Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тұрмыстық зомбылық - қоғам кеселі

Қоғам өмірінің ең озбыр тұсы - жанұялық зорлық-зомбылық. Заң құрығы бір шалып, бір шалмайтын бұл қылмыстың жөнді статистикасы да жоқ

Ішкі істер органдарында тек бірегей жағдайлар мен нақты оқиғалар ғана тіркелген. Бұл тек біздің елімізде емес, тіпті, дамыған елдерде де қалыптасқан үрдіс.

Жанұялық зорлық-зомбылық қоғам өмірінде төрт формасымен айшықталады. Физикалық, яғни, ұрып соғу, психологиялық, сексуалды және экономикалық зорлық түрлері кездеседі. Бұл төртеуінің қайсысын мысалға алсақ та - қылмыс. Бірақ астарын ашу әлдеқайда қиынға соғатын қылмыс. Әрбір әлеумет өзінше күресуге тырысады. Бізде мұндай озбырлықты ШҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бақылайды.

- Жергілікті полиция қызметі отбасылық-тұрмыстық қатынастар жағдайында жасалатын қылмыстардың мониторингін жүргізеді, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Әрбір жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша қызметтік тексерулер барысын бақылай отырып, мұндай жағдайларды үш түрге бөлуге болады. Олар ұзақ мерзімге созылған тұрмыстық жанжалдар, отбасы ішіндегі қызғану салдарынан болған жанжалдар, бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде аяқастынан туындайтын жанжал. Бұл жерде қылмыс пен құқықбұзушылық фактілерінің аражігін ажыратып қарау керек. Егер нақты қылмысқа тоқталатын болсақ, 2017 жылдың 12 айында Шығыс Қазақстан облысы аумағында тұрмыстық қатынастар аясында 43 (ред. 2016 жылы - 61), оның ішінде әйелдерге қатысты 20 қылмыс жасалған. Байқағанымыздай, мұндай қылмыс түрі жыл сайын азайып келеді.

Қылмыстың орайына тоқталсақ, басым бөлігі әйел затына қатысты. "Қатынды бастан, баланы жастан" деген аталы сөзді қате түсініп, жарың мен балаңды ұрып-соғып тәртіпке келтіру керек деп ұғатындар бар.

- Көп жағдайда тұрмыстық-зорлық зомбылық психологиялық тұрғыда сипатталады, - дейді тәжірибелі медиатор Оксана Анатольевна. - Барлығы ұрсыстан басталып, тек осыдан кейін қол көтерушілікке ұласады. Бұл жерде нақты бір ер немесе әйел адамды кінәлау қиын. Иә, кейде әйел адамның тілі "ащы" келеді. Кейде ер адам бала күнінде зорлық-зомбылықты көрген болуы мүмкін. Сол сияқты адамдар бір-бірін жай ғана "естімей" жатады. Әркім өз шындығына сүйеніп, орталарында дуал пайда болады. Біз мұндайда олардың өзара түсіністігіне жол ашуға тырысамыз.

Тұрмыстық зорлықтың психологиялық аспектісі қаралды, ал экономикалық және ұлттық болмысы туралы кезекті медиатордың пікірі мен ұсынысы ерекшеленеді.

- Жанұялық зорлық-зомбылықты жоққа шығаруға болмайды. Біздің қоғамда бұл жайттар алкогольді ішімдікке басыбайлылықпен сипатталады. Ал қатардағы жайтты он фактінің бірінен деп есептеуге болады, - дейді медиатор Елизавета Абдрахманова. - Екіншіден, зорлық-зомбылыққа ата тәрбиемізге байланысты жол беріліп жатады. Әсіресе, қыз балаларға "ішіңдегіні сыртқа шығарма, ұят болады", "үйге келіп үйдей дауыңды айтпа" деген сөздер айтылады. Ал қаланың қыздары әлдеқайда ақпараттандырылған, белгілі бір жағдай орын алса қайда барарын біледі.

Медиатордың пікірінше, бұл сұрақтардың шешімін табу үшін қыздарымыз бен ұлдарымызды о бастан тәрбиелеу керек. Қазіргі таңда қыздар жігіттердің қалтасына, жағдайына қарайтын әдет тапқан. Бірақ жігіттің мінезін, тәрбиесін көрмейді. Ол "қыз балаға қол көтере ме, ата-анасына қарай ма?" деген тәрбие сұрақтарына мән берсе жақсы. Ал мұндай түсінікті қалыптастыру үшін осы сұрақты көтеретін арнайы орындар болса игі. Әрине, қазіргі таңда жәбірленушілерге арналған дағдарыс орталықтары бар. Орталықтағы жәбір көрушілердің басым бөлігі әйелдер.

- Көмекке жүгінген әйелдерге қол ұшын созуға келгенде жәбірлеуші, агрессорлар тұрған жерінде өзгереді, - дейді "Ана үйі" кризистік орталығының үйлестірушісі Наиля Онгарбаева. - Ұрып-соғу барысында ер адам әйелдің қамқоры жоқтығына сенімді болады. Ал сүйеніші барын көргенде бірден қылығын өзгертеді. Осы сәтте әйел заты өзінің талаптарын қояды. Ер адам жұмыс істемей, ащы суға тойып жатып алса, артынан жұмысқа орналасып, өз-өзімен жұмыс істейді. Ал әйел заты мұндайда кешіріммен қарап, жанұясының дін-амандығын ойлайды. Иә, шектен тыс кетіп жататын жағдайлар жоқ емес. Қазір біздің орталықта төрт айлық баласымен отырған әйел бар. Оның күйеуі мас күйінде баласын көпқабатты үйдің жетінші қабатынан "салбыратып" ұстап тұрған. Мұндай қылықты кім кешіреді? Иә, қаланың қызы мұндайды көрсе бізге хабарласады. Ал ауылды жердегі қыз-келіншектер қайда барады?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша мемлекет тарапынан бірқатар көмек ұсынылады. Атап айтқанда, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстауды жүргізу, негіздер болмаған кезде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабымен көзделген тәртіппен қамауға алынады.

Айта кету керек, 2017 жылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабында көзделген отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасаған құқыққа қарсы әрекеттері үшін 4767 азамат жауапқа тартылған 623 құқықбұзушының тәртібіне сотпен ерекше талаптар орнатылды. Оның ішінде 423 құқықбұзушыға ішімдік ішуге тыйым салынған. 9549 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған.

Следующая →