Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ат спортын дамытуды армандайды

Сәмина Ақзаева Тарбағатай ауданы Жаңа ауыл ауылындағы Қ. Ақынов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы

Кішкентай күнінен спортқа құмар бойжеткен бүгінде қол күресінен бірнеше жарыстарда бақ сынап, қабілетін шыңдап жүр. 
- Қол күресіне деген қызығушылығым 7-сынып оқып жүргенде оянды, - дейді жас спортшы. -  Өйткені өзім араласатын қыздардың көбі қол күресімен айналысатын. Олардың жанында жүріп, дайындықтарын, жарыстарға қатысып жүргендерін көріп менде де осы спорт түріне деген махаббат, қызығушылық пайда болды.
Сәминаның таңдауына ата-анасы еш қарсылық танытпай, қайта қолдау білдіргенінің арқасында ол бүгінде бірқатар жетістіктерге жеткен. Мәселен, 2015 жылы аудандық турнирде 2-орын, 2016 жылы 3-орын, 2017 жылы 3-орын, биыл 1-орын алған. 2017 жылы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне арналған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу сынды ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық чемпионат өткен болатын. Тарбағатай, Абай, Ұлан, Көкпекті аудандарынан келген командалар мен Өскемен қаласының спортшылары қатысқан осы сайыста Сәмина қыз қуу ойынына қатысып, 1-орынды еншілеген.
- Сәмина оқуын жақсы оқиды. Жалпы, жан-жақты қыз. Мектептегі кез келген шараға  белсенділікпен қатысып, өзіне берілген тапсырмаға тиянақты. Кез келген ортаға сіңісіп, әркіммен тіл табысып кететін ашық мінезді. Барлығын қатар алып жүруге қабілеті жетеді. Жарыстар, дайындықтар сабағына еш кедергі келтірмейді, - дейді Сәминаның сынып жетекшісі Арай Нұрсейітова. 
Қыздардың көбі бойы ұзын, дене бітімі сымбатты болуы үшін көркем гимнастика, волейбол сынды спорт түрлерін таңдайтыны белгілі. Ал Сәмина болса, армрестлингтің өзге спорт түрінен артықшылығын байқап, көре білген.
- Қол күресі адамның бойындағы еркіндік сезімін ұштайды, - дейді спортшы. - Өз-өзіңе деген сенімділік, өз күшіңді саралай білуге үйретеді. Сонымен қатар, бұның өзіңді-өзің қорғауға да септігі мол. Оқыс деген аяқ астынан дегендей, кез келген жағдайда өз-өзімді қорғай алуым керек. Оның үстіне, жарыстарға қатысар кезде салмағыңды таразылап, режімді қатаң ұстанасың. Жалпы, спортқа қатысы бар адам күнделікті салауатты өмір салтын ұстанады. Сондықтан да, әр күнім жоспарлы, жүйеленген
Сәмина Ақзаева өзінің спортқа деген қабілеті кезінде қазақ күресімен айналысқан әкесі – Ақза Тоқсыновтан дарығандығын айтады. Қазіргі күнде білекті қызды жаттықтырушысы Ербол Жұбанышев түрлі додаға дайындап, кіл жүйріктердің ортасына бәйгеге қосып жүр. 

Жас спортшымыз болашақта өзін спорт саласынан көреді. Одан өзге, елдегі ат спортын дамытсам деген үлкен арманы бар. 
Следующая →