Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қайғылы жағдайдың қайталанбасына кім кепіл?

Сәуірдің 1-інен 2-сіне қараған түні, сағат түнгі екі шамасында Аягөз – Семей бағытындағы жолаушылар автобусы жол бойында түгі қалмай өртеніп кеткен

Осы уақытқа дейін өртену себебі белгісіз еді. Оқиғаның жай-жапсары туралы ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан жауап іздеген едік.

Аягөзден Семейге қатынайтын автобус рейсі техникалық ақауларға байланысты Жарма ауданына келіп тоқтаған. Шығыс Қазақстан Ішкі істер департаментінің мәліметінше, өрт орын алғанға дейін жолаушылар Семейге баратын басқа автобустарға отырғызылған. Жүргізуші автобусты жөндеп, Аягөзге кері қайтып бара жатқанда көліктен өрт шыққан.
- Автобустың ішінен өрт шығып, жүргізуші шұғыл түрде тоқтауға мәжбүр болған. Ал сол маңайға ең жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімі 70 шақырым жерде алыста еді. Өрт сөндірушілер келгенше автобус толығымен жанып кеткен, - деп мәлімдеді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Егер автобус дер кезінде кері шегінбегенде, қанша адамның қаза болмасына кім кепіл болатын еді?!
- Аягөз-Семей бағытында "Аягөз автобус паркі" тасымалдаушысы қызмет көрсетеді. Осы уақытқа дейін өрттің себебі анықталумен келді. Тасымалдаушының ақпараты бойынша, жолаушыларды тасымалдайтын автобустың өртену себебі артқы дөңгелектің атылуынан пайда болған, - дейді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов. 
Белгілі болғандай, өртенген автобус - 30 жылдай қолданыста болған "Setra-215" неміс автобусы. Жалпы еліміздегі автобустардың 68%-ы ескірген, олардың жүруінен тұруы көп екендігі белгілі. Халқы күн санап өсіп келе жатқан қалада жолаушылар саны да артуда. Сол себепті автобустардың жетіспейтіні еш құпия емес. Ал тозығы жеткен мұндай автокөліктерді жолаушылар тасымалына шығару өте қауіпті. 
- Автомобиль көлігі, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларында автобустың пайдалану мерзімі шектелмеген. Көлік құралдарының техникалық жай-күйі үшін жүктелген лауазымды адам жауапты (бас инженер, техникалық бақылау бөлімінің бастығы, өзге де жауапты адамдар), - деп түсіндіреді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов.
Таудың таза ауасын ластап, халыққа қызмет көрсете алмайтын автобустың қажеті қанша? Қала ішіндегі және қалааралық, ауданаралық автобустардың жағдайына тұрғындардың көбі наразы екені жасырын емес. Олар тұтынушы үшін ешқандай ыңғайлылықтың қарастырылмағанын айтады (желдеткіш, алыс жолдарға арналған жататын орындар, тазалық). 
- Тариф республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның шешімімен бағыттың түріне, төлем тәсіліне, сондай-ақ, бағыттың қашықтығына немесе жүріп өткен аялдама пунктерінің санына қарай сараланады. Билет бағасы автобустардың жағдайларына қарай есептелмейді, - дейді Әсет Бейсенұлы.
Ал салықты төлейтін - халық. Жолақыны төлейтін - халық. Жыл сайынғы "халыққа сапалы қызмет көрсету үшін" деп екі желеу, бір сылтаумен жолақысын қымбаттатыны тағы бар. Билеттен түскен қаражаттан еуроэкологиялық талаптарға сай емес, тозығы жеткен көліктерді ауыстыру неге қарастарылмаған?! Былтырғы жылы Энергетика министрлігі утилизациялау бағдарламасына автобустар мен жүк көліктерін қабылдау мәселесін біржақты етеміз деп даурыға мәлімдеген еді. Олардың айтуынша, тозығы жеткен көлікке ақша немесе отандық автомобильді сатып алуға сертификат берілмек.
- Автокөлік кәсіпорындары басшылары қазіргі билет құны өзін-өзі ақтамайды дегенді айтады. Бүгінде жолаушы тасымалдайтын автобустар тозған, оның үстіне жанармай қымбат, сондықтан, олардың да қаржылық жағдайлары мүшкіл болып барады. Ескі автобустардың орнын басатын жаңасы жоқ, кәсіпкерлер амалсыздан ескі автобустарды пайдалануға мәжбүр, - деді 40 жыл жолаушыларды тасымалдаған, "Май" АҚ автобус жүргізуші, Өскемен қаласының тұрғыны Бауржан Қабдуалиев.
Сақтансаң сақтармын деген, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Самар-Шымкент тасжолында 52 адамды өмірден алып кеткен осындай ескі автобус емес пе? Орын алған қайғылы жағдайдың тағы қайталанбасына кім кепіл?!
Следующая →