Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Электронды қызмет түрлерін алушылар аз

Шығыс Қазақстан облысы электронды қызмет көрсету бойынша ең соңғы орында. Он төрт облыс пен екі республикалық қаланың ішінде Шығыс өңірі он бесінші орында екен

Электронды технологиялар арқылы жасалатын мемлекеттік қызмет түрлеріне сараптама жасаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қоғамдық тыңдау отырысында мемлекеттік органдардың неліктен қағазбастылықтан құтыла алмай отырғанын сөз етті. Департамент мамандарының айтуынша, электронды үкімет порталы арқылы алуға болатын әрі танымал қызмет түрлеріне жататын мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің болу-болмауы туралы анықтама, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтаманы алу мен дәрігердің қабылдауына жазылу сынды қызмет түрлерінің өзін облыс тұрғындары ғаламтор арқылы емес, мекеменің өзіне келіп алғанды "қалайтын көрінеді". 
- Ауылды елдімекендердің ғаламтор желісінің толық қосылмағаны рас. Алайда соның кесірінен электронды қызмет түрлері азаматтар тарапынан пайдаланылмай келеді деп айта алмаймыз. Өскемен, Семей сынды қалаларға жылдамдығы жоғары ғаламтор желісі тартылса да, тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, анықтама алып жүр. Бұл азаматтар кейбір құжаттарды ғаламтор арқылы да алуға болатынын білмейді не құжаттарды электронды түрде алғанға қарағанда, мекеменің өзіне келіп, жүзбе-жүз алғанды қалайды. Бұл жағы бізге де түсініксіз, - дейді департамент басшысы Жанна Қабдолдақызы.
Қоғамдық тыңдауға қатысқан депутаттар бұл мәселенің қиындығы тереңде жатқанын, ауыл-аймақтың ғаламтор желісіне қосылмауының кесірі көпке де тиіп жатқанын айтады. 
- Облыс аумағындағы 700-ден аса ауылдың 300-ден астамына әлі күнге дейін ғаламтор сымы тартылмаған. Халқы 700-1000-нан асатын жеті ауылдың өзі қазір ғаламторсыз отыр. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасынан Шығыс Қазақстан облысы мүлдем шет қалған. Өйткені мемлекеттік бағдарламада Шығыс өңіріне ғаламтор желісін тарту керектігі жайлы айтылмаған. Бұл - министрліктен кетіп отырған қателік, - дейді облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышов.
 Ал облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головотюк ауылға ғаламтор тартуға орасан зор қаржы керектігін, оның барлығын кезең-кезеңімен, кешенді түрде жүргізу қажеттігін айтады. 
- Қоғамдық кеңес те алдағы уақытта бұл бағдарламаның жүзеге асуына араласатын болады, - дейді  Владимир Головотюк сөз соңында.

Следующая →