Қазақ тіліне тұсау болған Кембридж әдістемесі
Қазір елдің Білім министрлігі мектеп бағдарламасына үш тілді де жетік оқытуға күш салып жатқаны белгілі
Ал Шығыс Қазақстан облысы үштілділік бағдарламасын мектепке енгізген алғашқы өңір болып отыр. Облыс басшылығы бұл бағдарламаны сынақ ретінде жасап, үздік нәтижеге жетуге тырысып жатыр.
Дегенмен қоғам белсенділері мен ғалымдар тобы үш тілдің де мектепке қатар енгізілгеніне наразылық білдіріп, Білім министрлігіне талай сын айтқан еді. Алайда сыни әрі ақылға қонымды ұстаным айтып отырған, халықтың ұлттық сана-сезімін ойлайтын қоғамдық пікірді, әзірше, министрлік құлаққа ілмей отыр.
Шығыс Қазақстанға үштілділік бағдарламасы біржола енгізіле бастаған соң, мектептерде де барлық пәндер өзіне тән ерекшелігі мен өзгешелігіне қарамастан, Кембридж университеті дайындап берген технологияны жаппай қолдана бастады.
Ал ғалымдардың айтуынша, жаңартылған білім бағдарламасы бойынша шығып жатқан қазақ тілінің оқулықтары мүлдем сын көтермейді, өйткені мұндай әдістеме қазақ балаларының өзінің ана тілінен жеруіне, одан нәр алмай, дәнексіз білім алуына әкеліп соғады. Қазақ тілі сабағында теориялық білімге қарағанда, қазақ тілінде сөйлеп үйрену жағына көп мән берілетін болып кетті. Яғни, қазақ тілін оқытудың бұрыннан қалыптасқан заңдылығы бұзылған.
Следующая →

- Алғашында мектеп мұғалімдері бұл әдістемені үйрене алмай қиналды. Бірақ түптің түбінде, Кембридж әдістемесі оқушыға тек бағыт берумен ғана шектелетінін ұққан мұғалімдер оның технологияларын жарым-жартылай пайдалана бастады. Кембридж әдістемесінің өзі ұтымды. Бірақ министрлік бұл әдістемені бас-көз жоқ, жүйесіз, талғамсыз енгізіп отыр, - дейді филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек.Кембридж әдістемесі, әсіресе, ағылшын, орыс және қазақ тілі пәндерін оқытуға жиі қолданылып жүр. Қазір мектеп оқулықтары жаңартылған білім бағдарламасы қойған талаптар бойынша басылып шығады. Ал жаңартылған білім бағдарламасы тікелей Кембридж әдістемесіне сүйенеді.
- Облыста 2016 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдары Кембридж әдістемесіне сәйкес құрылған оқулықтармен білім алуда. Жаңартылған білім бағдарламасы аясында шыққан кітаптармен барлық мектептер қамтылған, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының м.а. Сайрангүл Жұмаділова.Жаңартылған білім бағдарламасы аясында былтыр 5-сынып пен 7-сынып оқушыларының кітаптары жаңа мазмұнда басылып шықты. Енді биылғы оқу жылында 6-сынып пен 8-сыныптың оқулықтары жаңартылғалы жатыр.
Ал ғалымдардың айтуынша, жаңартылған білім бағдарламасы бойынша шығып жатқан қазақ тілінің оқулықтары мүлдем сын көтермейді, өйткені мұндай әдістеме қазақ балаларының өзінің ана тілінен жеруіне, одан нәр алмай, дәнексіз білім алуына әкеліп соғады. Қазақ тілі сабағында теориялық білімге қарағанда, қазақ тілінде сөйлеп үйрену жағына көп мән берілетін болып кетті. Яғни, қазақ тілін оқытудың бұрыннан қалыптасқан заңдылығы бұзылған.
- Қазір қазақ балаларына қазақ тілін орыс балаларына оқытқан сияқты қарадүрсінге салып оқытып жүрміз. Кембридж әдістемесі тілді оқытуға емес, үйретуге пайдалы. Мәселен, ағылшын тілін не орыс тілін, тіпті, қазақ тілін өзге ұлттың балаларына үйрету үшін бұл әдістеме - таптырмас құрал. Алайда қазақтың баласына қазақ тілін Кембридж тәсілі арқылы үйрету ақылға сыймайды. Оқыту методикасында "нені оқытамын?" және "қалай оқытамын?" деген қарапайым ғана ұстаным бар. Кембридж әдістемесі "қалай оқытамын?" деген сауалға жауап бере алады. Алайда "нені оқытуға" араластырмаған жөн. Білім министрлігі қазақ балаларын қазақ тілінің нормативтік, базалық білімінен айырып отыр. Қазақтың баласы ана тілін жетік біледі ғой, оған енді неге шетелдік әдістеме арқылы қазақ тілін қайтадан үйретуіміз керек?! Оның орнына, Ахмет Байтұрсыновтан басталған тіл білімі ғалымдары сан жыл тер төгіп жасаған лингвистикалық білімді қазақ балаларына сіңіруіміз керек. Сонда ғана балаларға жүйелі білім бере аламыз, - дейді Бижомарт Қапалбек.Есесіне ғалымдар қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту үшін Кембридж әдістемесінің берері мол екенін айтады.
- Ағылшын ғалымдары сан ғасырлық зерттеулері нәтижесінде Кембридж әдістемесін ойлап тапты. Бұл жағынан Британ педагогтарының тәжірибесі мол. Ағылшын тілін үйренуші елдер көп. Соның барлығына зерттеу жасаған британ ұстаздары ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістерін ойлап тапты. Яғни, бұл әдістерді қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға қолдануға болады, - дейді ғалым.Қазір облыс аумағында 2016 жылы Фаузия Оразбаеваның басшылығымен жазылып шыққан орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулығы қолданылып жүр.
- Аталған оқулықты басып шығару үшін 194 млн теңге бөлінген, - дейді Сайрангүл Жұмаділова.Кембридж әдістемесінің қазақ тіліне қаншалықты зиян тигізіп жатқанын тек бұл "технологиямен" сусындап шыққан алғашқы мектеп түлектерінің біліміне қарап қана біле аламыз. Ал мұғалімдерде аталған әдістемемен білім беруден басқа амал жоқ.