Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Сауда кешені салына ма әлде жоқ па?

Өскеменнің Қазақстан мен Пермитина көшелері қиылысында «Дельта продукт» ЖШС салып жатқан сауда кешенінің басы дауға қалды

Құрылысы күн жылынысымен басталған сауда - ойын-сауық кешенінің металл конструкциясы қазірдің өзінде төртінші қабатқа дейін көтеріліп үлгерген. Ал сауда орнының тура жанында орналасқан екі көпқабатты үйдің  тұрғындары құрылыс аумағының өте үлкен екендігін әрі нысанның тұрғын үйлерге тым жақын орналастырылып салынып жатқанын айтып шағымдана бастады. 
- Құрылыс нормаларының қағидаларына келетін болсақ, мұндай ірі сауда кешендері жатын тұрғын үйлер орналасқан аудандарда салынбауы тиіс. Қаланың бас жоспары бойынша бұл ауданда тек тұрғын үйлер ғана салынуы керек. Біздің ауданда мектеп, бірнеше сауық мекемелері, көптеген көпқабатты үйлер орналасқан. Яғни, бұл ауданда адам көп. Демек, келушілер де көп болары сөзсіз. Ал оның құрылысына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Құрылыс салынып жатқан қазаншұңқырдың аумағы 0,9 гектар. Ал ол 0,5 гектардан аспауы тиіс болатын, - дейді Пермитина көшесінің тұрғыны, бұрын құрылыс жобаларын жасаумен айналысқан зейнеткер Валентина Анатольевна.
 Әдетте, мұндай ірі құрылысты бастар алдында кәсіпкерлер мен жобаны мақұлдаушылар қоғамдық кеңеспен ақылдасуы қажет болатын. Өкінішке орай, ешқандай да қоғамдық тыңдалым болмаған. 
- Сауда нысаны үйден небары жиырма-ақ метр қашықтықта тұр. Ал норма бойынша бұл 50 метрден кем болмауға тиіс. Жүк тасушы, жүк көтеруші көліктер де алаңға кіретін жолды жауып, көлік қозғалысын мүлдем тоқтатып тастады. Өрт болса, кім жауап береді? Ал тұрғындардың пікірін ескерген жан жоқ, - дейді Екатерина есімді тұрғын.
Өскемен қалалық сәулет және құрылыс бөлімі тұрғындардың арыз-шағымы қабылданып, бұл маңда тағы бір рет мемлекеттік сараптама өтетіндігін хабарлады. 
- Қала тұрғындарының арызы бойынша бұл мәселе қаралу үстінде. Сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарына сәйкес жұмыс жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс. Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес болмаса, жобаның іске асырылуына жол берілмейді, - дейді Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Сұңғат Кушуров.
Ал сауда нысаны мемлекеттік сараптамадан қайта өткелі отырса да, құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ. Нысан маңында әлі де жұмысшылар жүр. Олар дәнекерлеу, құрылыс заттарын тасу сынды жұмыстармен айналысып жатыр. Газетіміз оқиғаның ары қарай қалай өрбитіндігін бақылайтын болады. 
Следующая →