Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Жасанды шырша ма, табиғи ма?

Жаңа жыл мерекесі көптеген оқиғалардың шиеленісуіне алып келеді. Қуаныш деңгейі қаншалықты жоғары болса да, шектен тыс оқиғалар саны да күр өсіп кетеді

Әрине, табиғи дүние әрқашан жоғары бағаланып қалмақ. Жаңа жылды жасанды шыршамен емес, табиғаттың сыйлағаны деп қарайтындар да баршылық көрінеді. Тек шырша ағашы емес, соңғы жылдары ағаш кесу фактілері азайғанымен, жоқ деуге де келмейді.

- Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 460 заңсыз ағаш кесу фактілері тіркелген, соның ішінде 2011 жылы - 84 факті, 2012 жылы - 132, 2013 жылы - 80, 2014 жылы - 60 факті, 2015 жылы - 57 факті, 2016 жылы - 47 факті тіркелді, - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы Ерлан Упобаев. - Сүрек дайындау, мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану мерзіміне қарамастан, ағаш кесу билеттері бойынша ғана рұқсат етіледі.

«Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №18-1/415 бұйрығына сәйкес, «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін мемлекеттік орман иеленушілер – орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері көрсетеді. Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Берілген рұқсаттар туралы мәліметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Орман пайдаланушылар Қазақстан Республикасының ормандарында сүректі түбірімен босату қағидаларын және Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға міндетті.

- 2015 жылы Жаңа жылға қарсы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында шырша ағашын кесудің 2 фактісі анықталып, бұзушыға 49,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынып, өндіріліп алынды, - дейді Ерлан Упобаев. - Қылқан жапырақты тұқымдардың жас шыбықтарын заңсыз кескені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Аталмыш Кодексінің 340-бабына сәйкес үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген не отырғызылған көшеттерді, сондай ақ ормандарды молықтыру мен орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді не қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау – 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 180 сағатқа

дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 60 тәулікке дейінгі қамауға алу арқылы жазаланады.

- Орман қорына кіретін ағаштарды не бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау – 300 АЕК дейінгі айыппұл салу арқылы жазаланады. Түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамауға алу арқылы жазалау да қатаңдана түседі, - дейді Ерлан Мейрамбекұлы.

Осы әрекеттер бірнеше рет, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, ірі залал келтіре отырып, ерекше қорғалатын аумақтарда жасалатын болса 500 айлық АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу арқылы жазаланады. Ал қылмыстық топ жасаған кезде – екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

- Биылғы жылы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғы паркінде шырша ағаштарын кесу фактілері орын алмаған, - дейді Орман қорғау инженерінің міндетін атқарушы Базарбек Ашпенов. - Өзге ағаштарды кесу бойынша 5 оқиға орын алды. Жалпы ағаш кесу емес, қоқыс тастау фактілері де есепке алынады. Ал ағаш кесу фактісі бойынша, 2016 жылдың наурыз айында оқиға орын алған. Келтірілген залалды қалпына келтіруге 50 теңге өндірілген болатын.

Шыны керек, Жаңа жыл өтісімен барлық адамдар оларды лақтырып тастайды немесе келесі жылға дейін сақтайды. Сақталса жасандысы сақталмақ, ал табиғи шыршаны кесу табиғат ананың өзіне жасалған қастандық болмақ. Жоғарыдағы фактілер адамдардың мұны түсіне бастағаны дегенге сай.

Айдос Мырзахметов
Следующая →