Өскемен
пасмурно
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    +2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +5°
$
521.81
543.67
¥
71.49
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облысқа балық сатып алады

Су электр стансалары балық шаруашылығына зиян тигізуде. Өйткені СЭС-тің трубинасы мен қалқаны балыққа залал келтіреді, ал осыдан елу-алпыс жыл бұрын салынған бұл алып құрылыстардың қорғаныш жабдықтары жоқ

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті СЭС-тердің балық шаруашылығына орасан зор зиян келтіретіндігін үлкен мәселе етіп көтеріп, соңғы төрт-бес жыл бойы энергетика ұйымдарына жиі жүгініп, балық шаруашылығына да көңіл бөлуін талап еткен. Ал биыл Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы облыс аумағында орналасқан екі су электр стансасын балық өсіруге келістірген. 
- Өскемен және Шүлбі су электр стансалары 12 млн теңгеге балық сатып алып, суға жіберуге келісім берді. Олар балықты тоған шаруашылықтарынан сатып алып, ал кейін су айдынына жібереді. Енді Бұқтырма СЭС-ынан балық өсіруді талап етіп отырмыз. Бұл су электр стансасы 40 млн теңге шамасында қаржы бөліп, шабақ сатып алуы тиіс. Кеңес кезінде Бұқтырма СЭС-ының балық өсіру шаруашылығы болған, - дейді инспекцияның басшысы Санақбек Кітапбаев.
Айта кету керек, инспекцияның ықпалымен былтыр 41 млн теңгеге 5,6 млн балық шабағы суға жіберілген болса, биыл 8 млн теңгеге 320 мың тұқы балығының шабақтары су айдынына жіберілген. Яғни, егер биыл үш СЭС бірігіп, 50 млн теңге соманы балық өсіруге жұмсайтын болса, онда 6-7 млн балық шабағы суға жіберілуі мүмкін екен. 
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО СЭС Балық