Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Жалғыз басты ананың жан-жарасы

Өмірдің өзі сынақ. Біреулерді өмір бақ-береке беріп сынаса, енді бірінің тағдырына қиындықты жолықтырып сынайды. Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, аяққа әлі тұра алмай жүрген жандарда ортамызда көп

2014 жылы 31 жасар Кенжегүлдің өмірі бір мезетте өзгереді. Кенжегүлдің өзі жесір, 4 баласы әкесіз жетім қалады. Асқар таулары әкелерінен айырылуы оларды тек асыраушысы, қорғаушысынан ғана емес, баспанадан да айырады.

- Жағдайымыз жақсы, ел қатарлы өмір сүрдік. Бірақ Алланың жазғаны болар, жолдасым үйден шығып кеткеннен қайтып келмеді. Ал біз оның көзі тірісінде несие алып өз үйіміздің құрылысын бастап, аяқтауға жақын қалған едік. Өлімінің алдында жолдасым үйді өзінің әкесіне, менің қайын атамның атына жазады. Кейін жолдасымның қырқынан кейін біз ол үйден кетуге мәжбүр болдық. Сол кезде кенже баламыз жасқа да толмаған еді, - деп ағынан жарылды Кенжегүл.

Асыраушысынан айырылған Кенжегүл бүгінгі таңда мемлекеттен бөлініп отырған жәрдемақыға күн көріп отыр. Төрт баласы үшін алатын жәрдемақысының мөлшері 52 мың теңгені құрайды. Оның 25 мың теңгесі қаланың шетіндегі ең арзан саяжай үйді жалдауға жұмсалса, қалған 27 мың теңге 5 адамның күнкөрісіне жұмсалады.

- Қазіргі уақытта тек жәрдемақыға ғана өмір сүріп отырмыз. Балаларды үйде тастап жұмысқа шыға алмаймын. Кішкентай қазір екі жаста. Оны балабақшаға берудің өзі қаражатты қажет етеді. Жеңілдікпен есептегенде маған оны балабақшаға беру үшін 9 мың теңге қажет, - дейді Кенжегүл.

Кенжегүлдің де туған-туыстары жоқ емес. Анасы мен ағасы ауылда тұрып жатыр. Алайда олардың қасына барып тұру Кенжегүлдің жағдайын қиындатпаса, жақсартпайтын болып тұр.

- Анам мен ағам ауылда тұрады. Ағам эпилепсия ауруымен ауырады. Сондықтан мен балаларым үшін қорқамын. Сонымен қатар біз ауылға көшетін болсақ, мен 5 адамды емес 7 адамды асырауым керек, - дейді төрт баланың анасы.

Биыл төрт баланың үшеуі мектеп табалдырығын аттамақ. Күнделікті күн көрістен бөлек, оларға қажетті құрал-жабдықтар, мектепке киетін киім-кешекке де қаражат қажет.

- Күздің алғашқы айларына қажетті киім-кешектерін алдым. Бірақ суық түскенде киетін киімдері әлі жоқ. Балалар тез өскендіктен киімдері бір жылдан кейін жарамай қалады, - деп жас ана көзіне жас алды.

Бар табысты Кенжегүл тек балаларына жұмсап, өзінің қамын мүлдем ойлаудан да қалды.

Кенжегүлдің ауыр халы жайлы қалалық прокуратура мамандары естіп, «Мектепке жол» акциясы аясында кішкентай қызға мектепке арналған сөмке, қажетті оқу-құралдары және мектеп формасын сатып алуға қажетті қаражат сыйға берілді. Алайда Кенжегүл ханым әлі де көмекке мұқтаж. Қол ұшын созамын деген қайырымды жандар болса, газетіміздің редакциясына хабарласа алады.

Следующая →
Тақырыптар: Прокуратура