Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Банктің заңсыз алған комиссиясын қайтарып алуға болады ма?

Елдің Әділет министрлігі Қазақстандағы банктердің азаматтарға несие беріп, қызмет жасағаны үшін алатын комиссияға немесе төлемақыға тыйым салуды ойлап отыр

Мұндай мәлімдемені ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәжіліс отырысында оқыған баяндамасында хабарлаған.

- Банктердің несие беру мен оған қызмет ету үшін комиссия алуына тыйым салу қажет. Өйткені несиені рәсімдеу - банктің жеке міндеті мен қызметі, - деп атап өткен болатын министр.

Соған орай, банк алып жүрген комиссиялардың (төлемақының) қай түрі заңсыз екендігін анықтап көру мақсатында заңгерге жүгінген болатынбыз. Сөйтсек, "ауадан ақша жасауды" жақсы көретін банктердің әрбір тырнақ қимылы комиссияға толып кеткен. Өскемендік заңгер Николай Галяпиннің айтуынша, банк қойған комиссиялық ақылардың кейбірі заңды болса, ал кейбірі мүлдем заңсыз. Атап айтқанда, банктің келесідей алты түрлі комиссияны тұтынушы мойынына артып қоюға мүлдем құқығы жоқ.

- 2016 жылы мамырда Қазақстанның Ұлттық банкі несие мен займ беру әрі оған қызмет көрсетуге алынатын төлемдер мен комиссиялардың тізімін жариялады. Мұнда нақты алты қызмет түрі үшін артық комиссия алмау жөнінде көрсетілген. Біріншіден, банк несиені уақытынан ерте өтегені үшін клиентінен комиссия алмауы тиіс. Өйткені тұрғын несиені толықтай төлегісі келген екен, ол - оның Азаматтық кодексте белгіленген құқығы. Ал банктердің көбі несиені ерте өтегің келген екен, онда комиссия төле деп шімірікпей тұрып алады. Екіншіден, несиені алуға келген азаматтың өтінішін жай ғана қарағаны үшін де банк комиссия алып жатады. Яғни, азамат әлі несие алған жоқ, бірақ қайдан шыққаны белгісіз, ақы төлейтін болып шыға келеді. Бұл да заңды емес. Үшіншіден, займды ұйымдастырғаны үшін комиссия алуға болмайды. Өйткені банктің негізгі қызметі - ол ұйымдастыру. Яғни, бір азаматтың депозитке құйған қаржысын өзге бір азаматқа пайызбен бере отырып, табыс табады. Сондықтан несие ұйымдастырғаны үшін төлемақы алу деген ақылға сыймайды. Төртіншіден, несие мен займды бергені үшін төлемақы алынбауы тиіс. Себебі несиені беру, оны есептеу, құжаттарды жасау - мұның барлығы банктің міндеті. Бұндай қызмет азаматқа ешқандай пайда әкелмейді. Бесіншіден, клиенттің банкте берешегінің бар не жоғын растайтын анықтаманы беру үшін де комиссия алынбауы керек. Өйткені клиент банктен ай сайын мұндай анықтаманы тегін алып отыруға құқылы. Алтыншыдан, банк несие төлеушіге қызмет көрсеткені үшін ай сайын комиссия алып отыруға қақысы жоқ. Яғни, азаматтан ай сайын несиені төлегені үшін тағы да үстемеақы ұстап отырады. Бұл дұрыс емес. Несиенің төлемақысын қабылдап отыру да банктің жеке міндеті, - дейді Николай Галяпин.

Заңгердің айтуынша, банктердің заңсыз комиссия ұстайтындығы кейінгі жылдары ғана белгілі бола бастаған. Өйткені Қазақстанда банк жүйесінің енгеніне небары жиырма бес жыл ғана болды. Халық банк алдындағы өзінің тұтынушылық құқығын білмейді, оны қорғай алмайды. Адамдардың басым бөлігі банк олардан артық қаржы ұстап отырғанын білмейді.

- Бірақ соңғы екі жылда банк талап еткен комиссиялардың заңға қайшы екендігін айтып, арызданған тұрғындар көбейе бастады. Банктердің жалған төлемақылар алатындығына наразы болған Алматы мен Астана қаласының азаматтары сотқа келіп талап-арыз беруді көбейткен. Әсіресе, батыс өңірінде - Атырау мен Ақтөбе қаласының тұрғындары белсенділік танытып, банктерді сотқа бере бастады. Елдің басты соты да тұрғындар тарапынан талап пен арыз көбейгендіктен, 2017 жылы барлық судьяларға ақпарат таратып, жоғарыда аталған алты комиссия (төлемақы) бойынша сот істері қарастырылу қажеттігін ескертті. Ал биылдан бастап банктердің бұл заңсыздығы мемлекеттік деңгейде қарала бастауы тұрғындар арасында үлкен дүрлікпе пайда болды дегенді білдіреді, - дейді заңгер.

Маман кейбір комиссиялардың мүлдем ақылға сыймайтындығын айтып күйініш білдірді. Мәселен, бір миллион теңге несие алған кейбір азаматтардың заңсыз комиссиясы 300-400 мың теңгеге дейін жетеді. Яғни, алған қарыздың 3/1 бөлігі заңсыз ойлап табылған "қызметтің" қалтасын жабуға кетеді. Одан бөлек, азаматтың өзінің төлейтін пайызы, қарызы бар.

Ал мұндай жағдайда тұрғындарға не істеу керек? Ең алдымен, келісімшарт пен несиені өтеу графигіне қарап "қарызға қызмет көрсеткені үшін ұсталатын ай сайынғы комиссия сомасы" деген сияқты (соған ұқсас) күмәнді төлемдердің бар не жоғына назар аудару керек. Одан да өзге күдікті жайттар туа қалса, онда заңгерге барып жолығып, кеңес алғаны дұрыс.

- Сотқа барып та арыздануға болады. Ол үшін банкке барып, одан келісім жасалғаны жөнінде анықтаманы, қолындағы келісімшартты алып, сотқа арыз жазуы қажет. Банктің өзіне де барып арыздануға болады. Алайда банк мұндай талапқа көңіл аудара қоймайды. Ең дұрысы, заңгерге келіп кеңес сұрап, сотқа арызданғаны жөн. Сот процесі екі айға дейін ғана созылады. Ең бастысы, азамат қорықпауы тиіс. Өйткені бұл - оның тұтынушылық құқығы. Ал біздің тұрғындар банкпен "байланыссам" жағдайым қиындайды" деп ойлайды. Ол дұрыс емес, - деп кеңес берді Николай Галяпин.

Облыста банктен заңсыз алынған комиссия қаржысын қайтарып алған азаматтар болған. Мәселен, Өскемен қаласының тұрғыны 2,4 млн теңгеге көлік алып, ай сайын 4 188 теңге комиссия төлеп отырған. Тұрғын сотқа арызданып, банктен 100 мың теңгесін қайтарып алған.

Следующая →