Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қан мен тер...

Халқымызда «ескіні есіркеп, жаңаны жарылқайтын» әдет бар-ды. Бірақ өткеннен өнеге мен тәжірибе алмасақ, тарих беттерінде ескі қателіктер қайталана берер ме еді. Осыған орай «Алдаспан» газеті жыл көлемінде орын алған қылмыстық оқиғаларға сараптама жүргізген еді...

Халқымызда «ескіні есіркеп, жаңаны жарылқайтын» әдет бар-ды. Бірақ өткеннен өнеге мен тәжірибе алмасақ, тарих беттерінде ескі қателіктер қайталана берер ме еді. Осыған орай «Алдаспан» газеті жыл көлемінде орын алған қылмыстық оқиғаларға сараптама жүргізген еді...


Өткен жылдың елестері...

Биыл республикалық деңгейде талқыға түсерлік қылмыстық оқиғалар көптеп орын алмаса да, ел назарын өзіне аударған біршама оқиғалар қаралы күнтізбеге енді. Жылдың басы шығысқазақстандық баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне қатысты істің сотқа жетуімен басталды.

Өткен жылдың өтінде қалған қанды оқиғалардың бірі Ерасыл Әубәкіровтің өлімімен байланысты еді. Республикалық деңгейде ел талқысына түскен бұл оқиғаның жаңғырығы бертінге дейін естіліп тұрды.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында оқитын өскемендік Ерасыл Әубәкіров 2016 жылдың 3 ақпанында із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейін 10 ақпан күні азаптап өлтірілген денесі табылған. 2016 жылғы атышулы оқиғадан соң 2017 жылы Ерасыл Әубәкіровтің мәйітін қала сыртына алып шыққан Аян Мейірбаевтың қарындасына қатысты тергеу ісі басталды. Бұған дейін Ерасылдың өліміне күдікті болған Аян Мейірбаевтың қарындасы - Айымға қатысты ҚР ҚК 420-бап 2-бөлімі «Жалған түсініктеме бергені үшін» және «Қылмыс туралы хабарламағаны үшін» 434-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана қаласының ІІД хабарлағандай, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жариялауға жатпады.


Өлімге шақырған желілер...

2017 жылы әлеуметтік желіде жасөспірімдердің арасында кең танылған, адамды өз-өзін өлтіруге шақыратын ойын кең таралды. Елді теңселткен бұл оқиғалар Шығыс Қазақстанды да жанамай өтпеді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы әлеуметтік желіде таратылған қауіпті «Синий кит» ойынына 2 оқушыны тарту оқиғасын анықтады. Ойынның соңында ойыншы өзін өзі өлтіруі тиіс еді.

Арнайы мониторинг жүргізген кезде Шығыста «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің «Типичный Семск» тобында өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын материалдар анықталған. Нәтижесінде Семей қаласының 16 жастағы мектеп оқушысы мен Семей қаласының колледжінде оқитын 17 жастағы студенті ойын туралы оңды пікір қалдырған.

Әлеуметтік желідегі дүрбелең біраз уақыт жалғасын тапты. Тіпті, Өскемен қаласында 45 жастағы әйел 102 нөміріне хабарласып, 13 жастағы қызы қолдарын кескенін және оны «Синий киттің» деңгейінен өту үшін істегенін хабарлаған болатын. ІІД қызметкерлері мен бақылаушы органдар жедел әрекеттерге барып, мұндай желілердің барлығын бұғаттап келді.


Сыбайлас жемқорлықтың сиқы көрінді

Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету қоры» филиалының өкілдері ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерді субсидиялау үшін бөлінетін бюджеттік қаражатты ұрлау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Бұл іске Абай аудандық мәслихат хатшысы Ерлан Лдибаевтың ұлы Еркебұлан Арна қатысты еді. Қылмыстық топ 8 жыл көлемінде көп мөлшерде қаражат жымқырып келген. Топтың қатысушылары несиелік жүйелерді әдейі ұзартып, бюджеттік қаражатты ұрлауын жалғастыру үшін займдарды өтеу мерзімдерін ұзартып отырған.

Кейін қор филиалының қызметкерлері және өзге де тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 177-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.


Шешек асуы қанға боялды

2017 жылдың 31 наурызында ШҚО ІІД тергеу басқармасы Өскемен қаласының екі тұрғынын өлтіру фактісі бойынша соталды тергеу жұмыстарын бастады.

Алдын ала болжанған нұсқалар бойынша, екі жыл бұрын қаржы полициясының экс-қызметкері С. есімді азамат қаза тапқандардың бірімен жанжалдасып, органдағы қызметінен айырылған. Кейіннен Астанаға көшіп кеткен. 30 наурыздан 31 наурызға қараған түні ол өзін жәбірлеген азаматтан өш алу ниетімен Шешек асуына шақырған. Бірақ қаза тапқан азамат кездесуге жалғыз келмеген. Астана тұрғыны оларды Шешек асуына көлігімен алып барған соң, ер азаматтар арасында ұрыс шығып, Астана тұрғыны екі азаматты атып тастаған.

