Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қоқыс мәселесі ушығып барады

Өскемен қаласындағы №12 орта мектептің ұстаздары тұрғындар қоқыс тастайтын қоқыс контейнерінің мектептің қасында болғанына наразылық білдіруде

Себебі жел тұрса, контейнердегі қоқыс біткеннің барлығы мектептің аумағына тасымалданатын көрінеді. Шашылған қоқыс, бөтелке, аула маңында қаулап өскен шөп, біріншіден, мектептің ажарын кетірсе, екіншіден, балалар лас заттармен келген ауамен тыныстауда. Бұл мәселеге байланысты мектеп ұстаздары Өскемен қалалық мәслихат депутаттарына өтініш хатын да жолдаған. Алайда жауапты учаскедегі депутат бұл мәселенің жауабына "зерттеу жүргізілді, тұрғындар контейнерді басқа жаққа ауыстыруға келіспеді" деп, жылы жауып қойған. 
- Бұл жауап қанағаттандырмайды. Мәселенің түйіткілін шешуге тырысу керек қой. Тұрғындар келісім бермесе, қоқыс контейнерінің бетіне қақпақ жабу сияқты басқа да нұсқаны неге қарастырмасқа?! Қандай да бір шара қолданылуы керек қой, - деді Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында әріптестерінің жұмысына көңілі толмаған мәслихат хатшысы Александр Светаш.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бұдан да басқа  өтініштерге депутаттар осындай қанағаттанарлықсыз жауап қайтарған. Сондай-ақ, келіп түскен кейбір сауалдар мен өтініштер бойынша арнайы комиссия құру керектігін басты назарға алды. 
- Қала әкімі Қуат Тұмабаевтың қатысуымен болатын келесі сессияға дейін бұл олқылықтардың орны толтырылады деп сенемін, - деді Александр Александрович.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалалық мәслихат депутаттарының назарына 186 мәселе бойынша өтініш келіп түскен. Оның 160-ы тұрғын үй коммуналдық шаруашалығы бөліміне қатысты болса, 26-сы басқа да құзыретті органдармен байланысты. 
Следующая →