Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +3°
  • Актау
    +11°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +7°
$
491.7
+3.89
531.28
+3.66
¥
68.9
+0.46
5.07
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ворошилов көшесіне Шәкәрімнің есімі берілуі мүмкін бе?

Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық белсенділері Ворошилов көшесіне Шәкәрімнің есімі берілуін талап етуде

ҚР Жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев бастаған қоғамдық белсенділер тобы облыс әкімі Даниал Ахметов пен Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа ұсыныс хат жазып, өр қаланың Ворошилов көшесіне Шәкәрім қажының есімін беру туралы талап қойды. 

Ұсыныс хатта Өскемен, Зырян, Риддер, Шемонаиха қалаларының көше атаулары кеңестік кезеңдегі кейіп-болмысын бұза қоймағандығы, әсіресе, облыс орталығы Өскемен көшелерінің әлі күнге большевиктік атаулармен сіресіп тұрғандығы, көрші Ресейдің өзі мұндай атаулардан баяғыда-ақ арылғандығы айтылады. Хат авторлары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тілге тиек ете отырып, аймақ басшысына ұсыныс тастады. 
- Сіздің Өскемен қаласы әкіміне қаладағы 20-дан астам көшенің атауын "Рухани жаңғыруға…" сай келетіндей етіп өзгерту жайлы нұсқау бергеніңізді естіп, қатты қуандық. Сіз басшылық жасаған кезде қаладағы 700-ден астам көшелердің тым құрыса, 30 пайызы қазақшаланып қалса, ертеңгі күні еліміз бен жұртымыздың  аузында осы бір игілікті ісіңіз қалатыны шындық, - делінген хатта.
Аймақ басшысына өтініш тастаған қоғам белсенділері Ворошилов көшесін Шәкәрімнің есімімен атағанды жөн көреді. 
- Өскемендегі Ворошилов көшесі - Абай даңғылын қиып өтетін ірі көше. Үлбі көпірінің сол жағындағы Әуезов даңғылы да "Абайға" жалғасып жатыр. Енді қаладағы үлкен көшелердің бірі Ворошиловқа Шәкәрімнің есімін берсек, онда Абай даңғылымен қол ұстасып жатқан "Ұлылар ансамблін" құрар едік. Әйтпесе, Өскеменнің орталық бөлігіндегі көшелерді емес, шет жағындағы, ел танымайтын шағын аудандардың көшелеріне қазақша ат беру үрдіске айналып кетті, - дейді Әлібек Қаңтарбаев.
Жазушылар одағының өңірлік басшысы ұсыныс хатты облыстық әкімдікке сәуір айында жолдағанын, әзірше хабар күтіп отырғанын жеткізді. 
- Облыстық әкімдік хатты ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармаға жолдаған екен. Бұған дейін қоғамдық тыңдалым өтеді деп хабарлаған. Алайда оны кейінгі шегеріпті. Облыс басшысына үміт артып отырғандықтан, хат жазып отырмыз, - дейді Әлібек Қалиұлы.
Егер бұл мәселені облыстық әкімдік шеше алмаса, қоғам қайраткерлері Елбасының өзіне хат жазатындығын айтып отыр. 
- Аталған көшеге қазақша атау бермей, тыным таппаймыз, - дейді ардагер ақын.

Следующая →