Аналар - асыл жандар!
Облыстық «Алдаспан» газеті ең аялы да аяулы арулар мерекесі - 8 наурызға орай «Анаңызға қуаныш сыйлаңыз» атты сурет байқауын жариялаған болатын
Басылым оқырмандары әжесі немесе анасымен түскен фотосуретін Instagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшаларына #алдаспан_8наурыз хэштегімен жариялап, байқау шарттарын орындаған болатын.
Ал жеңімпаз 5 наурыз күні сағат 12.00-де Instagram желісіндегі aldaspan_gazeti-нің тікелей эфирінде "Рандом" бағдарламасы арқылы кездейсоқ анықталды. Нұрәділ Базарбек есімді қатысушы жеңімпаз атанды.
Жеңімпазға гүл шоғына арналған сертификат сыйлыққа табысталды.
Облыстық «Алдаспан» басылымының ұжымы барлық аяулы аруларды көктемнің алғашқы мерекесімен шын жүректен құттықтайды!