Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

«Нұрлы жер» тұрғын-үй мәселесін шеше ме?

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке әзірлеуді тапсырған «Нұрлы жер» бірыңғай бағдарламасы кімге тиімді?

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында алдағы екі жылда 100 мыңнан астам жер телімі елге таратылады. Ол учаскелерге жеке үй салуға болады. Яғни, жол төселіп, жарық, жылу тартылады.

- Біз адамдарға тұрғын үй құрылысына 10 сотық жер береміз деп айттық. Енді халық талап етуде, 10 сотық жерді беріңдер. Бізде дала жетеді ғой. Сонымен далаға барып, құрылыс бастайсыздар, ал одан не шығады? Ол жақта жол, жарық, су, жылу жоқ. Бұлай беруге болмайды. Егер беретін болсақ, коммуникациясын, жерді дайындап алу қажет. Тұрғын үй құрылысы барысында жеке баспана салушылардың шығындарын төмендете отырып, инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымын дайындап алуға ресурстарды шоғырландыру керек. Біз тұрғын үй құрылысының 30 пайыз шығынын өзімізге аламыз, рахметтерін айтсын. Бұл бюджеттен қаржыландыру үлесін қысқарта отырып мол жеке инвестицияны тартуға септігін тигізеді және адам өз үйіне ие болады, - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Бағдарлама қалай жүзеге асады?

Үкіметте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын нақты үш бағытта іске асыру жоспарланған. Біріншіден, ипотека арқылы жаңа баспананы сатып алу шараларына басымдық беріледі. Екіншіден, тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғаса береді. Осының аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін аймақтық тұрғын үй қорларын құру жоспарланып отыр. Үшіншіден, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға баса назар аударылады. Бағдарлама аясында осы уақытқа дейін берілген жер учаскелеріне де инженерлік желілер тартылады7

- «Нұрлы жер» инфроқұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында хаб қағидатында тиімді инфроқұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыруды көздейді, - деді ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова.

Qazaquni.kz ақпараттық порталы «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық үш бағыты бойынша инфрақұрылымды барынша дамыту жоспарланып отырғанын хабарлады. Яғни, 2015-2016 жылдары бұл бағытта 151,8 млрд. теңге бөлінсе, 2016-2017 жылдары 101 мың гектарға жуық жаңа жер учаскелерінің инженерлік инфрақұрылымы дайын болмақ. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін берілген 57,4 га жер учаскелеріне

инженерлік желілер тартылады. Осының нәтижесінде қосымша 43,5 мың жаңа учаскесін дайындауға мүмкіндік бар. 2017 жылы инженерлік инфрақұрылымды дамыту шараларына тағы 84 млрд. теңге жұмсалмақ.

Алайда бұл бағдарламаның өзі әлі құрастырылу және талқылау үстінде. Сондықтан бағдарламаға қатысты әлі талай өзгерістер орын алуы мүмкін.

Облысымызда «Нұрлы жерге» берілетін жер бар ма?

2016 жылдың 15 қыркүйегінде жүргізілген есептеулер бойынша Шығыс Қазақстан облысында жер учаскесін алуға 27 103 азамат өтініш берген екен. Олардың і 23 391 адам Семей қаласында, 3 065 адам Өскемен қаласында үй салуға ниет білдіріп, кезекке тұрған.

- Өскемен қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскілері қарастырылған. Бірақ олар инженерлік-коммуникациялық инфраструктурамен қамтасыз етілмеген. Сондықан Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 44-бабының 5-3 - тармағына сәйкес берілмейді, - деп түсіндірді Виктория Александровна.

Ал негізінде тұрғын үй құрылысы үшін 20 шағын ауданында 174 га, 21 шағын ауданында 340 га, Ахмирова ауылының аумағында 109 га, 27 шағын ауданында 160 га, 25 шағын ауданында 162 га жер телімдері қарастырылған екен.

Ақерке Ақылбекқызы

Следующая →