Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Әсемдіктің бір сыры – бағалы бұйымдар, - дейді қолөнерші Гүлназ Темірханова

Қыз-келіншектердің қоржынынан бағалы тастар мен әшекей бұйымдардың әрқашан табылатыны анық

«Қыздың көзі қызылда» демекші, кез келген қыз жастайынан әшекей бұйымдарға қызығып өседі. Байырғы заманнан қазақ қыздарының құлақтарына сырға, мойындарына алқа, шаштарына шолпы, қолдарына жүзік, білезік тағатын. Қазіргі кезде қыздың сұлулығын ерекшелейтін бұл әшекей бұйымдардың таңдау аясы кеңейіп отыр. Яғни, бағалы тастардан ғана емес, көздің жауын алар тас-моншақтардың қолданысымен жасалады. Бүгінгі таңда қолдан жасалатын әшекей бұйымдарға сұраныс артып отыр. Облысымызда мұндай әшекей бұйымдарды жасаумен айналысып, өңіріміздің ғана емес, еліміз бойынша қыздардың сұлулыққа деген сұраныстарын қанағаттандырып жүрген әшекей бұйымдардың шебері Гүлназ Темірханова.

Әшекей бұйымдарды әзірлеумен әуестенген Гүлназ Бақытжанқызының бұл саладағы еңбек тәжірибесіне бір жыл ғана болды. Бірақ оның қолынан шыққан бұйымдары аз уақыт ішінде бүкіл қазақстандық қыздардың көңілінен шығып, сұраныстарын арттыруда.

Шебердің туындылары / "Алдаспан" газеті

                                                                            Барлығы түсімнен басталды...

Гүлназ Бақытжанқызы Ұлан ауданының тумасы. Ұстаздардың отбасында тәрбие алған ол, әкесінің жолын қуып, тарих пәні мұғалімі мамандығын меңгереді.

- Мен үйдің еркесімін. Отбасымда жалғыз қыз болғандықтан, мені ата-анам, қанаттығы қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, барлық сұрағанымды, айтқанымды орындады. Сондықтан мен ауыр жұмысты немесе тыңғылықты жұмыстарды бала кезімде істеп үйренбеген едім, - дейді шебер.

Жас шебердің пікірінше, адам өзі қалаған кез келген іспен айналыса алады. Тек ол үшін оған 1 пайыз талант пен 99 пайыз еңбек қажет. Тыңбай еңбек етудің арқасында Гүлназ Темірханова да сән саласында өзінің орнын таба білді.

- Балалық, студенттік шақтарда менің таңдауым мен талғамым әшекей бұйымдармен байланысты болды. Кез келген киімімді әшекей тасты моншақтармен сәндеп киетінмін. Бірақ олардың қалай жасалатынын, тіпті оларды өзім жасауым мүмкін екендігін ойламаған екенмін, - деп атап өтті Гүлназ Бақытжанқызы.

Шебер өзінің бұл қолөнер түріне деген қызығушылығы түсіне аян болып кіргенін де жасырмады. Сол түстің бір мағынасы барына сеніп, өмірі қолына алып көрмеген тастарға тапсырыс беріп, бағын сынамақ болады екен.

- Аяғым ауыр кезімде бос уақытым көп болды. Не істерімді білмей өзіме ермек іздейтінмін. Бірде түсіме бейтаныс әйел кіріп, әшекей тастарды көрсетіп, «бұл сенің жолың» деді. Сол түстен кейін мен жолдасыммен ақылдаса келе, әшекей тастарды сатып алып, ғаламтор желісіне көмекке жүгіну арқылы үйрендім, - дейді Гүлназ Темірханова.

Гүлжан ханым өзіне жаңа ермек тауып, күн-түн демей, алғашқы білезіктерін әзірлей бастайды. Қолынан келіп жатқанда қуанып келмегенде бәрін басынан бастап жасайтын. Соның арқасында өз еңбегінің жемісін көріп отыр.

- Мен бұрын-соңды қолөнермен айналысып көрмегендіктен, бұл мен үшін қызықты болды. Қолымнан келмейтін кездерде, Алла менің он екі мүшемді сау етіп жаратты, қол-аяғым бар, менің қолымнан келуі керек деп өзімді ынталандырып, бәрін басынан бастап отырдым. Нәтижесінде діттеген мақсатыма қол жеткізетінмін, - деді шебер.

Кез келген бастамада адамға қуат беріп, жігерлендіретін адам қажет. Гүлназ Темірханованың жағдайында мұндай адам оның өмірлік серігі болды.

