Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қала әкімі қандай тәртіптік жауапқа тартылады?

Бүтіндей бір отбасының ұрпағын жалғастырар бозбаланың өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасының куәгері - Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа қандай тәртіптік жауапкершілік тағайындалады?

Он сегізінде ажал құшқан Евгений Смольниковтың өліміне әкелген Риддердегі апаттың мән-жайы әлі күнге дейін анықталуда. Қылмыстық іске кінәлі деп табылған Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев уақытша ұстау изоляторында.
- Қазіргі уақытта оқиғаның негізгі фигуранты Бауыржан Құрманбаев қылмыстық істің соңына дейін қызметінен шеттетілді, - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы.
Десе де, оқиға орын аларда Риддер қаласы әкімінің орынбасарымен бірге көлік ішінде болған Өскемен қаласының әкімі өзінің қызметін жалғастыруда. 
- Тұмабаев қылмыстық істің куәгері ғана болып табылғандықтан оны әкімдік қызметінен шеттетуге негіз жоқ. Ол оқиғаның жай-жапсарын жариялауға тыйым салатын құжатқа қол қойғандықтан қандай да бір сұраққа жауап бере алмайды. Ал департаменттің шешімімен, Қуат Тұмабаев пен Бауыржан Құрманбаевқа қатысты мәселе осы айдың ішінде Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын болады, - дейді Жанна Қабдолдақызы.
Осылайша үлкен дау тудырған оқиғадағы шенеуніктің тәртібін екі мемлекеттік қызметкер және жеті қоғамдастық өкілдерінен тұратын Әдеп жөніндегі кеңесте қарауды шешті. 

Айта кетейік, облыс орталығындағы белсенділер ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атына жазылған өтінішке қол жинауда. Өтініш қағазда оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаларды жауапқа тартып, жіті қадағалауды сұрайды. 
Следующая →