыз, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.

Сондай-ақ, биыл өңірдегі медициналық университетке республикалық бюджеттен небары 302 бала грантты ұтып алса, өткен жылы бұл көрсеткіш екі есеге көп болған екен. Сондықтан жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытылатын 12 орынды осы мамандыққа бермекші.

Сонымен қатар, ШҚО басшылығы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді кадрларды даярлау үшін бөлінген қосымша 67 мемлекеттік тапсырыс грантына 46 өтініш келіп түскен. 46 өтініш иесі енді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тегін білім алады.

- Сонымен 446 грант иегері жергілікті бюджет есебінен оқытылатын болады. Барша ЖОО-ға түсушілерді құттықтаймыз. Ешбір облыс осынша талапкерді жергілікті бюджеттен тегін оқытып отырған жоқ. Тізімді барлығы көрді. Талапкерлердің жинаған балы есепке алынды. Барлығы ашық түрде жүзеге асырылды. Көптеген талапкерлер аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік грантпен өздері оқуға түсті. 125 бос орынды қажетті мамандықтарға бөлеміз. Бізге балалар өңірде тегін білім алып қана қоймай, олардың университетті бітірген соң өңірдің дамуы жолында қызмет етуі маңызды, - дейді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Айта кетейік, барлық 446 орынға жергілікті бюджет есебінен 5 млрд-қа жуық қаражат бөлінді және билік 446 баланы толығымен жұмыспен қамтамасыз етеміз деп сендіріп отыр.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Грант 2018-2019