Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қартаюдан бас тартамын!

Медицина қартаюдан құтқара ала ма? «Дені саудың, демі сау» дейді даналық көзі. Бұл мақаланы ерлерден көрі, әйелдерге жақын деуге болады

Медицина қартаюдан құтқара ала ма? «Дені саудың, демі сау» дейді даналық көзі. Бұл мақаланы ерлерден көрі, әйелдерге жақын деуге болады.

Нәзік жандылардың қартаю үрдісіне қайшы пікірі кімге болсын мәлім. Әйел денсаулығы сезім үйлесімінің айнымас бөлігі. Бүгінгі медицина бұл ретте айтарлықтай әлеуетті екенін мойындамасқа болмайды. 
Осы орайда, облыстық аурухананың гинекология бөлімі жетекшісі Наталья Михаиловна Удаловамен сұхбаттасудың реті келді. 


Миома жиі кездесетін дерт...


Тәжірибелі дәрігер, әдеміліктен бұрын ең маңызды сұрақтардың шешімін табу керектігін айтады. 
- Өсіп-өну жүйесі ісіктерінің арасында жатырдың қатерсіз ісігі – миома жиі кездеседі. 40 жастан асқан әйелдердің 35 пайызы бұл дертке шалдыққан, - дейді Наталья Михайловна. - Көп жағдайда жедел емделуге көшуге тура келеді. Біз бірнеше нұсқа ұсына аламыз: лапоротомды (кесу арқылы), лапароскопты (кішігірім тесу арқылы) немесе қынап арқылы. Әрбір жағдай ерекше болып табылатындықтан, дара жолмен емделеді. Егер хирургтың шеберлігі жоғары болса, нақты әйелге оңтайлы емделу жолдарын көрсетеді.
Таңдау пациенттің жасына, бала тапқысы келетін не келмейтін таңдауына, әйелдің жеке талабына орай жасалады. 
- Ең ұтымды жол – лапароскопты. Отаны алдыңғы құрсақ қабырғасын тесу арқылы жасаған дұрыс, - дейді Наталья Михайловна. - Мұндай отаны облыстық аурухананың эндохирургиялық орталығында жасайды. 2016 жылы шыққан Карл Шторц фирмасының заманауи неміс құрылғысының  НD камерасы арқылы барлық анатомиялық құрылымдарды үлкейтіп, әрі сапалы бақылауға болады. Бұл отаны сапалы, әрі қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді.
Отадан кейінгі кезеңдегі басты қиындықтар жарамен байланысты. Оның іріңдеуі, гематомалар, тігілген жердің тұрақсыздығы қиындық тудырады. Ал бұл ота барысында мұндай қиындықтардың ешбірі жоқ. Кеңейтілген визуалды бақылау арқылы сау және жаралы тінді айырып, ағзасақтаушы операцияларды жүргізуге мүмкіндік болады. 
Лапароскопты әдіс барысында жақсы косметикалық әсерге қол жаткізіліп, құрсақ қуысындағы хирургиялық жұмыстар кемиді. Мұнымен оңалту кезеңі де жылдам өтеді – алты сағаттан соң науқас тұрады, үш күннен кейін ауруханадан және екі-үш аптадан соң жұмысқа шығады. 


