Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Теннис ойындары сәтті өтті

Өткен аптада Smash теннис орталығында теннистен ATF Ust-Kamenogorsk 5 азиялық сериясының «Kazzinc Open» халықаралық турнирі өтті.

Бас демеуші «Казцинк» ЖШС тағайындаған сыйлықтар үшін тартысты бәсекеде Қазақстан, Қырғызстан, АҚШ, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина елдерінен 11-14 жас аралығындағы 50-ден астам спортшы өнер көрсетті.

- Біздің халықаралық турнирдің мәртебесі жоғары. ҚР теннис федерациясының қолдауымен өтетін ойындар Азиялық теннис федерациясы тізіміне кіреді, - деп мәлімдеді теннис орталығының аға әкімшісі және турнир директоры Андрей Данилов. - Жарыстың бас демеушісі «Казцинк» ЖШС бірінші орынға ноутбук, екінші орынға планшеттер, ал үшінші орынға смартфондар сынды сыйлықтар табыс етті. Өскеменге жас тенисшілердің келуі үлкен қуаныш. Кейбір спортшылар бұл жарысқа екінші мәрте қатысуда. Барлығы бір ауыздан бұл жердегі жарыстың ұнайтындығын айтады. Спортшылар кішкентай екендіктеріне қарамастан, алаңда азулы ойыншылардың ойынын көрсетті. Биыл бізге Тәжікстан, Қырғызстан және американдық теннисшілер алғаш рет келді. Түрік елінің өкілдері де өтініш білдіргенімен, белгісіз себептерге байланысты келе алмады.

Smash теннис орталығы ҚР теннис федерациясының бағдарламасын жүзеге асырады.

- Біздің 2016 жылғы жоспарымызға сай алты балалар-жасөспірімдер республикалық турнирін өткіздік, - дейді Андрей Николаевич. – Одан өзге бізде клиенттік лига деп аталатын облыстық Теннис сүйгіштер лигасы бар. Жалпы, орталық балаларға бағытталған. Біздегі басты мақсат – республикалық және халықаралық турнирлерде Шығыс Қазақстан облысының атын шығаратын өз теннис майталмандарымызды дайындау болып табылады.

Шығысқазақстандық Вадим Брутто бірінші айналымды сәтті аяқтағанымен, екінші айналымда өзбекстандық Абдрахман Сайдмұхаммедовқа есе жіберіп қойды, есеп – 1:6, 0:6. Тағы бір жерлесіміз Егор Цыкунов қырғызстандық Давид Багриновскийге қарсы қайрат көрсете алмады, есеп – 0:6, 0:6. Малика Тайгаранова да (ШҚО) турнир жолын аяқтады, ол Арине Дедусовадан (Қазақстан) жеңіліп қалды, есеп – 2:6, 1:6. Жерлестеріміздің қатарынан жарыс жолын жалғастырушы жалғыз Татьяна Николенко қалды, ол Дарья Елфимованы (Қазақстан) 6:3 және 6:1 есебімен жеңді. Аралас жұп тобында Тимур Исхаков (ШҚО) Анис Мукаиршоевпен (Тәжікстан) бірге Артур Хайрутдинов пен Ислам Орынбасардың (екеуі де қазақстандық) жұбына қарсы тұра алмады, есеп – 0:6 да 2:6.

Ширек финалдың қорытындысы (жеке)

Арина Дедуцева (Қазақстан) – Татьяна Николенко (ШҚО) – 7:5, 7:5 Мырзайым Шеріқұлова (Қырғыстан) – Алиша Молдахметова (Қазақстан) – 6:1, 7:6

Софья Советская (Қазақстан) – София Баранова (АҚШ) – 6:4, 7:6 Милана Ахматова (Қазақстан) – Елизавета Карлова (Қазақстан) – 6:0, 6:3

Бекзод Расаматов (Өзбекстан) – Ерасыл Нұржан (Қазақстан) – 6:0, 6:1 Ислам Орынбасар (Қазақстан) – Давид Багронский (Өзбекстан) – 6:2, 6:4

Никита Мотин (Қазақстан) – Абдрахман Сайдмұхаммедов (Өзбекстан) – 6:3, 6:0

Дмитрий Безбородов (Қазақстан) – Азизбек Ниязов (Өзбекстан) – 6:3, 6:2

Жартылай финал қорытындысы (аралас жұп тобы)

Багриновкий/Сайдмұхаммедов (Қырғыстан/Өзбекстан) – Мотин/Нұржан (Қазақстан) – 7:5, 6:3

Хайрутдинова/Орынбасар (Қазақстан) – Ниязов/Расаматов (Өзбекстан) – 6:2, 6:0

Ризванова/Шерикулова (Қазақстан/Қырғыстан) – Малгонусова/ Елфимова (Қазақстан) – 6:3, 6:3

Карлова/Шайлина (Қазақстан) – Молдахметова/Сохетская (Қазақстан) – 6:1, 5:7, 7:5.

* Бұған дейін де Азиялық теннис федерациясының турнирлерінде жеңіске жетіп жүргенмін, ал Өскемендегі алғашқы жеңісім, - деп өзінің ойыннан алған әсерімен бөлісті Астанадан келген теннисші Елизавета Карлова. – Сіздердің бізге ұсынған жағдайларыңызды ерекше атап өткім келеді. Жатар орнымыз бен тамақтандыру жоғары деңгейде. Ал біз ойын көрсететін корттың ыңғайлылығында сөз жоқ. Өскемен қаласына алдағы уақытта да қуана келетін боламыз. Жарыс ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін!

Ұлдар арасындағы чемпиондық титулды өзбекстандық теннисшілері арасында ойнатылды. Турнирдің бірінші мені АТФ рейтингінің №1 ракеткасы Бекзод Расаматов өзінің командалық серіктесі Абдурахман Саидмухамедовпен (АТФ рейтингіндегі (№15) ойнады. Балалар бір-бірінің қабілетін жақсы білетіндіктен, ашық ойын өрнегін көрсетті. Дегенмен, Расаматовқа басымдылық берілді - 7:5, 6:2. Жеке ойын титулынан өзге, Екатерина Карлованың мысалы бойынша Бекзод жұптық разрядта да өз отандасы Азизбек Ниязовпен бірге жерлестері Давид Багриновский мен Абдурахман Саидмухамедовпен ойында да жеңіске жетті - 6:2, 6:4.

- Өскеменде алғаш жетіп отырған жетістігім емес, өткен жылы да жеке және жұптық ойындарда жеңіске жеткен болатынмын, - дейді Ташкент теннисшісі Бекзод Расаматов. – Ол кезде оңай еді, бұл жолы көбірек тер төгуге тура келді. Қарсыластар да азулы.

ИНФОБОКС

«Smash» ТО тәрбиеленушілерінің ойын қорытындысы:

Балаларды жарысқа Игорь Дзабаев, Якуб Коутек, Евгений Нефедов, Петер Сетински сынды жаттықтырушылар дайындады.

Қыздар: 5-орын - Татьяна Николенко, 14 - Малика Тайгаранова, 23 - Карина Садыкова, 25 - Адия Советкан.

Ұлдар: 13-орын - Вадим Борутто, 15 - Егор Цыкунов, 19 - Тимур Исхаков, 22 - Роман Демченко, 25 - Иван Кизилов, 26 - Александр Виткин, 27 - Алихан Можанов, 28 - Султан Азат, 29 - Диас Бекишев.

Мөлдір Тоқтамыс

Следующая →
Тақырыптар: казцинк