Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Виртуалды әлем: үрдіс пе құлдырау ма?

Компьютерлерге арналған ойындардың шығуы қоғамның, әсіресе жастардың үлкен қызығушылығын тудырды. 90-шы жылдары балаларын үйге кіргізе алмаған ата-аналар, ендігі үйден шығара алмайтын халге жетті

Жаңа ғасыр, көптеген жаңалықтарға толы. Компьютер, ұялы телефон және өзге де жаңа технологиялар. Оңтүстік Калифорния Университетінің ғалымы Мартин Гильберт: «1986 жылы біз бір күнде 40 басылымға сыйып кететін ақпарат алдық, 2007 жылы 174 газетке сиятын ақпаратын аламыз», - дейді. Мұның барлығы технологиялардың арқасы екені айтпаса да түсінікті.

Компьютерлерге арналған ойындардың шығуы қоғамның, әсіресе жастардың үлкен қызығушылығын тудырды. 90-шы жылдары балаларын үйге кіргізе алмаған ата-аналар, ендігі үйден шығара алмайтын халге жетті. Мұндай ойындардың кең таралуына компьютерлік клуб бизнесінің «отқа май құйғандай» әсер еткені белгілі. Бұл клубтарды ювеналды полиция қызметкерлері қадағалайтын халге де жеткен.

- Өскемен қаласында 37 клуб жұмыс істейді. Заң бойынша компьютерлік ойындарға қандай да бір шектеу қарастырылмаған, - дейді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Дегенмен, жасөспірімдер компьютерлік клубтарда тек сағат 22.00-ге дейін ойнауға тиіс. Ағымдағы жылдың басынан бері компьютерлік клубтарда ойынға тәуелділікпен байланысты қылмыстар тіркелмеген. Тек, балалардың заттарын, киімін, қалта телефонын ұрлап кеткен қылмыстар орын алған. Бүгінгі таңда олардың көбі ашылған.

Тақырыпты зерттеу аясында компьютерлік клубтардың біріне барып көрдік. Әкімшілік қызметкерлері ашық әңгімеге көнбесе де, ойын ойнаудан жарыстар өтіп тұратынын жасырмады. Сондықтан, бірден ойын тұтынушыларымен сұхбаттасуды жөн көрдік. Аты-жөндерін атамаса да, ойын ойнауда қолданатын жасырын аттарымен сөйлесуге келісті.

- Қазір 3 ойын: Dota 2, cs:go (counter strike global offensive), lol(league of legend) әлем біріншілігінде тұр. Мен Dota 2 ойынынан жарыстарға қатысып келемін. Алматы қаласында аталмыш ойын түрінен іріктеу жарысына бір топта бес баладан қатысып екінші орынға ие болдық. Бірінші орынды ұтқандар 175 мың, екінші орынға 80 мың және үшінші орынға 50 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етілді. Бірінші орын алғандар Астанада өткен іріктеуге кетті, онда ұтқандар Вашингтон штатындағы Сиэтл қаласында өткен Халықаралық «Интернешнал» жарысына аттанды. Онда жеңгендер 9 миллион АҚШ долларын ұтады, - дейді «Саеко Бусудзима» атты ойыншы.

Ата-аналар басында балаларының ойын ойнауына қарсы болып жатады. Бұл түсінікті әрине, бір-екі аптаға компьютерлік клубқа жоғалып кететіндер бар. Оларды, іздестіру шараларымен тауып жатқан оқиғалар да аз емес.

- Ойынның өзі жеке әлем сияқты. Мұнда, өз сауда алаңы бар. Тек барлығы виртуалды әлемде. Мысалы, өткенде ғана ойындағы бас кейіпкердің «Курьер» атты көмекшісін 38 мың АҚШ долларына сатылып кетті. Оны қолма-қол ақшаға да, виртуалды әлемде жинаған қаражатыңа да сатып

аласың. Жалпы, компьютерде отырып ақша таба бересің. Жеке басым 75 мың теңгеге дейін қаражат алып отырған кездерім болған, - дейді Саеко Бусудзима. - Ойын ойнап күн көретіндер де жоқ емес. Мысалы, Араб елдерінде «Симаел» атты 17 жасар ойыншы өз ата-анасын ойын ойнап тақыр кедейліктен алып шықты.

Тәуелділік дегеніміз адамның шынайы өмірден ажырап кетуі. Ол басқа әлемде өзіне керекті нәрселерді алатын болса, ойын әлеміне кіріп кетеді.

- Ойын тәуелділігімен маған алты адам келді. Бір қызығы жас аралықтары әртүрлі. Ең жасы 24 жаста болса, ең ересегі 45 жаста. Тым жас балалар келіп көрмепті. Жалпы ата-аналарға айтарым, балаларға тыйым салуға болмайды. Тек, оларға қажетті уақытты бөліп отыру керек. Ең жақсы шешім, оларды спортқа және өнерге бұра білген дұрыс, - дейді «Gestalt.R» психологиялық орталғының директоры Маргарита Юденко.

«Ауру қалса да, әдет қалмайды» дейді атам қазақ. Негізі әдет пен тәуелділік сөздерінің туыстық белгілері байқалатыны анық. Біздің анықтауымыз бойынша, құлдырауға алып келген ойынға тәуелділік болса өзіңізді және туысқандарыңызды сақтаңыз. Ал, ойынға икеміңіз болса, мүмкін миллионер болатын шығарсыз?

Айдос Мырзахметов
Следующая →