Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

«Серпіндіктерге» баспана қажет

Шығыс Қазақстан облысында «Серпін» бағдарламасымен келген екі мыңнан астам студент білім алуда

Ал биыл тағы да үш жүзге жуық жас түлек облысқа білім іздеп келген. Студенттер оқу орнын тәмамдаған соң, осы өңірде жұмысқа орналасатындығын, алайда пәтер мәселесін шеше алмай жүргендігін айтады.

Мұндай мәселені облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Арайлым Есімбекова көтеріп отыр. Облыстағы жастар саясатымен айналысатын басшының айтуынша, облысқа білім іздеп келген студенттер өңірде қалып жұмысқа орналасқысы келеді, алайда баспананың жоқтығы қолды байлап отыр.

- Серпіндік студенттермен талай жиын өткізіп, «облыста қалғысы келе ме, жоқ па?» деген сауалды қойып көрдік. Студенттердің көбі қалғысы келеді. Ендігі жылы 140 студент мұғалім мамандығы бойынша оқуларын тәмамдағалы отыр. Олар үшін жұмыс та дайын. Ауыл-аймақта мұғалім мамандары жетіспейді. Өзге облыстан келген студенттер бұл мамандық бойынша жұмыс істеуге ықылас білдіріп, ауылға аттанады. Олар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы баспана алып жатады. Ал Риддер, Курчатов, Семей, Өскемен сынды қалаларда қалған студенттерді қалай баспанамен қамтимыз? Бұл қалаларға да мұғалімдер мен жұмысшылар керек. Мәселен, Риддер қаласындағы колледжді бітірген 20 студент түгелдей жұмысқа орналасты. Яғни, бұл мамандар бізге қажет. Оларды облыста қалдырудың амалын жасауымыз керек, өйткені білім берудің өзіне қазынадан аз қаржы кетпегені белгілі. Осының барлығы тектен-тек жасалып отырмағанын да білеміз, - дейді Арайлым Керімбекқызы ШҚО Сараптау және болжау институында өткен қоғамдық тыңдауда.

Басшының ойынша, серпіндіктерді облыста қалдыру үшін, ең алдымен, баспана мәселесін шешу керек.

- Бұл мәселені облыс әкімдігіне жеткіздік. Қазіргі уақытта мұның қандай да бір механизмдерін қарастырып жатырмыз. Бірақ мәселені өңірлік шеңберде қалдырмай, республикалық деңгейде көтеруіміз қажет, - деп өтініш білдірді Арайлым Керімбекқызы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мамандарына. - Тым болмағанда, жеңілдетілген несие негізінде жатақхана беруді қолға алуымыз керек.

Ал серпіндік студенттер техникалық мамандықты бітірген соң, оңтүстік облыстардан бұл мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмайтындығын, сол себепті де Шығыс өңірінде қалуға дайын екендіктерін білдірді.

Айта отырайық, серпіндік студенттердің алғашқы буыны биыл өз оқуларын тәмамдаған болатын. Елде 12 мыңнан астам студент «Серпін бағдарламасы» бойынша білім алуда. Ал Шығыста 2160 студент оқып жатыр. 

Следующая →