Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Ана мен бала өмірінің қамқоршысы

Ана. Әлемдегі ең ардақты, ең құрметті сөздердің бірі. Ана болу үлкен жауапкершілік және әр әйелдің парызы.

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ал осы аналардың құрсақтағы балаларын 9 ай бойы қадағалап, оны жарық дүниеге әкелуге көмектесіп, ана мен баланың денсаулығына жауапкершілік пен қарайтындар ақ халатты абзал жандар. Сондай жандардың бірі – Шығыс Қазақстан облыстық «Ана мен бала» орталығының дәрігері, Шығыс Қазақстан облысы Марқа көлінің жағасында туып-өскен Динара Мукушева. Дәрігер болып, өзгелерге көмектесу оның бала кездегі арманы болды және өз арманына жете білді. Бүгінгі таңда Динара Назиолдақызы өз мамандығының шебері, өз ісінің маманы. Ол консультативтік-диагностикалық бөлімнің меңгерушісі.

Асқақ арман жолында...

Ақ халатты киіп қана қоймай, сол киген ақ халаттың мойнына артылатын барлық жауапкершілікке мойынсұну, соның барлығын қабылдай білу үлкен жетістік. Динара Мукушева өзінің арманына жету жолында аянбады.

-1986 жылы Новосібір қаласындағы институттың іріктеуінен өтпей қалғанымда, мойымай, училищеге түсемін дедім. Бірақ анам оныне қыласың деп ауылға шақырып алды. Ауылға келген соң мен өзімнің бір жылымды босқа өткізбейін деген оймен аудандық ауруханаға санитаршы болып жұмысқа шығып алдым. Бір жыл өте бағымды тағы бір мәрте сынап, Семей медициналық институтына оқуға түстім, - дейді Динара Назиолдақызы.

Тіпті дәрігер мамандығының ауырлығы және еңбек тәжірибесінің маңызын түсінген ол жоғары курстарға жете бергенде өзіне қосымша жұмыс тауып, тәжірибесін шыңдаған.

- Семей медициналық институтында оқи жүре мен өз еркіммен қосымша жұмыс таптым. Бірақ жұмысым түнгі кезеңде ғана өтетін. Өйткені күндіз сабақты босатуға болмайды. Біздің институт қабырғасында өткізген әр күніміз, адам өмірін құтқаруға арналғандықтан сабақтан қалуға болмайтын, - деп атап өтті ол.

Дәрігер мамандығына оқу бір бөлек, дәрігер болып қызмет ету бір бөлек. Мұны түсіне білген Динара Мукушева дәрігер мамандығының өзіне қай саласы жақын екенін студенттік шағынан бастап ойлана жүріп, акушер-гинеколог мамандығын таңдайды.

- 1996 жылы осы «Ана мен бала» орталығына акушер-гинеколог болып келдім. Содан бері, міне, 20 жылды артта қалдырып, тәжірибемді де, біліктілігімді де өмірге деген көзқарасымды да өзгертіп өмір сүріп келемін, - деп атап өтті дәрігер.

Мамандығым - мақтанышым

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, сабырлы жан болуы керек.

- Біз екі адамның өміріне жауап береміз, яғни, ананың және оның құрсағындағы баланың өміріне. Сондықтан біздің жұмыста білім мен біліктілік қатар жүру қажет, - деп атап өтті Динара Мукушева.

Кез келген жетістік, біліктілік ең алдымен тәжірибе арқылы келеді. Сондықтан жас мамандардың жұмысында да тәжірибенің болуы маңызды.

- Менің ота жасаудағы тәжірибем есімнен ешқашан кетпесі анық. Екі интерн болып өзіміздің кезекшілігімізді енді бастадық. Толғағы басталған бір ана түседі. Анаға шұғыл ота жасау керек болды. Өйткені оның кіші жамбасында ісік болды. Сол кезде ургентті дәрігер Нина Мусеевна ота жасауға мені өзімен бірге ала кіреді. Ал бұл менің алғашқы операцияға қатысуым болды. Өзіме сенбегеннен, қорыққанымнан тағы біреуді шақыруды ұсындым. Бірақ Нина Мусеевна маған сеніп, қолдап, жігерлендіріп, отамыз сәтті аяқталып, ана да, бала да аман қалды, - дейді Динара Назиолдақызы.

