Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тұрғындар артық ақы төлегенге наразы

Соңғы уақытта халық арасында домофон есіктерге абоненттік ақы төлеу заңсыз, тұтыну құқығын аяққа таптау сынды пікірлер көбейді

Қазір тұрғындар домофон орнататын қызметіне ай сайын 250-500 теңге арасында төлемақы төлейді. Мұның анық-қанығын білу мақсатында басқармалардан, домофон компаниялар мен заңгерлерден кеңес сұрап көрген едік.

Бұрын үйдің кіреберісіне темір не шойын есіктер орнатылып жүрді. Бұл есіктерге ешкім де төлемақы төлемейтін, кілтпен ғана ашылатын. Кейін темір есіктерді нарықтан домофондар ығыстырып шығарды. Осыдан он шақты жыл бұрын ауқатты ауданның тұрғындары ғана домофонды орната алған болса, қазір қалада домофон есігі жоқ бірде-бір тұрғын үй қалмаған. 

Ал бүгінде домофонға бірнеше жыл ай сайын төлемақы төлеп келген адамдар оны төлеуден бас тарта бастаған. Себебі тұрғындардың ойынша, бұл - артық шығын. 
- Домофонға төлемақы төлемеймін. Өзім танитын тұрғындар да ұзақ уақыт төлемей жүреді. Өйткені ақылға қонымсыз ақы деп ойлаймын. Есікті жалға алып отырсақ, жарайды, төлеуге болатын шығар. Ал ол коммуналды қызмет емес қой. Оның үстіне, домофон есіктер көп сынады. Үйдегі домофон желісі де істемей қала береді, - дейді қала тұрғыны Гүлмира Әлібекқызы.
Ал мемлекеттік органдар домофон қызметіне ақы төлеу не төлемеу азамат пен домофон есігін ұсынушы компания арасындағы келісімшартқа байланысты екендігін айтады. Яғни, келісімшарт бар жерде мемлекеттік органдар араласа алмайды. 
- Көппәтерлі үй тұрғындары мен домофонға қызмет көрсету бойынша ай сайынғы төлемақы төлеу мәселесі тұрғындар мен домофон қызметін көрсетуші компания арасында жасалған шарт негізінде реттеледі, - дейді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев.
Ал Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімі домофондарға қызмет көрсетудің коммуналды қызметке жатпайтындығын айтады. Азамат коммуналды қызметке міндетті түрде ақы төлеуі тиіс, ал қосымша қызметтерге төлеу немесе төлемеу өз еркінде. 
"Домофон қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан арыз-шағым келіп түсті ме?" деген сауалға екі мекеме де ешқандай шағымның келіп түспегенін жеткізді. 
- 2017 жылы және 2018 жылдың ағымдағы кезеңіне дейін департаментке домофон қызметін көрсететін компаниялардың әрекетіне қатысты шағымдар келіп түскен жоқ, - дейді Қайрат Назарұлы.
Өз кезегінде, тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімі қызмет көрсету сапасы ұнамаған компанияны тұрғындардың өздері ауыстыра алатындығын айтады.
- Егер үй тұрғындарына қызмет көрсететін ұйымның қызмет көрсету сапасы ұнамаса, онда олар пәтер иелерінің жалпы отырысында оны ауыстыру туралы мәселе көтеріп, хаттама толтыра алады. Тұтынушының өз қалауы бойынша қызмет көрсету үшін кез келген фирманы таңдауға толық құқығы бар, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Нұржан Жапбаров.
Тұтынушы құқығын қорғаумен айналысатын заңгердің пікіріне жүгінсек, домофон қызметіне ақы төлеу - заңды. Өйткені тұрғындар кіреберіске қоятын есікті ғана сатып алады, ал оның күтіп-ұстау жұмыстарын компанияның өзі жасайтындықтан, оған қаражат керек. 
- Домофон компанияларымен жұмыс істегенмін. Олардың келісімшартын да заңгерлер жасаған. Яғни, есікті сатып алып орнату - тұрғындардың міндеті болса, оны жөндеу, сынған жерлерін ауыстыру, электр қуатына төлемақы төлеу сынды қызмет түрлерін компанияның өзі жасайды, - дейді заңгер Мария Анкудинова.
Одан бөлек, домофон компаниялары төлемақы арқылы жиналған қаржы есіктерді жөндеуге, ауыстыруға, электр қуатын пайдалануға, монтаж жұмысын жасауға, жұмысшылардың жалақысын беруге жұмысалатындығын айтады. Яғни, төленген қаржының кетер жолы мен жұмсалар жағы бар. 
- Күнделікті өмірде тұрғындар телефонға, телеарналар мен интернетке ақы төлейді ғой. Олар да кабельдерін орнатып, құрал-жабдықтарын қосып кетеді. Бірақ оған тұрғындар наразылық танытпайды. Ал домофонға келгенде, бәрі қарсы. Оның да шығындары бар ғой. Домофон қысы-жазы сынады. Есіктердің бөлшектері, керек-жарақтарының барлығы Ресейден алынады, Қазақстанда жоқ. Ал бөлшектер жыл сайын қымбаттап жатыр. Бірақ біз үш жыл бойы төлемақы көтерген жоқпыз. Домофонға ақы төлемейтін тұрғындар көп. Бірақ олар төлемесе де, есіктерін барып жөндеп береміз, - дейді "Visit-Сервис" фирмасының директоры Александр Агафонов.

Следующая →