Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Су техникаларына тыйым салынды

Биыл Алакөл жағалауында су техникаларын қолдануға тыйым салынады

Ал алдағы уақытта Бұқтырма мен Сібе жағалауларында да моторлы қайық, катер, катамаран қолдануға тыйым салынатын болады. 

Облыстық туризм басқармасы басшысының айтуынша, ірі туристік базаға айналғалы отырған Алакөлдің имиджі мен бренді бәрінен де маңызды. Сол себепті жағалау маңындағы қауіпсіздікті барынша тиянақты ету қажет. Ресейдің Кемерово қаласында болған қайғылы оқиға аймақ кәсіпкерлеріне ой салуы тиіс. Егер Алакөлдің маңында адам уланып не жазмыш жағдай орын алар болса, онда облыс бар қаржысын салып, алып туристік орынға айналдырғалы отырған шипалы көлдің атына қара дақ түспек. 

Мұны болдырмау үшін облыс әкімшілігі өрт қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң бақылауға алмақ. Сондай қауіпсіздік шараларының бірі - жағалауда су техникаларын қолдануға тыйым салу.   
- Биылдан бастап Алакөлдің жағасында су техникаларын қолдануға тыйым салынады. Тек арнайы орындарда ғана су техникаларын пайдалануға болады. Алдағы уақытта Сібе мен Бұқтырма маңы абаттандырылып, инфрақұрылымдар салынған соң, бұл маңда да су техникаларын пайдалануға тыйым салуды ойлап отырмыз, - дейді ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Бірлікұлы.

Следующая →