Кез келген еңбек жолында, кез келген арманды жүзеге асыруда тәжірибе керектігі анық. Бұл жолда Динара Мукушева сол кездегі бірнеше жылдық еңбек өтілдері бар, білікті мамандарына алғысын білдіреді. Өйткені оның оқып-тоқыған білімін тәжірибемен дұрыс үйлестіруге үйреткен сол кездегі білікті дәрігерлер еді.

- Мені осы перзентханаға алғаш келгенімде қарсы алып, өздерінің бар білгендерін аямай үйреткен Казима Бақтыбаева, Светлана Погорецкая, Тусликова, Нина Дегтярева, Гауһар Раисова, Ляззат Сайдильдина, Татьяна Зайцева менің перзентханадағы ұстаздарым болды, - деп атап өтті дәрігер.

Адам қандай істің маманы болмасын жетілдім, мен саламның шеберімін деп санамауы керек. Дәрігерлік мамандықта тіпті ондай ойлардың болуы қателік. Мұны білмейтін дәрігер мамандар жоқ та шығар. Динара Назиолдақызы өзінің жұмысын жеңілдету, аналарға көрсететін қызметтер түрін жеңілдету мақсатында УДД мамандығына арналған бірнеше айлық курстарды да оқып шығады.

- Менің ойымша әр дәрігер бір ғана бағытта емес, оған қоса тағы бір бағытта жетілуі керек. Сондықтан мен негізінен акушер-гинеколог болғандықтан, ультра дыбыстық диагностиканы білуім керек деген арманымды жүзеге асырдым. Бұл негізінен дәрігердің жұмысын да жеңілдетеді, осы саладағы ой-өрісін де кеңейтеді, - дейді Динара Мукушева.

Жалғыз ағаш орман емес

Алақандай ғана сәбилердің дүниеге аман-есен келуіне септігін тигізіп жүрген дәрігерлердің жұмыстары қиын әрі жауапты.

- Біздің жұмысымыздың ең негізгісі құрсақтағы балаға уақтылы диагностика жасау және алғашқы медициналық көмекті уақтылы көрсету, - дейді акушер-гинеколог.

Өзінің еңбек жылдарына сараптама жүргізген дәрігер балалардың туу көрсеткіші бұрынғымен бір деңгейде, яғни, тәулігіне 30-35 бала дүниеге келетінін атап өтті. Жұмыстың ауыры мен жеңілі болмайды. Сондықтан шыр етіп дүние есігін ашатын сәбилер мен аналарға дәрігерлер кезекшілікпен қамқорлық танытып жүреді.

- Бір кездері 2 дәрігер кезекшілік етіп, үшіншісін ауыр халдегі науқас түскен кезде үйден шақыртатын. Қазір 1 күнде кезекшілікке 3 дәрігер, педиаторлар, анестезиологтардың барлығы шығады. Бұл ауыр халде түскен науқасқа жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді, - дейді Динара Назиолдақызы.

Заман бір орында тұрмай қалай жедел зымыраса, медицина да солай қарыштап дамып келеді. Ал әмбебап дәрігерлер барлық жаңашылдықтарды уақтылы қабылдап, оны өз тәжірибелерінде қолданып отырулары керек.

-Жұмысымды ең алғаш бастаған кезбен қазіргі уақытты салыстырсам, біз бұрын баланың дүниеге келуін сәл дөрекілеу атқарған сияқтымыз. Ал бүгін мүлдем бөлек. Мұның барлығы медицинаның бір орында тұрмайтынын дәлелдейді, - деді Динара Мукушева.

Сонымен қатар, дәрігер Шығыс Қазақстан облыстық «Ана мен бала» орталығының ұжымы бір ағзадай қызмет ететініне баса назар аударды.

Ақерке Ақылбекқызы

Следующая →
Тақырыптар: Ана мен бала