Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Ұстаздар әулетінде өнеге алған ұстаз

Кемеңгер Мұхтар Әуезов «Ұстаздық – ұлы іс» деген екен. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет

Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді.
Ұстаздар әулетінде тәрбиеленіп, ұстаздық жолын таңдаған, білім беру саласында талай жыл аяңбай еңбек етіп, өңіріміздің ғылым мен білімін дамытуға өзіндік үлесін  қосып жүрген Сараш Асқарқызы.  Ол 1956 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келді. 1973 жылы Абай орта мектебін тәмамдап, Өскемен педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. 1977-1995 жылдары аралығында Тарбағатай және Ұлан аудандарындағы мектептерде қарапайым орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып қызмет етті.  
1995 жылдан бастап Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ВТГК, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқу орындарында талмай еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда Сараш Ислямова «Берел» баспасының директоры, аяуды жар, ардақты ана, он немеренің сүйікті әжесі. Ол жұмысының жемісті болуы мақсатында алыс-жақын шетелдерде біліктілігін арттырып, жоғары білім беру саласының дамуына үлес қосуда. 2016 жылы  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толғанына байланысты жоғары білім  беру жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі үшін облыс әкімі Даниал Ахметовтың алғыс хатына ие болды. 

                                                                     Отбасым – ірге тасым

Тәрбие тал бесіктен басталады. Ұстаздар Асқар Ислямо  жұбайы Нағима Сатыбалдинаның жанұясында тәрбиелену баланы жастайынан үлгілі, сыпайы, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетуге баулитыны айтпаса да белгілі. 
- Ата-анамыз барлық балаларына бірдей қарайтын, махаббаттарын да тең бөлетін.  Солардың салиқалы сөздері мен отбасымыздағы жылы қарым-қатынастың арқасында әр бала өзінің жолын дұрыс жүріп, көптеген шыңдарды бағындыра алды деп ойлаймын, - дейді Сараш Ислямова. 
Ислямовтар әулетіндегі он баланың сегізі педагогикалық білімді негіз етіп алды. 
- Отбасымыздың негізгі құндылығы – баланы сүю, өз балаңды сүю арқылы халықтың баласын сүю. Ұстаздықты таңдауға ата-анамыздың мұғалім болуы да себеп еді, - деп қосты Сараш Асқарқызы. 
Әке көрген оқ жағар демекші, он ағайындының барлығы ата-ананың тәрбиесіне ризашылықтарын білдіріп, олардың атына тіл де, сөз де тигізбей өсуге тырысты. 
- Әкеміз қандай іспен айналыссақ та, жанымызды салып айналысуға шақыратын. Олардың еңбекқорлығын көріп өскеннен кейін өзіміз де еңбексүйгіш болып өстік, - дейді Сараш Асқарқызы. 


                                                          Шабыттандыратын да, шынықтыратын да – намыс

Кеңес одағының тұсында орыс тілінің мерейі үстем болып тұрғаны белгілі. Сондықтан көптеген қазақ балаларынан орыс тілінде сөйлеу талап етілетін. Ал еліміз дербес мемлекет болғалы, қазақ тіліне баса назар аударыла бастады. Сараш ханым 1996 жылы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да редакциялық-баспа бөлімінің жоғары санатты редакторы ретінде қазақ тіліндегі оқ-әдістемелік, оқу құралдарын редакциялап, басып шығаруға атсалысты.
- Қазақ тілін өзім де жетік білмейтінмін. Бірақ кітаптарды аударамын деп өзімнің тіл білімімді шыңдап алдым. Өйткені түске дейін мен баспалық жұмыспен айналыссам, түстен кейінгі уақытымды кітапханада сөздіктерді жиып алып, аудармамен айналысатынмын, - деп еске алады Сараш Асқарқызы. 
Сараш Ислямова аударма жасау барысында сөйлемдерді сөзбе-сөз аударып қана қоймай, оның мағыналық тұрғысын, стилистикасы мен грамматикасына да баса назар аударуды меңгерді. Сондықтан ол адамды алға жетелейтін рух пен намыс деп санайды.  Жеті жыл көлемінде редактор болып қызмет еткен Сараш Асқарқызы университет жанындағы «ШҚМТУ хабаршысы» ғылыми журналының да екі тілде шығуына жауапты болып, соған өзінің бар күшін салды. Кейін оның біліктілігі бағаланып, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасының директоры лауазымына шақырылды.
- Сөздің шыны керек, баспа директоры болып тағайындалып, жұмысыма кірісе бастаған кезде атқарар істің аз еместігін көрдім. Бірақ оны да бағындыру, оны да ретке келтіру қолымнан келді, - деп атап өтті Сараш Асқарқызы. 
Сараш Ислямова өз ісіне берік адам, әр нәрсеге жанын сала атқарғандықтан үнемі лайықты жемісін көріп отырады.
- Маған өз ісім ұнайды. Өйткені істеген ісімнің нәтижесі өзіме де, өзгеге де көрініп тұрады, - деп қосты ол. 

                                                                          Әкем – асқар тауым

Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Сараш Асқарқызы әкесіне өте жуық болып өсті. Қай уақытта да әкесімен сырласып, ақылдасып жүрді. 
- Кейде жұмысым тым көп болып, жұмыста қиналып кеткен кездерімде әкеме баратынмын. Әкемнің жылы алақанынан ұстап, әкемнің иығына сүйеніп отырып, бойыма күш-қуат алатынмын, - дейді Сараш Ислямова. 
Асқар Ислямұлы балаларына тәрбие беру кезінде бірлік пен татулыққа, балаларының махаббат пен сүйіспеншілікке теңдей бөленуіне ерекше мән берді. Соның арқасында он ағайындының арасында сыйластық пен бауырмалдық сезімі де теңдей қалыптасты. 
- «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген бұл біздің отбасылық ұранымыз. Бұл біздің әкеміздің бізге қалдырған аманаты, тәрбиесі, - дейді ұлағатты ұстаз. 
Қолдаушысы мен қорғаушысынан айырылу кімге де болса ауыр тиеді. Сараш Асқарқызы да әкесі дүниеден озғаннан соң қатты қиналды. Жұмыста да, үйде де тоқырауға ұшырағандай сезімде жүрді. 
- Түс көрдім. Қараңғы бөлмеде жаттым. Есік ашылып кетті де, бөлменің ішіне жарық түсті. Әкем қолында әппақ жастығымен ұшып кіріп, жастықты менің жаныма қойды да, қайта ұшып кетті. Бұл түсті мен әкемнің мені қолдап жүргені деп жорыдым. Сол түсткен кейін өзімді қайта қолыма алып, ісім өрге жүзе бастады, - дейді Сараш Асқарқызы. 
Бүгінгі таңға дейін Сараш Ислямова өзінің әкесінің талай жұмыстарын зерттеп, оларды кітап, ғұмырнама ретінде шығарып келеді. Бұл әкесінің есімін сөндірмеу, әкесіне деген құрметтің жоғары болуы. 

Ақерке Рағызбаева 
Следующая →