Өскемен
облачно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +6°
$
491.71
-0.51
529.97
+0.59
¥
68.69
-0.05
5.05
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Еңбек шарты болуы тиіс

Кәсіпорындардың барылғы ұжымдық еңбек шарттарын жасау қажет. Бұл жұмысшының да, жұмыс берушінің де құқықтарын қорғайды

Қазір елде еңбек нарығындағы көлеңкелі экономиканың күрмеуі шешілмей отырғаны белгілі. Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында еңбек шарты мен ұжымдық келісімнің жасалмауы кесірінен мемлекет салықтан қағылып, жұмысшылар жалақысын ала алмай жүреді. Соған орай, еңбек инспекторлары 2016 жылы қабылданған жаңа Еңбек кодексінің негізінде еңбек келісімшартын жасау мен оны электронды түрде орналастыруды міндеттеуді ойлап отыр. 
- Еңбек келісімшартында еңбек демалысы мен жалақысы, әлеуметтік төлемдері сынды жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы барлық қарым-қатынас шарттары анық көрсетіледі. Мұнда алдымен жұмысшының құқығы қорғалады. Еңбек келісімшарты болмаса, жұмыскердің өзіне қиын. Қазір облыста 9700-ден аса кәсіпорын ұжымдық келісімшартқа өткен. Бұл барлық мекемелердің 70%-ын құрайды. Ірі кәсіпорындардың барлығы дерлік ұжымдық келісім жасаған, - дейді ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов.
Ал еңбек шарттары мен ұжымдық келісімшарттар электронды форматқа өткен соң, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында қарым-қатынасты толықтай бақылауға мүмкіндік тумақ. 
- Еңбек шарттарын электронды есеп жүйесіне енгізген соң, бізге оған кіруге рұқсат беріледі. Кейбір мекемелердің басшысы еңбек келісімшартын жасап, бір данасын өзіне қалдырып, ал бір данасын жұмысшысына бергенін айтады. Ал жұмыскерінен сұрасақ, еңбек келісімшартын алмағанын айтып, жоққа шығарады. Мұндай керағарлық болмау үшін электронды есеп жүйесінің маңызы зор болмақ, - дейді Бақытбек Құрманбекұлы.
Ал еңбек шартын жасамаған кәсіпорындарға 1 млн теңге шамасында айыппұл салынады. 
- Мәселен, құрылыс саласында жұмыс жасап жатқан компаниялардың 90 пайызы мемлекет қаржысына құрылыс салып жатыр. Әсіресе, құрылыс саласы көлеңкелі экономикаға бейім екендігі белгілі. Егер бұл компанияларға құрылыс алаңында болып жатқан міндеттемелерді жүктейтін болсақ, онда еңбек шартын міндетті түрде жасайтын болады деп ойлаймыз, - дейді Бақытбек Қизатов.

Следующая →