Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қазақ тіліне тәржімаланған оқулықтар таныстырылды

Мамандар бір жылда әлемнің 18 үздік кітабын ана тілімізге тәржімалаған

Енді кез келген оқуға ниетті, білімін жетілдіргісі келетін азамат үздік туындыларды қазақ тілінде оқуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, қазақ тілінің сөздік қорына 3 мыңнан астам жаңа термин енгізілді. Өйткені алғаш рет ең таңдаулы туындылар түпнұсқадан алынып отыр. 
- "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында жарық көрген әлемнің үздік туындылары студенттерге жаңа сапалық деңгейде білім беруге жол ашады. Тек қана 100 оқулық деп жалпылама айтпай, әрбіреуіне жіті тоқталып, соларды насихаттауымыз керек. Бүгінгі шараның да мақсаты – қоғамдастықтардың, мұғалімдердің, студенттер мен оқушылардың назарына аударылған 18 кітаптың ерекшелігі мен өзектілігін айтып, авторлардың туындыға енгізген әлемдік гуманистік ойларын талқылау. Бастысы - бұл кітаптарды кез келген оқырманның қазақша оқи алатындығы қуантады, - дейді ШҚО ҚХА ғылыми сараптамалық топтың мүшесі, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, социолог Элеонора Столярова.
Аударылған оқулықтардың ішінде бұған дейінгі аға буынның қолына тимеген кітаптар бар. Биыл жарық көрген 18 кітап – 800-ге жуық еңбектің ішінен іріктелініп алынған туындылар.
- Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Үздік туындыларды қазақ тілінде сөйлету, әрине, құптарлық дүние. Аудандардағы Достық үйінің қызметкерлері мектеп оқушыларына осы жобаның нәтижесін таныстыруда, - дейді Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков.
Ұлттық аударма бюросы алдыңғы қатарлы ЖОО-мен бірлесе аударылған алғашқы 18 оқулық философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика салаларын қамтыды. 
- 18 кітап 10 мың данамен жарыққа шықты. Сондай-ақ, бұл кітаптар ЖОО-ға тегін жеткізіледі. Жаңа оқу жылынан бастап біздің студенттер осы аударылған кітап негізінде білімдерін жалғастыратын болады, - деді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ШҚО ҚХА  кафедрасының меңгерушісі Гүлжан Әлібековна.
Әлемдік деңгейдегі үздік оқулықтарды қазақ тіліне аудару мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жылдың соңына дейін тағы да 30 кітапты мемлекеттік тілге тәржімалау міндеті тұр. Сондай-ақ, ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің айтуынша, кітап авторларын елге шақыру және оларды оқырмандарымен жүздестіру жоспарда бар. Туындылар кемінде 3 нұсқада жарық көреді. Сәйкесінше кітаптардың электронды нұсқасы да пайда болады. Олар 100kitap.kz сайтында жарияланады деп жоспарланған. Бұдан бөлек кітаптар видеолекция, онлайн-курстар түріндегі форматта қолжетімді болмақ.

 Сонымен қатар, батыс елдері мен Ресей елінің көркем шығармалары аударылуда. Батыс елдерінің көркем шығармаларының ішінде Сэлинджердің әйгілі кітабы "Над пропастью во ржи", ал Ресей елінің көркем шығармаларының ішінде Булгаковтың "Собачье сердце" шығармалары аударылуда.
Следующая →