Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тойдың әні сахнаға жат

Тоғыз торап жолдың бойындағы Аягөз ауданы не бір батырлардың, от ауызды, орақ тілді ақындардың отаны болып келген

Елдің ел болып қалуына ұлттық өнердің қосатын үлесін айтпаса да болады. Күйден бастап, жыр мен әннің барлығы - қазақ халқының байлығы саналады. Осындай байлықтың иесі, Аягөз ауданының тумасы, дәстүрлі әндерді орындаушы Елдос Жақсылықовтан сұхбат алудың сәті келді.

? Өзінің табиғатынын орындауда күш талап ететін дәстүрлі әнді айтпас бұрын, өмір жолыңыз туралы баян етсеңіз...

- Мен 1974 жылы Аягөз ауданы Тарбағатай кеңшарында дүниеге келгенмін. Туған жерімде, Октябрь орта мектебінде білім алып, 1992 жылы Мұқан Төлеби атындағы музыкалық колледжге түстім. Ол кезде училище еді. Дегенмен, оны тәмәмдай алмай, екінші курсынан шығып кеттім. Мәдениет Есекеев, Амангелді Жікенов, Келденбай Өлмесек атты талант иелерінен білім алып үлгердік. Күйде Серік Молаев сабақ беретін.

? Жалпы дәстүрлі әндерді бала күніңнен үйрену керек дейді. Балаға домбыра ұстатып, ән айтқызар ұстаз болуы керек те. Бұл өнерге қалай келдіңіз?

- Дәстүрлі әнді мектеп қабырғасында үйренбегенмін. Мектепті бітіріп, 90-91 жылдары ғана ән айта бастадым. Ауылда Толған Бейсенбаев деген өнер иесі ән айтатынымды көріп жүретін. Сол кісінің үнтаспасын алып, 17-18 әнін үйреніп, аяқ астынан ән айтып кеткен жайым бар. Орындап жүрген әнімді бір тыңдап, бірден «оқуға тарт» деді. Бірақ үнтаспадан бес жыл қатарынан дайындалғанмын. Кейін қазақ радиосының түбінде жатып, әндер жазып шықтық.

? Оқудан шығып қалдым деп өттіңіз. Дегенмен, әлемдегі ең бай адамдар да оқу ордасын бітірмей кетіп жатады. Сіздің өміріңіз де осындай баянды оқиғалармен ұласқан шығар?

- Жасыратыны жоқ, училищенің екінші курсын бітіргенімде әскерге шақыру алып, оқудан алты айға босатылдым. Кейін, «денсаулығың түзу емес, қаласың», кейін «қайтадан барасың» деп жүргенде оқудан шығып қалдым. Ақыры оқуға қайтадан түсіп, оқуымды жалғастырам дегенде ауылым тартып тұрды ма, сол жердің қызығын көріп жүре бергім келді ме, қайтып кеттім.

? Бұл қадамыңыздан кейін өміріңіз қалай жалғасты?

- Ауылға келгеннен кейін 1996 жылдан бастап Аягөз аудандық мәдениет үйінде екі жыл жұмыс істеп, қайтадан Тарбағатай кеңшарына қайттым. Ол жерде бәйгеге арнап ат ұстаған жайым бар. Содан 2002 жылы қайтадан мәдениет үйіне келдім. Міне, биыл 15 жыл болды мәдениет үйінде дәстүрлі әнші қызметін атқарып келемін.

? Бірқатар жетістіктеріңіз туралы дүйім елге де аян. Анығын сізден сұрасақ деп едік...

- Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап сан байқауларға қатысып үлгердім. 2007 жылы Республикалық Әсет Найманбаев атындағы байқауда бірінші орын лауреаты атандым. Бұл Алакөл өңірінде өткен ауқымды шара болды. Кейін 2009 жылы Астанада республикалық Әміре Қашаубаев атындағы, сол жылы күзде Қарағандыда Жүсіпбек Елебеков атындағы байқаулардың лауреаты болдым. 2013 жылы Павлодарда Иман Жүсіптің 150 жылдығына арналған байқауда екінші орын лауреаты атандым. Алдыңғы жылдары «Қазақ дауысы» атты онлайн байқауда бірінші орынға ие болдым. 220 адам қатысқан байқау 4-5 айналыммен алты айға дейін созылды. Ақыры 12 адамның арасынан сытылып шықтым. Атырауда төрт ай қатарынан 5 мектеп - Арқа, Батыс, Жетісу, Сыр өңірі, Алтай өңірі бойынша өткен республикалық «Ән-дария дүлдүлдері» атты байқаудан да екінші орын лауреаты атанып келдім. Қазір ауылдамын, Қазақ радиосының алтын қорында оншақты әнім де бар.

? Дәстүрлі әннің табиғаты да бөлек қой. Бұл тұрғыда қандай ой айтар едіңіз?

- Дәстүрлі әндер табиғаттан берілетін енші. Тыңдаған адамға оңай көрінетін шығар, орындаған адамға өте қиын. Бағалауы да ерекше. еңбек сіңірген халық әртістері, атақты Қайрат Байбосынов, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкман сынды мәдениет қайраткерлері бағалайды. Байқау болғасын барынша биік ырғақта айтылатын әндер орындалады.

? Шәкіртсіз ұстаз - тұл. Өнеріңізді жалғастыратын жастар бар ма?

- Бір шәкірт тәрбиеледім. Алтыншы сыныбынан бастап білгенімді сарп еткенмін. Былтыр Ақылтай Зекенов оқуын бітіріп, Астанадағы Өнер академиясына түсті. Мектепте жүргенде де дәстүрлі әндерден республикалық байқауларда екі-үш рет жеңіске жетті. Қазір беделді орындаушылардың қолында білім алуда.

? Тәлімді өзге балалармен жалғастыра бересіз бе?

- Бала келем десе, жоспар әрқашан бар. Шыны керек, үйренем дейтін баланы іздеп те таппайсың. Мұның себебі бес-алты жыл бұрын жастардың барлығы эстрадаға ағылды. Қазір бұл басылды. Күйді оқып, енді әнге бетбұрыс аламын деген бала келген болатын. Енді осыдан бастап қолға алайын деген ойым бар. Дәстүрлі ән орындау қабілеті адамға табиғатынан, жаратылысынан берілетін қабілет. Дәстүрлі әнге жай қарай алмайсың. Оны үйренуде ешқашан тоқтамауың керек. Бұл - өмір бойы үйренетін өнер.

? Қазір әншілер тойға ағылады. Сахна мен тойдың жұбы желімденіп барады деуге келе ме?

- Тойға бармаймын демеймін. Беташар ашамын, дәстүрлі әндер орындаймын. Қазір не көп, тойдың адамы көп. Білімі мен өнерінің жоқтығына қарамастан, тойда сайран салып жүргендер қаншама. Тойдың әншісі, әні, композиторы да бөлектеніп барады. Әрине, қазақтың қадірлі тойы болғасын «дұрыс емес» деп кесе салуға болмайды. Тойдың әнін сахнаға алып шыққан дұрыс емес. Сахнаның дамығаны қуаныш болса да, тойдың секектеген биін араластыруға болмайды. Бұл сахнаға жат. Мұндай да өтіп кетеді. Жылтырап сахнаның төрінде, елдің сүйкіміне бөленіп жазылған әндерді орындайды да, жанды дауыстағы дәстүрлі әндер шетте қалады. Бұл өнер емес.

Следующая →