- Егер сенің жаныңда қолыңнан қандай да бір істің келетініне сенетін адам болса, онда сен оның көңілін қалдырмай, оның алдында ерекше болып көріңгің келеді. Мені алға қарай ұмтылдырған - жолдасымның маған деген сенімі, - деп атап өтті Гүлназ Бақытжанқызы.

L3k9bNdywqE (1).jpg

                                                                                     Еңбегіне қарай, өнбегі

Әр бұйымды әзірлеудің өзіндік жолдары, қырлары мен сырлары болады. Гүлназ Бақытжанқызы өз жұмыстарының жемісін көру мақсатыда аяңбай еңбек етті. Ғаламтолардағы ақыл-кеңестерден бөлек, ол қолөнер шеберлігіне үйрететін кітаптарды оқып отыратын.

- Ғаламторда бар нәрсе, кітапта болмауы мүмкін. Сондықтан мен қажетті әдебиеттерді сатып алуды жөн санап, оларды да оқып, зерттедім. Өзімнің біліктілігімді арттыру жолында көп нәрселер оқып білдім, - дейді шебер.

Оның пікірінше, теориялық білімсіз, қандай да бір бұйымды жасау мүмкін емес. Оған ол өз тәжірибесімен қолжеткізді.

- Ең бірінші білезіктерді жасап бастадым, шеберлігім шыңдалған соң, сырға мен алқалар әзірледім. Өз жұмыстарымды әлеуметтік желілерге сала бастаған кезде, тапсырыстар да түсе бастады. Кейін диадема мен тәждерді де жасап үйрендім, - дейді Гүлназ ханым.

Шебер қазір өзінің бір білезігін, алқасы мен сырғасын 1-2 сағатта әзірлеп шықса, тәжді 1 күннің ішінде жасайды.

- Болдым, толдым деген адам болмау керек. Шебер өз шеберлігін үнемі шыңдап отыру қажет. Ең алғаш рет диадемаларды жасауға 5 күн кетті, кейін 2 күнде дайындап үйрендім, - дейді Гүлназ Бақытжанқызы.

Адамның қиялында шек жоқ. Талғамдары да әр кезде әр түрлі болады. Сондықтан Гүлназ өзінің клиенттерінің көңілінен шығу мақсатында олардың барлық сұраныстарын қанағаттандыруға тырысады.

- Адамдар да, олардың талғамдары да әртүрлі болады. Бірі мен жасап қойған

бұйымдарды ұнатса, енді бірі өздері «маған мынандай керек» деп келеді. Мен қолымнан келмейді деп айтпаймын. Өйткені оны жасап шыққан соң өзім де бір белесті бағындырғандай боламын. Сол себепті сұраған тапсырыстарын алып, оны жасау жолдарын іздеп, үйреніп, шықпай жатса басынан бастап, бәрібір де жасап шығамын, - дейді шебер.

Гүлназ Бақытжанқызының қатпас қайсарлығының арқасында ол тек облысымыздағы қыздардың ғана емес Астана, Алматы, Қарағанды қалаларындағы сұлулардың сұраныстарын да орындап отыр.

ID1vSCFqV5k.jpg

                                                                         Тастар таңғажайып бір әлем

Қазақ халқы наным-сенімдерге, ырым-тыйымдарға ерте заманнан бері сеніп келеді. Сондықтан тіл-көзден сақтау мақсатында түйреуіштерді киімге түйреп, үйлерді аластаумен де айналысатын. Қазіргі кезде тастар да зерттеліп, әр тастың өзіндік сипатынан бөлек, қандай да бір әрекетке, адамға байланысты бағаланады. Шебер өзінің ендігі мақсаты осы тастардың ғылымын тереңірек тану екенін айтты.

- Біз жаңа туған сәбиді тіл-көзден сақтау мақсатында түйреуіш түйреп, маңдайына күйе жағамыз. Бүгінгі қоғамның сұранысында осы түйреуіштерді есімдермен ерекшелеп безендіру сәнге айналды. Бұл бұйымдарды жасауға да мен ерекше назар аударамын. Өйткені қара агат деген тас көз тиюден сақтайды. Өз жұмыстарымды қолдана бастадым. Аквамарин деген тас адамның күйгелектігін, ашушаңдығын басуға көмектесетінін білемін. Сол себепті бұйымдарымда сол тастарды қолдана бастадым, - деп түсіндірді Гүлназ Бақытжанқызы.

P.S: Расымен бағалы тастардың қандайда бір қасиеттері болатыны белгілі. Сондықтан жас шебер тастар ғылымын меңгерумен тоқтамай, алдағы уақытта киімдер тігіп үйренуді деп жоспарлап отыр. Оның бұл бастамасы тұтынушылардың да көңілінен шығатыны сөзсіз.



Ерке Биғазина

Следующая →