Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Аңшылық кәсіп пе, демалыс па?

Аңшылық туралы сөз айтылса ішкен асын жерге қоятындар қаншама. Шыны керек, бұл қызықты істің ләззаты мен бейімі де өзгеше. Көңіл көтерудің бұл жолы бүгінгі күні заңдастырылған да

Қазақстан Республикасының аумағында аңшылық құру ҚР Ауылшаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы бұйрығымен бекітілген аң аулау қағидасымен іске асырылады.

- Аң аулау қағидасының 11-ші қосымшасына сәйкес әр бір аңшылық түріне жататын жабайы жануарларға аң аулауды өткізу мерзімдері қарастырылған. Аң аулауды өткізу мерзімдеріне сәйкес аңшылық мерзімі ашылады, - дейді ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы Ерлан Упобаев. - Аңшылыққа шығу үшін аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат, аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, алып жүруге рұқсат керек.

Аңшы куәлігін Өскемен қаласы, Красин көшесі 3 мекенжайында орналасқан «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субьектілерінің республикалық қауымдастығының ШҚО бойынша өкілдігіне аңшылық минимум оқу курсын өтіп алуға болады. Ал жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты облыстағы тіркелген 31 аңшылық шаруашылықтарынан алуға болады. Азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты Ішкі істер департаментінің лицензиялық-рұқсаттық жүйесінен алуға болады.

- Инспекция қызметкерлерімен ағымдағы жылы аңшылық бойынша қылмыстық заң бұзушылықтар анықталған жоқ, облыс бойынша тіркелген қылмыстық істер бойынша толық ақпаратты ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметі береді, - дейді Ерлан Упобаев. - 2016 жылдың басынан аңшылық қағидаларын бұзу фактілері бойынша 24 әкімшілік іс қозғалып, 24 жеке тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Облыс аумағында 2016 жылы құсбегілерге қатысты оқиғалар орын алған жоқ.

Аңшылық қағаз жүзінде бір бөлек әңгіме, ымына кіріп, мәнін ашып көрген де бір бөлек. Бұл туралы аңшылық дүкендерінен сұрастырып көрдік. Бірақ, биыл орын алған қанды қақтығыстарға байланысты, бетегеден биік, жусаннан аласа болып, дүкен жұмысын тыныш жүргізу үшін ақпарат бере алмайтындарын тілге тиек етті. Сондықтан бұл тақырыптың жалғасын аңшылыққа шығып жүрген адамдардан таптық.

- Аңшылыққа албаты шыға беруге де болмайды, қызығы болғанымен табиғат ананың құшағындағы жануарларды ермек етіп атқан да обал, - дейді тәжірибелі аңшы Тілек Дәулетұлы. - Аңшылыққа көп жағдайда қыс кезінде қасқырлар малдарға шабуыл жасай бастағанда шығамыз. Қыстың қытымыр мінезі оларды аштыққа буындырғандықтан, еттірлігін мал асыраумен көретіндерге шабуыл жасайды. Міне, сол уақытта атқа қонып немесе жақын маңайда өзендер болса қақпан құру керек.

Қасқыр да жаратылысы қу, сезімтал аң ғой. Қақпанның иісін шығармау үшін оны суға батырып орнату керек. Қасқыр, адамның иісін көзге көрінбейтін қашықтықтан сезетінін ескертеді аңшы.

- Қарапайым, демалыс аңына күзгі уақытта шығамыз. Күзде марал, аскания бұғыларына, қабан, құдыр, бұлан аулаймыз. Мұның өзінде де күнде шығып саят құрып кетпейміз, сәті түсіп кездескенін атамыз. Былай алып қарағанда бұл жан демалысы үшін өте қызық, - дейді аңшы. - Адам табиғаттан ада қала алмайды. Қаланың у-шу өмірінен біраз тынығып қаласың, кешкісін әдеттегідей әңгіме-дүкен құрып, ұстаған аңнан дәм татасың. Барлығы жеткілікті заманда аңшылықты кәсіп ету табиғатқа босқа нұқсан болады.

Әрине, бұрынғы аштық заманында, әлем тапырық аумалы да аспалы кезеңді кешіп жатқанда аталмыш саланы кәсіп ете бүкіл ауылды асырап жүргендер болған. Қазіргі заман бұған ерек қарайды. Жоғарыдағы аңшы айтқандай, «жан демалысы» үшін.

Айдос Мырзахметов
Следующая →