Жастық шақты сақтайық


Кезекті өзекті мәселе – жатыр мен қынап қабырғасының түсуі. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдердің жартысынан көбі етеккір үзілісі жасында дәл осындай ауруға шалдығады. Бұл тек ыңғайсыздық қана тудырмай, несеп-жыныс жүйесі мен ішек қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Ағзалардың түсуін міндетті түрде емдеу қажет! Ем бастапқы кезеңінен бастап жүруі шарт.
- Бізде қынап жолымен дәстүрлі оталар жасалады. Тарихи тұрғыда көне әдістердің бірі болғанымен бүгінгі таңдағы ең оңтайлы тәсіл болып қалады, - дейді бөлім басшысы. - Әрине өзге де заманауи тәсілдер бар. Мысалы, жамбас қуысының түбі архитектоникасын кестелі протез арқылы лапароскопты түрде қалпына келтіруге болады. Бұл отаны біздің бөлімде де жасайды. Хирургиялық тұрғыдан ауыр болғанымен, барлық құралдар мен оқытылған кадрлар жеткілікті.
Мұндай ота әйел өмірінің сапасын жақсартып, жастығы мен еңбекке қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді. 
- Күнделікті өмірде де, денсаулық сақтау саласында да бүкіл әлемдік тенденция – әйелдердің қартаюдан бас тартуы. Қазір 40-50 жастағы әйелдер әлеуметті түрде белсенді келеді. Көбі мансап құрып, бала өсіріп, қалған уақытын өзіне арнайды. Себебі, жастық шағын ұзаққа сақтап қалуға тырысады, - дейді Наталья Удалова сөзін жалғастырып. - Бұл жерде тек аналық бездің қызметін сақтап қалу маңызды емес. Әдемілікті, денсаулықты және еңбекке қабілеттілікті сақтап қалу үшін гормоналды терапияның орнын басатын іріктеулер қажет болады.
Жастық шағын ұзақ сақтағысы келгендерге облыстық аурухана мамандары қынап қабырғаларының түсуін емдейтін хирургиядан тыс жолдарды ұсына алады. Дамыған елдерде әйелдер сұлулықтарын сақтау үшін өздеріне көп уақыттарын арнайды. Бұл үрдістер өздерін күтудің қалыпты дәстүріне айналып үлгерген. 
- Қынаптың шырышты жағдайын, сарпайдың атрофикалық үрдістерін емдеуге, бұттың эстетикалық дизайнын жақсарту үшін гиалуронды қышқыл дәрілерімен сұлбалы пластика жасаймыз. Сол сияқты, әйелдің өз қанынан бөлінген плазманы тромбоциттермен байытып, арнайы тәсілмен қажетті нүктелерге енгізу арқылы интимді плазмолифтинг жасалады. Бұл шырышты қабатты жас сақтап, тіннің мықтылығын арттырып, сексуалды өмір сапасын жоғарылатады.

Онкологиялық күдікті аңғару қиын...


Гинекологияның кезекті заманауи бағыты – жатырішілік патологияны емдеу және диагностика жасау. Оны емдеу үшін облыстық ауруханада гистероскопия әдісі пайдаланылады. Яғни, хирургиялық жолмен жатыр қуысына оптикалық бақылау жүргізіледі. 
- Онкоүрдістерге күдік болғанда ең күмәнді учаскелердің биопсиясын үлкейту арқылы алуда, бедеулік, бала көтере алмау кезінде, түймешекті және миоманы жоюдың және емдеудің ең жақсы тәсілі осы, - дейді Наталья Удалова. - Скрининг барысында жатыр мойынындағы онкоцитология үшін жағынды міндетті түрде алынады. Егер жағындыда онкологияға күдік болса, бұл зерттеу әдісін міндетті түрде жүргізу керек. Қарапайым тәсіл барысында мұны байқамай қалуға болады. Атап айтқандай, лоторея сияқты, жолың не болады, не болмайды. Ал мұнда біз паталогиялық учаскені көздеп тұрып байқаймыз және биопсияны сол жерден аламыз. Бұл бүкіл әлемде қабылданған стандарт.
Байқағанымыздай, заманауи гинекология көпжоспарлы болып барады. Мұнда тек дәстүрлі мәселелер шешілмейді. Әйелге өз тәніне ерекше күтіммен қарауға мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл туралы өз дәрігеріңізден сұрап, біле аласыз немесе Диагностикалық орталықтың гинекологтарының қабылдауына келуіңізге болады. Ол жердегі мамандар облыстық аурухананың бар мүмкіндігінен хабардар. 
Дәргерлердің айтуынша, қазіргі әйелдер өте білімді. Ота жасатпас бұрын, ғаламтордан оқып алып, бірнеше мамандарға мазалаған сұрақтарын қояды. Жоспарлы отаға әйелдер саналы түрде таңдау жасап келеді. Ал медициналық көмекке уақытында жүгінбей, асқынып кеткенде келуі мүлдем бөлек әңгіме. 
- Сәтті ота – хирургтың шеберлігі ғана емес, - дейді Наталья Михайловна. - Бұл жоғары мамандандырылған анестезиолог-реаниматологтар, сандезрежимді айтқысыз ұстану, білімді және қамқор ұжым, палатадағы жылу мен үйлесім, достық қарым-қатынас.
Сөз соңында маман өзінің ақыл-кеңесін айтады:
- Ұзақ жастықты, әдемілікті сақтау үшін өзіңді сүйе білуің керек. Бұл медициналық көмекке уақытында жүгіну, салауатты өмір салтын ұстану, өзіңді күтіп, медицинадағы соңғы тенденцияларды - гормоналды терапия, гинекологиялық мәселелерді заманауи жолдармен емдеу, ағзаны жасарту жолдарын бақылау.
Қазіргі таңдағы күйзеліс, экология, шаршау ісік ауруларын тудыруы ықтимал. Сондықтан әйелдер жарты жылда бір рет қаралып отыруға тиісті. 

Следующая →