Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шыршалар бақылауға алынды

Халқымызда жаңа жыл көктемнің көлгірсіген шағымен келсе де, желтоқсанның соңғы күнінде бүкіл адамзат баласымен ресми Жаңа жылды тойлау дәстүрі сіңісіп алды

Былтыр орман құшағындағы мәңгі жасыл ағаштарды кесу фактісі бойынша біршама дүрбелең шыққаны белгілі. Желтоқсан ортасы келсе де мұндай оқиғалар әлі тіркелмеген. «Аузы күйген адам шайды үрлеп ішеді» дегендей, кешегі жаза бүгінгі тәрбиенің негізі болғанға ұқсайды. Дегенмен құзіретті органдар сақтықта қорлық жоқ дегендей дайын отыр.

- Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында қылқан жапырақты тұқымдастардың балауса ағаштарын қорғауды күшейту және олардың кесілуін болдырмау мақсатында орман және табиғат қорғау мекемелерінде бақылау пункттері белгіленіп, 87 мобильдік пункт құрылды, - дейді ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Владимир Шешуков.

Кейбір оқырмандар «Орталық алаңдағы шыршалар табиғи екені мәлім. Әкімдіктер кессе, неге жергілікті тұрғындарға кесуге болмайды?» деген сұрақ қояды. Бірақ бұл үрдістердің барлығы ресми түрде жүретінін айта кету керек. Жаңажылдық шыршаларды босату, елді мекендерде мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде және басқа мекемелерде облыс әкімінің өтінімі бойынша Ауылшаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің келісімі бойынша тек жаппай мәдени шараларды өткізу үшін ғана жүзеге асырылады. Бұл орайда, тіпті, құзіретін пайдаланған билік өкілдері де жазаланады. Бұл туралы инспекция басшысы заңды тұрғыда түсінік берді. 

- Негізінен, жаңажылдық шыршаларды кесу мемлекеттік қор жолдары маңында болуы мүмкін, - дейді Владимир Шешуков. - Заңсыз ағаш кесу ісі Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 340-бабымен жазаланады. Орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ, ормандарды молықтыру мен орман өсіруге арналған алаңдарда өзі өсіп шыққан шыбықтарды, өскіндерді не қолдан отырғызылған екпелерді жою немесе зақымдау – 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 60 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

Аталған баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделгендей, бірнеше рет, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, ірі залал келтіре отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе 500 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 300 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 90 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

- Ал қылмыстық топпен жасаған іс-әрекеттер – 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - дейді инспекция басшысы. - Шыршаның орта жасы 250-300 жыл. 1,5 метрлік шыршаны өсіру үшін 10 жылдан артық уақыт керек. Егер жаппай  шабыла берсе, оларды қалпына келтіру үшін айтқысыз уақыт кетеді.
Мереке қарсаңында табиғаттың шынайы жаратылысына тамсанғысы келгендер бүгін де табылып жатыр. Бородулиха ауданының 18 жастағы азаматы бір жарым метрлік шыршаны шауып, үйіне дейін сүйретіп барған. Табиғатты қорғау полициясы қаскүнемді қар бетіндегі ізімен іздеп тапқан. Бір қызығы, жігіт өз қылмысын қара түн жауып қалады деген оймен іске асырған көрінеді. 

Бұл Бесқарағайда орын алған бірінші жағдай емес. Кәсіпқой оташылар ондаған шыршаларды шауып көлік арбасына тиеп алған. 

- Бұл заңсыз ағаш кесушілерге қатысты Қазақстан Республикасының 340-бабы  «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды, - дейді ШҚО ІІД Баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - «Шырша-2017» жедел алдын алу шаралары Жаңа жыл қарсаңын тегіс қамтып, ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Шара барысында құқыққорғаушылар орман төңіректерінде патруль жүргізетін болады. 

Мұндай жағдайлар облыс орталығында да орын алып отыр. Өскемен қаласы Меновное кенті маңында шырша кесіп, үйге әкелмек болған адам табиғатты қорғау полицейлеріне ұсталған.

- Әкімшілік жазаға тартылып, 15 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынды. Қала маңындағы ағаштар орман қорына жатпайды. Сондықтан мұны кескендерге әкімшілік айыппұл салынады, - дейді Өскемен қаласы ІІБ жергілікті полиция басқармасының табиғатты қорғау полициясының бастығы Дархан Айтқазин.

Тағы бір оқиға Защита ауданында болған. Қария шыршаны кеспеген, алайда оның бұтағын жұлып алып үйге апармақ болған. Ал қария болса, шыршаның бұтағын сынып жатқан жерінен алғанын айтқан. Зейнеткерге тек ескерту жасалды.

Айта кету керек, шыршаның көшеттерін тек бау-бақшалық мақсатта өсіру үшін коммуналдық орман шаруашылығы мекемелерінің, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің питомниктерінде және Алтай ботаникалық саябағынан алуға болады.
Следующая →