Соталды тергеу амалдары кезінде қылмыс орнында ШҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес қызметкері болғандығы анықталған еді. Сонымен қатар, орын алған қылмыс Өскемен қаласының екі тұрғынына белгілі болған.

Қаза тапқандардың мәйіттері төрт күннен кейін табылды. Алдын ала айтылған ақпараттар бойынша, олар мәйіттерді таңға дейін көлікте тасыған.

Сот барысында бас күдікті Е. Сахариев қылмысты жоспарламағанын айтып, кінәсінің бір бөлігін ғана мойындады. Ал іс бойынша көмекші ретінде танылып отырған экс-полиция қызметкері өз кінәсін мойындаудан мүлдем бас тартты.


Төтенше жыл

2017 жылдың дауылды болғанына шығысқазақстандықтар шек келтірмес. Тіпті, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне табиғаттың тылсым мінезіне қарсы «атқа қонуға» тура келді.

Жыл басында 220 адам, оның 37-сі балалар, қар құрсауында жолда қалып қойды. Төтенше жағдай қызметкерлері оларға көмек беріп, екі ересек азамат пен екі балаға жақын маңдағы емханаға жетуге жәрдемдескен болатын.

Өз табиғатында сирек кездесетін әуе апаты да өткен жылдың қаралы күнтізбесіне кірді. Екі облыстың еңсесін түсірген хабардың бірі - С-341 ұшағы Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып жоғалып кеткен еді. Діттеген орынға жетпей, 18.30-да ұшқыш байланыстан үзіліп кеткен соң, іздеуге Үржар және Аягөз аудандарының ТЖБ қызметкерлері, Өскемен қаласынан да ШААШҚТ құтқарушылары, Семей қаласынан МИ-17, Өскеменнен МИ-8, Алматыдан МИ-2 ұшақтары жіберілген. Іздеу жұмыстары нәтижесінде ұшақ Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде табылған.

Қысы-жазы орын алған табиғи апаттардың аражігін тақырыппен ашып көрсету жөнді болмады. Глубокое, Жарма және Ұлан аудандарында, сонымен қатар облыс орталығында қатты дауыл тұрды. Жел көтеріп кеткен шатырлардан жарақат алған облыс орталығының зейнеткері ауруханада көз жұмды. Тұтқиылдан соққан желдің мінезін болжап үлгермеген шығысқазақстандық «Қазгидромед» те шатақта қалды.

Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының 9-шы бөлімшесінің қызметкері Күршім ауданының Қалжыр өзеніндегі іздестіру жұмыстарында қаза болып, оның денесі 2 ай өткеннен кейін табылды. 29 жастағы сүңгуір Елдос Нүрпейісов суға батып кеткен Күршім ауданының тұрғынын іздестіру кезінде қайтыс болды. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Елдос Нүрпейісов 30 жасқа толар еді. Үшінші санатты сүңгуір-құтқарушы барлық іздестіру-құтқару жұмыстарына белсене қатысқан. Ол өз әріптестерінің есінде еңбекқор, адал және өте жауапты азамат ретінде қалды. Елдос Нүрпейісовтің артынан жанұясы мен үш баласы қалды. Кейін құтқарушы мемлекеттік марапатқа ие болды.


Жантүршігерлік оқиғалар

2017 жылдың көктемінде Катонқарағай ауданына қарасты Үлкен Нарын ауылынан 34 жастағы әйел мен 10 жастағы қыздың және туылғанына небары сегіз ай болған нәрестенің мәйіті табылған еді. Бұл оқиға республикалық деңгейде талқыға түсті.

Кешке жұмыстан қайтып, үйіне оралған отағасы қайғылы оқиғаның куәгері болған. Үйінде әйелі мен қыздарының жайрап жатқан денесін көріп, полицияға хабарласқан. Алғашқы сәттері қылмыскер іздестірілуде деген ақпарат таралса, кейін қылмыстың мән-жайын тексеруді облыстық прокуратура да өз қарамағына алды. Ал 4 желтоқсан күні Ішкі істер департаменті атышулы істің жабылғанын хабарлады. Тергеу амалдары екі баланы да әйелдің өзі өлтіргенін, кейін өз-өзіне қол жұмсағанын дәлелдеп берді.

Келесі қанды оқиға, қыркүйек айының 10-ынан 11-іне қараған түні Көкпекті ауылында орын алған еді. Белгісіз қарулы азаматтар жер үйлердің біріне баса-көктеп кіріп, үй иесіне оқ атып, оның туысын өлімші етіп сабаған. Оқ тиген азамат оқиға орнында жан тапсырса, екіншісі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Қарақшылар үйдегі екі әйелді байлап, үйде тұрған бір миллион теңгені жымқырып, іздерін суытқан. Аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізу үшін шұғыл-тергеу тобы құрылып, тез арада күдікті үш азаматты қолға түсірді. Күдіктілер - Көкпекті ауданының тұрғындары.

ШҚО Прокуратурасы екі адамның өліміне қатысты істі ерекше бақылауға алды.

Следующая →