Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Зағип жандардың жолы

Зағип жандар үшін қоғамға бейімделу қаншалықты ауыр? Абыр-дабыры көп, адамдар ағынында жолды өзге сезім мүшелері арқылы танитын жандардың бүгінгі күйі қандай?

- Қардың қалың түскеніне байланысты көзі көрмейтін адамдардың қозғалысы да нашарлай түсті. Көзі нашар көретіндерге автобустың нөмірін анықтау да қиындай түседі, - дейді «Қазақ зағиптар қоғамының» қызметкері Аймаш Айтжанова. - Мысалы, №17, 12-ші автобустарда қызыл түсті жанатын трафареттер орналасқан. Зағип жандар мұндай тақташалардың өте ыңғайлы екенін алға тартады. Сонымен қатар, кейбір автобус жүргізушілері оның нөмірін анықтағанша жүріп кететінін айтады.

Бұл сұрақтар төңірегіде Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сұрау жолдадық. Басқа автобустарда аталған тақта көзделмеген. Мекеме басшылары автобустарды қайта жабдықтауға заңнамамен-нормативтік актілермен тыйым салынғанын айтады.

- Автобустардағы трафареттер жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының талаптарына сәйкес дайындалған, - дейді Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Азамат Ныгматов. – 19 тармаққа сәйкес автобустардың алдыңғы және артқы жақтарында маршрут нөмірі көрсетілген трафареттер қойылады. Маршруттың нөмірі ашық сары түсті реңде, биіктігі кемінде 120 мм қара түспен ресімделеді. Автобустың оң жағында, салонның жолаушылар есіктерінің жанында маршруттың нөмірі мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша сипаттамасы бар трафарет орнатылады.

Зағип жандар сонымен қатар кейбір бағдаршамдардың арнайы дыбыс белгілерін бермейтінін айтады. Шыны керек, қаламызда мұндай бағдаршамдар шынымен аз. Дегенмен олар маңызды орындарда орнатылған - Өскемен қаласының аумағында 66 бағдаршам нысаны орнатылған, - дейді ШҚО ІІД МТАБ басшысы Б. Торғаев. - Мүгедектерге, яғни көзі нашар көретіндер мен соқыр адамдарға 10 бағдаршам нысанасы дыбыс беру құралымен жабдықталған және жұмыс атқаруда.

Ескере өту керек, егер автобус тоқтамай өтіп кеткен жағдайда, тасымалдаушы кәсіпорынға немесе 26-05-01 телефоны арқылы «ЖТБО» ЖШС тасымалдау бөліміне хабарласуға болады.


 Дос Сапар
Следующая →