Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мүгедек балаларға жеңілдіктер қарастырылған ба?

Облыста церебралды сал ауруымен диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі 956 бала бар

Өңірімізде ана мен бала өлімі жоғары екені аян. Аталған мәселенің барысын облыстық әкімшілік басты назарға алып отыр. Әсіресе, соңғы жылдары медицина саласына айтарлықтай көп көңіл бөлініп келеді.

Сәбилердің денсаулығы туралы тақырып қаузалғанда, көп жағдайда олардың өлім статистикасына назар аударылады. Дегенмен, редакциямызға хабарласқан ата-аналардың бірі өзге де мәселелерге назар аудартты. Айта кету керек, ата-аналардың сұранысымен және түсіністік білдіру мақсатында оқырмандардың аты-жөндерін жазбауды жөн көрдік.

- Баламыз церебралды сал ауруына шалдыққан, - дейді оқырман. - Патологиясы бар балаларға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетінін білгіміз келеді. Шалғай ауданда тұратындықтан, баланы алып жүру мәселесі туындап тұрады. Сол сияқты, жергілікті мекенде арнайы мекемелер кем де кем. Егер кәсіпкерлер қолдауымен мұндай орталық ашатын болсақ, атқарушы органдардан қандай жеңілдіктер мен мүмкіндіктер алуға болады?

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін медициналық көмек берілген кепілдік көлемі аясында көрсетіледі. Балаларда патология анықталған жағдайда баланың тұрғылықты жері бойынша арнайы мамандар медициналық көмек көрсетеді.

- Мұндай науқасты алып жүру және емдеудің тактикасын анықтау үшін облыстық деңгейдегі мамандармен кеңес өткізілуі керек, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова. - Дерт көрсеткіштері бойынша Астана мен Алматыдағы медициналық орталықтардың мамандарымен кеңестер жүргізіледі. Ал оларды алып жүру үшін облыстық, республикалық санитарлық авиация қызметі де тартылады. Ал диагнозды нақтылап, мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында Алматы және Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталығына немесе Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің "Ақсай" университеттік клиникасына жолданады.

Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде диагностикалық және емдік шараларды жүргізген кезде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерімен міндетті түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, жазбаша ақпараттық келісім рәсімделеді.

- Диспансерлерде есепте тұрған балаларға дер уақытында зертханалық және инструменталдық әдіспен, оның ішінде аса қымбат бағалы ем, сауықтыру, ауруларының тізімдемесі бойынша санаториялық-курорттық оңалту шаралары жүргізіледі, - дейді Райфа Сафиоллинова. - Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында психикалық-физикалық бұзылу қатері болған жағдайда оларды анықтау үшін ерте жастан бастап скрининг жүргізіледі. Үйлестіріп, дамытып, оқыту сұрағын шешу үшін балалар дер уақытында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жолданады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға тек республиканың басты қалаларында емес, облыс төңірегінде де жәрдем көрсетіледі. Атап айтсақ, Өскемен қаласындағы "Ана мен бала орталығы" стационарында медициналық оңалтудың неврология, травматология, ортопедия, нейрохирургия салалары кіретін 7 төсегі орналасқан.

Дегенмен, мұндай мамандандырылған жеке меншік орталықтар да жоқ емес. Мысал ретінде Семей қаласындағы "Тоқтамыс" балаларды оңалту орталығы ЖШС-ны айтуға болады. Бұл жерде орталық нерв жүйесі зақымданған балаларға мамандандырылған ем жүргізіледі, тірек-қимыл аппараттарының аурулары бар балаларды қалыптастыру емі жүргізіледі. Жұмыс түрі - амбулаториялық-емханалық қабылдау. Ал "ИнВитро+" консультациялық-диагностикалық орталығы" ЖШС балаларды қалпына келтіру және медициналық оңалту қызметін көрсетеді.

- Балаларға арналған оңалту орталығын ашпас бұрын статистикалық мәліметтерге талдау жүргізіп, ғимаратты жалға алу немесе құрылысын салу, құрылымын жоспарлау, қаржыландыру, медициналық-техникалық жарақтандыру, кадрларды дайындау сұрақтарына байланысты техникалық ұйымдастыру сұрақтарын шешуді талап етеді, - дейді Райфа Сафиоллинова. - Ал егер мұндай орталықты ашу жоспарланса, мемлекеттік жеке серіктестік арқылы нұсқаны қарауға болады.

Жалпы деректерге сүйенетін болсақ, өңірімізде 1 облыстық және 5 ауданаралық алғашқы медициналық санитарлық көмек, 12 түзету кабинеті, 13 арнайы мектеп, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі 6 мекеме, жеке қор "АсылМирас" аутизм орталығы, 63 логопедиялық пункт, "Ғажайыптар әлемі", "Алтынай" қоғамдық ұйымдары жұмыс істейді. Дегенмен күн санап ашылып жатқан дүкен, дүңгіршектермен қатар оңалту, сауықтыру орталықтарының ашылғаны артық етпес.

Следующая →