Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шығыс өңірінде француз тілі оқытылмақ

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесуі кезінде француз тілін оқыту мәселесі талқыланды

Аймақ басшысы Шығыс Қазақстан облысының елде бірінші болып үш тілді оқыту бағдарламасын іске қосқанын алға тартып, бұл жобаның білім саласындағы басты бағыт екендігін атап өтті. 
- Мектеп оқушылары ағылшын тілін Ұлыбританияда жасалған Кембридж әдістемесімен оқиды. Қазақ тілін орыс мектептерінде, орыс тілін қазақ мектептерінде оқытудың жаңа әдістемесін жасақтадық, - деді Даниал Ахметов кездесу барысында.
Ал француз елшісі білім саласында тығыз байланыс орнатуға дайын екенін жеткізіп, аймақ басшысынан француз тілін оқытуға көңіл бөлуін өтінді. Өз кезегінде, Даниал Ахметов те шетелдік әріптесінің ұсынысын қолдап, француз тілін мектеп оқушыларына оқытудың бірлескен бағдарламасын дайындауды ұсынды. 
- Мектепте француз тілін оқытуға дайынбыз. Бізге тек шет тілін оқытудың тиімді әдістемесі мен француз тілін оңтайлы үйрете алатын шетелдік мамандар қажет. Шетелден келген мұғалімдердің еңбекақысын өзіміз төлейміз. Мектептерде француз тілін меңгерген мұғалімдер бар. Оларды Франциядан жетік мамандар шақырып, оқытатын боламыз, - деді аймақ басшысы.
Сөз барысында Даниал Ахметов облыстық білім басқармасына Франция елшісімен байланыс орнатып, бағдарлама жасауды тапсырды. 
- Француз тілін үйренген оқушы Францияның ЖОО-да білім алады. Біздің елшілікке өтініш тастай отырып, Францияда тегін білім алу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін, - деді Филипп мырза.
Одан бөлек, француз елшісі жоғары білім беру саласында да серіктестік орнатуға мүдделі екендігін жеткізіп, адам капиталын дамытудың қандай да бір бағдарламасы қабылданар болса, елшілікті де құлақтандырып отыру керектігін жеткізді. 

Қазір жер шарын ағылшын тілі жаулап алып жатқаны белгілі. Адамзаттың 70 пайызы бүгінде ағылшын тілін біледі. Кезінде бүкіл Африка мен Таяу Шығысты жаулаған француз тілінің әл-ауқаты қазір төмендеп барады. Француз тілінің әлемдік аренада абыройы түскенін қаламайтын француздар оның дамуы үшін бар күшін салуда. Енді, міне, аймақ басшылығы мен француз елшілігі бірігіп, Қазақстанның ең ірі өндіріс ошағы саналатын Шығыс өңірінде француз тілінің дамуына қолғабыс етпек. 
Следующая →