Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Қайсар мінез - қалтқысыз қызмет

Күнделікті табиғаттың төрт стихиясы отта да, суда да, жерде және әуеде де жан салып, ерліктің етегінде жүретін мамандық бар

Күнделікті табиғаттың төрт стихиясы отта да, суда да, жерде және әуеде де жан салып, ерліктің етегінде жүретін мамандық бар. Бұл, әрине, төтенше жағдайлар қызметі. Бүгінгі кейіпкеріміз де бүкіл қаланың және оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қарапайым өрт сөндірушіден басшыға дейінгі жолдан өткен, Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ақылбек Манышұлы Мұхаев.


Жарты ғұмырын өз саласына арнаған...


Азаматтық қорғау подполковнигі Ақылбек Манышұлы төтенше жағдайлар жүйесінде 21 жыл жұмыс істеп келеді. Қызмет уақытында өзін сауатты, қажетті ұйымдастырушылық қасиеті бар, жігерлі офицер ретінде көрсетті. Тұрақты түрде алғашқы апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуді және өрттерді сөндіруді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жақсартуға бағытталған, сұрақтарды шешуде бастамашылдық көрсетеді.

- Күршім ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында дүниеге келгенмін. Кейін жанұямыз Самар ауданына көшіп кетіп, балалық шағым сонда өтті. 8 сыныптық білім алып, шаруашылық меңгеруші техникумда 4 жыл оқыдым. Кейін әскери борышымды өтеуге аттандым. 1994 жылы әскерден қайтып келе салысымен №38-ӨБ мамандандырылған бөлімшесіне (қазіргі уақытта Өскемен қаласының №2 өрт сөндіру бөлімшесі) қарапайым қатардағы сарбазы болып кірдім, - дейді Ақылбек Мұхаев.

Осы жерде уақыт өткен соң бөлімше командирі, одан соң Кәсіби дайындық мектебінде қарауыл бастығы болды. 2004 жылы ҚР ІІМ Көкшетау техникалық институтын бітіріп, №2 өрт сөндіру бөлімшесіне қайта оралды.

- Өрт күзеті қызметіне албаты адам келе бермейтін. Әрбір өрт сөндіру бөлімшесі жауынгерлерінің жоғары кәсіпқойлығына теория мен тәжірибені келісімді біріктіріп, арнайы дайындық сабағы кезіндегі қайсарлық, күнделікті еңбекпен қол жеткізеді, - дейді Ақылбек Манышұлы. - Қарапайым сержант бола жүріп осы тұжырымды түсінген едім. Осының арқасында кейін бөлімше бастығының орынбасары лауазымын алдым, артынша бастық болдым. 2006 жылы қыркүйек айында «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» жасағының бастығы боладым.

Ақылбек Мұхаевтың есебінде сөндіруге өзі қатысқан және басшылық еткен ондаған ірі өрттер бар. Бұл, 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысын қамтыған ірі орман-дала өрттері, 2006 жылғы «Де Люкс» қонақ үйіндегі өрт, 2003 жылғы Согра ЖЭО-ғы өрт. Сондай-ақ 2007 жылы қыста Защита элеваторындағы өртті сөндіру кезінде штаб бастығы, 2007 жылы 12 қыркүйекте орман-дала өрттерін сөндіру кезінде басшылық құрамында болды.

- 2016 жылы жазда Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы лауазымына тағайындалдым. Шыны керек, бұл лауазымға келе салысымен төтенше жағдайлардың барлық түріне тап болдық, - дейді Ақылбек Мұхаев. - Бұқтырма және Өскемен суэлектрстанцияларының суды ағызуды көбейтуіне байланысты Ертіс өзені суының көтерілуі салдары нәтижесінде тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. ТЖБ қызметкерлері «Иртыш-2» саяжай қоғамының тұрғындарымен кең көлемді профилактикалық жұмыстар жүргізді. Міне, алғашқы қадам қалай басталса, арты солай болмақ. Әлі күнге дейін бар жағдайды төрт көз болып аңдып отырамыз.


Жанұя мен ұжым жеке тұлға аясында


Төтенше жағдай қызметкерінің жұмысы үлкен еңбекқорлықты талап етеді. Ақылбек Манышұлы өз жұмыс орнына ерте келеді, жеке құраммен жиналыс өткізеді, жағдаймен танысып, кезекті аварияға, оқиғаға немесе өртке зымырайды. Келген соң, қабылданған шараларға талдау жүргізеді, отырыс өткізеді және тағы да қаланың қауіпсіздік жағдайын қалт етпей қадағалайды.

