Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Өскемен жастары үшін «Вена балы» ұйымдастырылды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткен «Біздің №1» жастар форумы әдемі «Жастар балымен» аяқталды

- Бүгін 4 бағытта жастарға арналған семинарлар өтті. Біріншісі жастардың белсенділігін арттыру және ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру тақырыбында, екіншісі жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарына арналған «Менің таңдауым, менің көзқарасым» тақырыбындағы семинар тренинг. Үшінші семинар кәсіпорындарда жастар ұйымын құруды заңдастыруға арналған болса, төртінші басқа аудандар мен қалалардан келген директорларға арналған семинар, - дейді ШҚО бойыншы ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.

Директорлар үшін өткен семинардың басты мақсаты жергілікті бюджетке қарап отырмай, шетелдік инвесторлар, қоғамдық қорлар арқылы пайда көздерін табу, әлеуметтік тапсырыстарды жазу керегін, қалай ұту керектігін түсіндіру. Семинарлардың үлкен нүктесі жастарға арналған «Вена балымен» қойылды.

Үлкен терезелі кең мекемеде өткен шараға жастар тегіс классикалық үлгідегі киіммен жиналды. Шыны керек, Викториян заманы мен жиырма бірінші ғасыр үлгісі келісім тапқандай, жастар балда жұптық билердің бар ерекшелігін көрсетті.

Іс-шара барысында ШҚО Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Жеңісов ғылым, мәдениет және спорт салаларында үздік көрінген жастарды облыс әкімінің жыл сайынғы жеті номинация бойынша арнайы сыйлығымен марапаттады.

Тәжірибелі бишілер жастарды балға арналған билерді үйретумен жетекшілік етті. Сонымен қатар классикалық музыкалардан жыр төгіліп, қыстың кешкі балы ертегілік сарын алды.


Айдос Мырзахметов
Следующая →