Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Кәсіпкерлер жерінен айырылды

Бұқтырма, Сібе және Алакөл маңында пайдаланылмай жатқан 1005 жер телімі табылды

Жерді иемденіп, инфрақұрылым нысандарын салмаған кей кәсіпкерлерден жер телімі тартып алынса, кейбіріне ескерту жасалған. Ал жерден айырылып қалғысы келмеген кей кәсіпкерлер құрылысқа кірісіп кеткен. 

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы соңғы екі жыл бойы Алакөл, Сібе және Бұқтырма сынды демалыс орындарындағы жер телімдерінің пайдалану жағдайын тексеріп, үш жыл бойы еш қолданылмай бос жатқан жер телімдерін тапқан. 
- Тұрғындардың көбі жағалау маңында неге демалыс базаларын, жағажай, дәмханалар салмайды деп шағымданып жатады. Ал кәсіпкерлер болса, аталған инфрақұрылымдарды саламыз деп үкіметтен жер телімдерін алып, еш қарекет етпей отыр. Бұл - әділетсіздік. Егер кәсіпкер алған жерін оқсата алмайды екен, онда үкіметке қайтарып берсін. Басқа кәсіпкерлерге де жол ашуымыз қажет қой. Тіпті, кейбір кәсіпкерлер мұндай жер телімдерін тегін иемденіп алған. Бар ойлары - жер телімдерін қымбатқа сату, - дейді басқарма басшысы Жасұлан Сарсебаев.
Екі жылдың ішінде Бұқтырмадан 644 жер телімінің, Сібе маңындағы 261 жер телімінің, Алакөл жанындағы 100 жер телімінің бос жатқаны анықталған. Мұндай жер телімдерінің кейбірінің мүлдем иелері жоқ. Ондай жерлер тіркеуге қойылса, қалғандары сотқа жіберілген. Жерінен айырылып қалудан жасқанған кәсіпкерлер болса, алған жерін абаттандырып, іргетасын құйып, қоршауын орнатып, қарекет қыла бастаған. Мәселен, Алакөл маңындағы 100 жер телімінің 58-інде қазір құрылыс жұмыстары басталып кеткен.
Следующая →