- Жалпы жеке өмірде де белсенді болуға тура келеді. Үйде де бір орында отыра бере алмаймын. Демалсаң - белсенді демал. Осылайша балық аулауға, не болмаса аңға шығып кете беремін, - дейді Ақылбек Мұхаев. - Жанұяма келетін болсақ, әйелім, бір қызым бар. Қызым жүзумен айналысады. Қарапайым да, бақытты отбасылардың біріміз.

Әрине, барлығы бір адамның мойнына артыла алмайды. Басшы қандай болса, ұжым да сондай болмақ. Қазақ халқында «жолбарыс бастаған қой, тегіс жолбарысқа айналады. Ал қой бастаған жолбарыстар, тегіс қойға айналады» деген сөз де басшының қандай болу керектігін аңғартады. Ақылбек Манышұлы да барлығының ұжымға байланысты екенін айтады.

- Қай жерде жұмыс істесем де барлығы ұжымға байланысты екенін кәміл сенемін. Бүгінгі жетістіктерім де ұйымдаса алған ұжымға байланысты. Ұжымның барлығы тату болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білгені абзал, - дейді Ақылбек Мұхаев. - Біздердей ұжым кез-келген ауданда, қалада, облыста және мемлекеттерде де жеткілікті. Барлығымыздың міндетіміз ортақ. Ол - азаматтарды қорғау.

Әркімнің өз қызығушылығы болады. Бірі аң аулағанды, бірі ескі тиындарды, бірі көліктерді жинағанды ермек етеді. Ақылбек Манышұлы да колекция жинаумен айналысады. Тек жоғарыда аталғандай ескі дүниелерді емес, өз қызметіне сай құтқарушылар каскаларын жинайды.

- Бұл каскалардың тарихы да әрқилы. Тек Кеңес одағының заманындағы емес, ағылшын, қытай халықтары құтқарушыларының бас киімдері де бар, - дейді Ақылбек Мұхаев. - Бізде мұндай бас киімдерді жинаумен айналысатын кішігірім орта бар. Сол сияқты жан-жақтан келген немесе өзге елге аттанғанда бас киімдерді айырбастайтын салт қалыптасқан деуге болады. Бұл да жоғарыда атаған ұжымдық ұйытқының іркілмеуіне себеп болатыны хақ.


Тәуелсіздік пен 50 жас...


1967 жылы дүниеге келген Ақылбек Манышұлы биыл 50 жасқа келіп отыр. Кемелді өмірінде көптеген жағдайларды басынан өткерген басшыны ештеңе таң қалдырмайды. Қиындықтың қаперіндегі сәттерді еске ала отырып, ең қиын жағдайлары туралы сыр шертеді.

- Есімде қалған ең ауры кезеңдердің бірі - 1997 жылғы орман өрті. Семей орманынан бастап, Самарға дейін жалмаған өрттің соңына түскен едік. Өрттің басталған ошағынан жұмысқа кірісіп, 45 күн қатарынан еңбек іссапарында жүрген едік. Марқакөлдің тұсына жеткенде 10 қазан күні қар жауып тоқтады, - дейді Ақылбек Манышұлы. - Орманда орын алатын бір көріністі айтар болсам, ағаштағы түйіндер атылатыны бар. 500 метр жерде барлығы тып-типыл сияқты. Бірақ, түйіндер қызған кезде оқ жауғандай атылады. Міне, сол кезде келесі өрт лап қояды.

Ақылбек Мұхаев басшылық тарапынан бірнеше рет марапатталды. Ол түсінікті де, Өскеменде, тіпті бүкіл облыста бірде-бір өрттер мен авариялар оның қатысуынсыз өтпейді.

- 2010 жылы қыс және көктем кезеңіндегі ШҚО ТЖД қызметкерлерінің жұмыс қорытындысы бойынша отырыста Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін табыс етті. Мінсіз қызмет үшін «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III, II, І дәрежелі медальдарымен марапатталған едім, - дейді Ақылбек Мұхаев. - Еңбегім үшін барлығы алты медальмен марапатталдым. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Президент медалін табыс етті.

Следующая →