Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Лазерлік нақыштама шеберінің заманауи туындылары

Бүгінгі таңда заман талабына қарай өнердің жаңа түрлері пайда болып қана қоймай, қоғамда өзіндік орнын алып отыр

Газетіміздің өткен саңдарында свит-дизайн, скрапинг бук сынды өнердің жаңа түрлері жайлы баяндасақ, бұл санда лазерлі нақыштама (гравировка) туралы айтамыз. Өйткені лазерлік нақыштаманың көмегімен жазба қондырылған кез келген сыйлық бірден  ерекше сыйлыққа айналады.   
Лазерлік нақыштама – бұл бейнені, мәтінді, логотипті металдан, ағаштан, шыныдан дайындалған заттарға ең тозуға берік қондыру түрі болып табылады. Қондыру принципі – ол күйдіру. Түпкілікті бейненің түсі белгілі-бір материалдың негіздемесіне байланысты болады. Лезерлік нақыштама – таралымды талап етпейтін дараландырудағы ең стилді әдістердің бірі. 
Бұл жаңалшылдықтың түрі Шығыс Қазақстанда да бар, бірақ сұранысқа аса ие емес. Лазерлік нақыштама туралы халықтың бұл  технология жайлы әлі біле бермейтіндігі осыған себеп болып отыр.  




                                                                         
                                                                            Оқы, оқы және оқы...

Лазерлік нақыштамамен айналысатын шебер – Аманжол Тұрлыбекұлы. Ол бұл жаңа технологиямен өзінің мамандығына байланысты айналыса бастады. 
Аманжол Тұрлыбекұлы Өскемен қаласының тумасы 11-сыныпты үздік тәмамдап, Л.Н. Гумелев атындағы ЕҰУ физика бағытында оқуға түсті, кейін өзінің магистрлік білімін Ресей мен Франция елдерінде алды. Қазіргі уақытта ол Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да phd докторы дәрежесін алу мақсатында оқуын жалғастыруда.
 
- Меніңше, білім ешқашан артық болмайды. Өйткені оқу барысында, түрлі адамдармен, профессорлармен жұмыс істеу барысында адамның ойлау деңгейі өсіп, қоршаған ортаға деген көзқарасы жоғарылайды. Сонымен қатар, қандай да бір мәселені ғылым жолымен шешіп көруге деген қызығушылық туады, - дейді Аманжол Тұрлыбекұлы.
 
Шетелде білім алып, өзге елде қызмет етіп қалғанның орнына өзінің туған қаласы Өскеменге келуі оның патриоттық сезімінің асқақтығын көрсетеді. 

- Шетелде жүрген кезде өз еліңнің қаншалықты ыстық екенін көресің, шетелдегі жаңашылдықтарды, оқыған-тоқығаныңды, көрген-білгеніңді өзіңнің жерлестерің де білсе екен, олармен білгеніммен бөліскім келіп жүрді. Сондықтан «өзге елде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болайын» деп шештім, - деп өзінің ойымен бөлісті болашақ «Техникалық физика» мамандығының phd докторы.  
Аманжол Тұрлыбекұлы бірнеше елдің ұстаздарының алдында сабақ айтып, дәріс алып жүріп, оған қарап, шетелдіктер қазақстандықтар туралы пікір қалыптастыратынын әркез жадында сақтап жүрді. Ал өзінің кіндік қаны тамған қаласына оралысымен ол өзге елде көрген мәдениетті, талаптар мен жаңашылдықтарды біздің оқу орындарына да енгізуді мақсат етті.
- Әрине, шетелдің техникалық базасы мен бізді салыстыруға келмейді. Біздің зертханаларымызды, қажетті базамызды әлі де жаңарту, нығайту керек. Бірақ соған қарамастан, мен өз білген-тергенімді өзгелермен мүмкіндігінше бөлісуге тырысамын, - дейді Аманжол Тұрлыбекұлы.



                                                               

                                                                    Жаңа технологиялардың жаршысы 

Лазерлік нақыштама жасауды Аманжол Тұрлыбекұлы Томск қаласында оқып жүріп үйренген екен. Оның негізгі білімі де  «Лазерлі жне түрлі түсті техника» магистрі болды. 
- Томск қаласында оқып жүргенімде лазерлі нақыштамадан жасалған көптеген туындылар әр дүкен сөресінде сатылып, тапсырыспен жасалып жатты. Сол кезде сұранысқа ие бұл бұйымдар біздің қаламызда жоқ екенін біліп, біздің қаламызға мұндай технологияны әкелгім келген еді. Ақырындап сол арманым да орындалып келеді, - дейді лазерлі нақыштаманың шебері. 
Қазіргі уақытта лазерлік нақыштаманың көмегімен фото альбом, жай фото сурет, жабысатын магниттер және сағаттар жасатуға болады. 
- Менің лазерлік нақыштама жасайтын білдегімнің қуаттылығы аздау, сондықтан әзірге тек осындай туындыларды жасаумен айналысамын. Бірақ кейін өзім қуаттылғы мықты білдек алғым келеді. Өйткені физикалық тұрғыдан алғанда олардың мүмкіндіктері жоғары болады, - дейді Аманжол Тұрлыбекұлы. 
Әрине әр туынды жасалу қиындығына және көлеміне байланысты бағаланады. Мысалы, А-4 форматындағы фотоальбомның мұқабасы 5 мың теңге шамасында тұрса, А-3 форматындағы фотоальбомның мұқабасы 8 мың теңгедей тұрады. 
- Ағашқа лазерлі нақыштама түсірудің өзі ұзақ үрдіс. Бірақ егер уақыт болған жағдайда тапсырысты бір күннің ішінде орындап шығу мүмкідігі бар. Оның барлығы тапсырыс берушінің талаптарына қарай да бағаланады, - деп қосты Аманжол Тұрлыбекұлы. 
Кез келген адам жақынына сый-сияпат  жасайтын кезде өзінің қиялымен, сыйлығының жаңашылдығымен ерекшеленуді көздейтіні анық. Қоғамның мұндай сұранысы  жаңа өнер туындылары мен жаңа технологияларды біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдырып отырғаны белгілі. 
- Көтеген адамдар қоршап тұрған айналадағы қарапайымдылықты жақсы көреді. Алайда  олар үшін де өмірдегі кейбір сәттер құнды болып табылады. Сондай жандарға лазерлік нақыштамасы бар сыйлық сыйлау  адамның сыйлық иесіне деген сезімталдығын айқындай түсіп, стиль сезімінің бар екендігінің дәлелдей алады деп ойлаймын, - дейді лазерлік нақыштама шебері. 
Қандай сыйлық болмасын, ең бірінші таза көңілмен жасалған сыйлықтар жоғары бағаланатыны анық. Аманжол Тұрлыбекұлы болашақта өзінің лазерлік нақыштама туындылары Өскемен қаласының әсем жерлерін бейнелеп, облысымызға келген туристердің естелік сыйлықтарына айналуын армандайды. Асқар армандар алысқа жетелейді. Армандай білудің өзі арманның орындалуына әкеледі. Сондықтан жаңа технологияны қолданып жүрген лазерлік нақыштаманың шеберінің ісіне сәттілік тілейміз.


         
Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →