Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскеменде бейіттер тоналуда

Өскемен қаласы маңындағы бейіт пен зираттың темір, шойын қоршаулары жиі тоналатын болып жүр. Жаға ұстатар ұры-қарылардың бұл ісі талайдың басына жай түсірері анық. Өйткені алақол қылмыскерлер зымиян әрекеттерін әлі тоқтатпай отыр

Бұған, әсіресе, Аблакетка кентінің тұрғындары куә. Олар бес жыл бойы ұры-қарыдан тыныштық таппай, қорлық көріп келеді.

Сондай жандардың бірі жақында ғана "Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық филиалына келіп шағымданған. Одан бөлек, Ушанов бейіті мен Айналма шоссе бойындағы зират да тоналып жатыр.

- Ұрылар әкем мен шешем жатқан зираттың бес бірдей шойын қоршауын бұзып әкетіп, қабырғасын бүлдіріп кетті, - дейді Аблакетка кентінің тұрғыны Марат Оспанов.

Ал тағы бір тұрғын туған-туысқандарының бейіті бір емес, бірнеше рет тоналғанын айтып шағымдануда.

- Алғашқы жолы ұрылар бейіт қоршауын түгелдей шешіп әкетсе, екінші рет жартысын қиып әкеткен еді. Ал мен тоналған сайын, бейіттің орнын қайта-қайта қоршаумен әуремін, - дейді №2 Өскемен қаласының жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрайымы Раиса Сальникова.

Одан бөлек, осы аптада Защита ауданындағы Қазан көшесінің бойынан бір түнде люктің үш бірдей қақпағы жоғалып кеткен. Ал қоғам белсенділері мен депутаттары болса, ұрланған темір қоршаулар мен қақпақтардың металл қабылдайтын орындарға апарып өткізілетінін, ұры-қарыларды ұстау үшін, ең алдымен, қабылдау орындарын бақылауға алу керектігін айтып отыр. Соған байланысты "Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова мен құқыққорғау органдарының қызметкерлері бастаған рейд тобы темір қабылдау орындарына тексеріс жасап қайтты.

Тексеріс барысында темір қабылдайтын орын иелері "зираттан әкелінген заттарды алмаймыз" деп ақталса да, депутаттар олардың сөзіне сене қоймады.

- Темір қабылдайтындардың бірі болмаса да, әйтеуір біреуі қабылдайтыны анық. Әйтпесе, ұрылар ондай әрекетке қалай барады? Тіпті, кей ұрылар қулыққа барып, люктің ұрланған қақпағын бөлшектеп сататынын көрінеді, - дейді Майраш Екібасова.

Одан бөлек, темір қабылдайтындардың кейбірі келген-кеткен металдың тізімін жасап отырмайтын көрінеді. Тіркегеннің өзінде металл өткізген адамның аты-жөні мен төлқұжат нөмірін жазып алмайды. Ал бұл заң жағынан дұрыс емес.

- Кәсіпкердің металл өткізген адамның деректерін жазып алғаны өзіне тиімді. Өйткені оның өткізген заты ұрланған болып шықса, онда бұған металл қабылдаған кәсіпкердің өзі кінәлі болып шығады, - дейді тәртіп сақшылары.

Депутаттар келіспей, наразылық танытқан тағы бір мәселе - кәсіпкерге лицензия берудегі жүйесіздік. Мәселенің барлығы кәсіпкерге кәсіп ашуға рұқсат етілген лицензияда, оның кәсіпорны қай жерде орналасатындығы, қай мекенжайда болатындығы сынды деректердің көрсетілмегендігінде болып отыр. Лицензия адамның атына ғана беріледі. Яғни, кәсіпкер лицензия ала отырып, кәсіпті кез келген жерден аша алады. Депутаттардың ойынша, бұл кәсіпкердің жауапкершіліктен аттап кетуіне сылтау болмақ. Сол себепті заңда кеткен бұл кемшілікті дереу жөндеу үшін Майраш Шайзадақызы алдағы уақытта үкіметке депутаттық сауал жолдағалы отыр.

Депутаттар мұнымен тоқтап қалмақ емес, металл қабылдау орындарын тексеру жұмыстары әлі жалғаспақ. Бейіт пен зират қоршауларының тоналуын біржолата тоқтатуды ойлаған депутаттар мәселені толық зерттеп алуды жоспарлап отыр.

Следующая →