Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көмірдің көкесі кім?

Жыл басы "көмір тапшы" деген дүрбелеңмен басталды. Әлеуметтік желіде халықтың көмірге кезекке тұрып, қаумалағаны түсірілген бейнежазбада да жоқ нәрсені бардай көрсеткен. Шынымен біздің өңірде көмір тапшы ма?

Билік өкілдері елімізде көмір тапшылығының жоқтығын бір емес, бірнеше мәрте айтқан болатын. Бұл ретте біз Өскемен қалалық әкімдігіне сауал жолдадық.

- Күзгі-қысқы кезең басталғанға дейін энергия көздеріне қажетті отын қорын жинауға бағытталған жұмысты 2017 жылдың аяғында бастап кеттік, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев. - Яғни, көмірмен жабдықтаушы "Қаражыра ЛТД" ЖШС және "Майкубен-Вест" ЖШС ұйымдарымен 2018 жылға арналған көмір жеткізу туралы шарт жасастық. Шарт бойынша, 2017-2018 жылдың жылыту кезеңіне арналған көмірді "Өскемен ЖЭО" ЖШС 1 шілдеден, ал "Согра ЖЭО" ЖШС 1 маусымнан бастап тасымалдай бастады.

Аталған компаниялар көпқабатты үйлерді жылумен қамтамасыз етеді. Бұл түсінікті. Бірақ көмірдің жоқтығын көріп отырған жер үй тұрғындары. Яғни, тапшылық коммерциялық сатып алу ісінде байқалады. Қала әкімінің орынбасары бұл сұрақтың да жауабын берді.

- Ағымдағы жылы "ВЭУС" ЖШС (ред. Базовая бекеті) және "Қаражыра ЛТД" ЖШС арасында коммерциялық сатып алуға арналған 248 500 тонна мөлшерінде көмірді жеткізуге шарт жасады, - дейді Ержан Смағұлұлы. - Бүгінгі жағдайға келсек, сатып алуға арналған 248 500 тонна көмірдің 18 600 тоннасы сатылған. Қазір көмірдің бір тоннасы 8050 теңгеден. Қала бойынша көмір тапшылығы жоқ.

Көмір тапшылығы жоқ делік. Бірақ "жел соқпаса, шөптің басы қимылдамас" та еді. "Тапшылықтың" шындығына көз жеткізу үшін көмір сатылатын бекеттердің біріне барып, істің мән-жайын анықтап көрген едік. Жүк көліктерінің кезегі шынымен бар. Жүк көліктерінің жүргізушілері мәселенің төркінін өзге тұстардан көреді.

- Қазір көмір екі тоннадан берілуде, - дейді есімін жарияламауды сұраған жүргізушілердің бірі. - Ал ел-жұрт бізден төрт тоннаға дейін сұрап жатады. Яғни, бұл жеткіліксіз. Таңертең бұл жерге келсеңіз отын сұрап келген қаптаған халықты көресіздер. Түске дейін жүргізушілерден тапсырыс алып кетеді. Иә, екі тоннаға адамдар амалсыз қанағаттанады. Бірақ бұл екі тоннаны алу үшін біз кезекпен уақытымызды ысырап етеміз. Қалада орналасқан екі көмір алатын орынға бүкіл қаладан, тіпті, аудандардан да адамдар келеді. Былтыр «Майкубенге» алты вагон көмір келді, бірақ көп ұзамай ол бекет жабылып қалды. Бізде бәсекелестікке жол берілмейді. Бұған қарамастан, қаламызда жеті-сегіз көмір алатын орын болса, барлығына екі тонна да жетер еді. Өйткені халық көмірді көп күтпей алатын болады.

Бұл ретте көмірдің жеткілікті екеніне көз жеткіземіз. Бұған дәлел ретінде көмірдің бір мөшегін 1000-1200 теңгенден сатып жүрген "кәсіпкерлерді" айтуға болады. Халыққа жетпеген көмірді бұл адамдар қалай алады? Алдын ала тапсырыс береді.

Сонда не жетпейді? Көмір сатуды жүзеге асыратын орындар жеткіліксіз. Яғни, халықтың сұранысы тым баяу қанағаттандырылатындықтан, көмір жеткіліксіз көрінеді. Ал мөшектеп көмір сатқан "кәсіпкерлер" майшелпекке кенеліп жатыр.

Следующая →
Тақырыптар: Көмір ШҚО Баға