Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тегін жер телімін қалай алуға болады?

Тұрғындарға үй салу үшін тегін 10 сотық жер беріледі. Бірақ ол үшін жеке тұрғын үй салу, яғни, үкіметтің жер үй салып беретін арнайы бағдарламасына қатысу қажет

Алдыңғы жылдары жер мәселесі жағадан алып ушыққан кезде үкімет тегін жер беру туралы айтқан болатын. Алайда оның кімге және қалай берілетіндігі түсіндірілмеген еді. Ендігі кезекте билік өкілдері тұрғындарға "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы жер үй салып беруді қолға алып, үй салуға керек жерді тегін бере бастады. Бірақ бұл бастаманың да қыр-сыры көп. Біріншіден, тегін жер үкіметтік бағдарламаға қатысушыларға ғана беріледі. Екіншіден, кезекте тұрған азамат жер үй салу үшін қаржы төлеуі не Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне салымшы болуы қажет.

Мұндай жер телімдері су мен жарық тартылған аудандардан беріледі.

- Бұл бағдарламаның негізінде республика бойынша жыл сайын 40 мыңнан астам жер учаскесіне су мен электр жарығын тартуға қаржы бөлініп отырады. Ал жылу мен газ тартуға, кәріз бен жол салуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. ҚР Жер Кодексінің 50-бабына сәйкес, 0,1 га (10 сотық) жер телімі игерілгеннен кейін азаматқа тегін беріледі. Егер берілген жер телімі 10 сотықтан асып кетсе, онда тұрғынға ол жерді сатып алуға тура келеді, - дейді ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова.

Жер қатынастары басқармасының ақпараттары бойынша, жер учаскесін алу үшін Өскемен қаласында 3800 адам, Семейде 24178 адам кезекте тұр. Ал оның ішінде Өскемен қаласында 3145 адам жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін кезек алған.

- Жеке тұрғын үй құрылысын салуға Өскеменнің 8 ауданынан жер беріледі. Оған 20-шы, 21-ші, 22-ші, 25-ші, 27-ші, 28-ші тұрғын аудан және Ахмер ауылы мен Самсоновка кенті жатады. Ал Семей қаласында 10 ауданнан жер беріледі. Олар - Ақсай, Ұшақтар, Комсомол, Холодный ключ, Бобровка, Жарқын, Жібек жолы, Аққайың, Малай Ақтөбе, Степной кенттері мен аудандары, - дейді ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Фархад Шорабай.

Әзірше, Өскеменде тек бір-ақ аудан ғана аталған бағдарлама бойынша жер үй салуға дайын. Ол - "Нұрлы көш" немесе Шығыс ауылына тиесілі 28-ші тұрғын аудан. Дегенмен, жоғарыда аталған аудандардың жер теліміне жоспар жасалған, ал 22-ші тұрғын ауданның бекітілген құрылыс салу эскизі бар. Қазіргі уақытта су мен жарық тарту жұмыстары шешілу үстінде.

Ал Семей қаласының Ақсай ауданында жеке тұрғын үй бағдарламасы бойынша жер үйлер салына бастады. Бұл үйлер бір сәулет стилімен салынады. Яғни, жаңадан салынатын әрбір ауданның өзіне тән үйлері болады. Ал үй енді салына бастаған кезде үй иесі бөлмелердің саны мен орналасуын, құрылыс барысында қолданылатын материалдардың сапасын таңдап ала алады.

Жер үйлер 80 шаршы метр, 100 шаршы метр не 130 шаршы метр етіп салынады. Бұл бағдарламаға қатысушы аталған шаршы метрлердің бірін таңдай отырып, оған үй салуға рұқсатын береді.

- Ал тұрғын үйдің бір шаршы метрі 120 мың теңгеден аспауы тиіс, - дейді Фархад Шорабай.

ШҚО облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Семейдегі Ақсай ықшам ауданы "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде жеке тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша салынуда.

- Бұл ауданнан үй салу үшін азамат "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшысы және дипозитінде 2 млн теңге шамасында жинағы болуы міндетті. Яғни, салымшының есепшотында тұрғын үй құнының 30%-ын құрайтын алғашқы жарна болуы керек. Бір шаршы метрінің құны - 120 мың теңге, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақсай ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жер үй салу үшін 1700 жер телімі бөлінген екен. Алайда 1200-і ғана тұрғындарға беріліп, қалған 500 жер телімі бос тұр. Ал Ақсай ауданы электр жүйесіне қосылып, су желісі жүргізілген. Қазіргі уақытта ауданға газ тарту жұмыстары жасалуда. Алдағы уақытта ықшам ауданда 1200 балаға арналған мектеп пен 320 орынға арналған балабақша салынбақ.

Ал Өскемен қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері болғанымен, жеке жер учаскілері беріліп жатқан жоқ. Есепке қабылдау тоқтатылған. Өйткені жер телімдері 2015 жылдан бері су мен жарық тартылған ықшам аудандардан ғана беріледі. Кезекте тұрған үш мыңнан артық адамға қазіргі уақытта қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандары үкіметтік бағдарламаға қатысып, жер үй салдыру туралы хабарламаларды таратып жатыр. Ал өтінім беруге келген азаматтарға "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" барып есепшот ашуға кеңес берілуде. Дегенмен, банктің де өзіне тән шарттары бар. Ал несие 5 пайызбен беріледі.

Следующая →