/ Ақпараттар қолдану ережесі

«Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС-ның ақпараттарын қолдану ережесі

Материалдарды коммерциялық пайдалану («Устинка Live» дереккөзінің белгісімен), келісімшарт жасасу және ақысын төлеу жөнінде барлық сұрақтар бойынша сауалдарыңызды ads@ustinka.kz e-mail мекенжайына жолдай аласыздар немесе +7 (7232) 232-32-00 телефонына хабарла аласыздар.


1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ережелер «Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС ресурстарында жарияланған ақпараттардың пайдаланылу реті мен ережелерін анықтайды.

1.2. «Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС-ның ресурстары болып табылады:

ustinka.kz

aldaspan-yk.kz

(мәтінде ары қарай «ресурстар»)

1.3. «Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС ресурстеріндегі ақпараттарды қолдану осы ережелердің 2-ші және 3-ші тарауларында қарастырылған.

1.4. Ақпараттарды пайдалану қатарына жариялау, тарату, көпшілікке жария ету, тікелей эфирден көрсету, көпшілікке хабар тарату, кабельдік хабар тарату, аударма, өңдеу және тағы да басқа қолданулар сынды ҚР заңнамаларында көрсетілген іс-әрекеттер жатқызылады.

1.5. Осы ережелер ақпараттық агенттіктер, желілік және баспа өнімдері және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ, ақпараттық өнімдеріне жазылушылары және «Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС, жеке және заңды тұлғалар.

2. Материалдарды қолдану

2.1. Құқықтық иесі «Редакция газеты «Устинка Плюс» ЖШС (© белгісі тіркелген, «Устинка Live» дереккөзінің белгісімен) болып табылатын ақпараттық-мәтіндік және ақпараттық-графикалық материалдарды қайтарымсыз негізде жазбаша рұқсатсыз (коммерциялық емес мақсатта) Ережелердің 3-бөлімінде анықталған тәртіппен қолдануға болады.

2.2. Сараптамалық және авторлық материалдарды тек (© белгісі тіркелген, «Устинка Live» дереккөзінің белгісімен) «Редакция газеты «Устинка Плюс» ЖШС-ның жазбаша рұқсатын алғаннан кейін қолдануға болады. Аталған материалдарды өзгертуге рұқсат жоқ. Қолдану тек мәтін мазмұнын 100% сақтаған жағдайда ғана мүмкін. Осы орайда сараптамалық және авторлық материалдарды коммерциялық қолдану ғана қарастырылғанын ескерген жөн.

 

2.3. Материалдарды қолданудың басқа түрлері

2.3.1. Құқықтық иесі «Редакция газеты «Устинка Плюс» ЖШС (© белгісі тіркелген, «Устинка Live» дереккөзінің белгісімен) немесе үшінші жақ болып табылатын Ресурстарда жарияланған фото, видео, аудио және өзге де материалдарды қолдануға тыйым салынады.

2.3.2. Құқықтық иесі «Редакция газеты «Устинка Плюс» ЖШС (© белгісі тіркелген, «Устинка Live» дереккөзінің белгісімен) немесе үшінші жақ болып табылатын Ресурстарда жарияланған фото, видео, аудио және өзге де материалдарды қолдану қажеттілігі болған жағдайда ол материалдарды қолдану үшін қайтарымды негізде келісімшарт жасасу керек. Әр материалдың бағасы екі жақпен қосымша келісіледі. Жағдайға байланысты «Редакция газеты «Устинка Плюс» ЖШС жоғарыда аталған материалды қайтарымсыз қолдануға рұқсат бере алады.

2.3.3. Құқықтық иесі кез келген үшінші жақ болып табылатын Ресурстарда жарияланған фото, видео, аудио және өзге де материалдарды қолдану үшін жоғарыда көрсетілген материалдардың иесіне жүгіну керек.

 

3. Материалдарды (жариялымдарды) қолданудағы міндеттер

3.1. Ақпараттың дереккөзіне сілтеме жасау.

3.2. Егер мерзімді басылымдарда қолданылатын ақпарат болса, онда авторлық құқықты көрсететін - © белгісін, құқық иесін, авторын және ақпарат алған дереккөзді, яғни, мақала жарияланған «Устинка Live» ресурсын көрсету қажет.

3.3. Егер БАҚ-тың дайджесінде ақпараттың көшірмесі қолданатын болса, онда авторлық құқықты көрсететін - © белгісін, құқық иесін, авторын және ақпарат алған дереккөзді, яғни, мақала жарияланған «Устинка Live» ресурсын көрсету қажет.

3.4. Ғаламтор желісінде ақпаратты көшіру барысында авторлық құқықты көрсететін - © белгісін, құқық иесін, авторын және ақпарат алған дереккөзді, яғни, мақала жарияланған «Устинка Live» ресурсын көрсету міндетті. Онда қойылатын гиперсілтеме мақаланың бас жағында тұруы керек. Сонымен қатар көшірілген материалдарда .... тегтері көрсетілуі керек.

3.5. «Редакция газеты «Устинка Плюс» ЖШС ақпараттарын екінші дереккөзден қайта теріп, жариялау барысында сілтемені 3.1 – 3.4 міндеттерде көрсетілгендей бірінші дереккөзге жасау.

3.6. Ақпаратты көшіргенде нақтылықты сақтау.

3.6.1. Материалдарды көшіру барысында оның текстін өңдеуге рұқсат етілмейді (оның ішінде материалдың мағынасын өзгертпеу).

3.6.2. Егер БАҚ-тың дайджесінде ақпараттың көшірмесін жариялау барысында, ондағы ақпарат шындыққа жанаспайтын болса, жауапкершілік жеке немесе заңды тұлғаға артылады.

3.6.3. Шынайы ақпаратқа жанаспайтын материалды жариялау салдарынан материалдың ішіндегі ақпаратты өзгертудегі жауапкершілік ақпаратты қолданған жеке немесе заңды тұлға қолданылады.

3.7. «Редакция газеты «Устинка Плюс» ЖШС ақпараттарын толығымен көшіретін материалдарда RSS-таратуда қолдануға тыйым салынады.

«Редакция газеты «Устинка Плюс» ЖШС ақпараттарын RSS-таратуларды қолданған кезде жария болған материалдың уақытын немесе «Редакция газеты «Устинка Плюс» ЖШС жариялаған ертерек уақытты көрсеуге болмайды.

 

4. Материалдарды жариялау үшін «Устинка Плюс» ЖШС-нан рұқсат етілген жазбаша құжатты немесе ақпаратты ақылы түрде алуға келісімшарт жасасу қажет.

Назар салыңыз! Егер қандай да бір ақпараттарды көшіру барысында көрсетілген міндеттерді бұзу немесе толық орындамау жағдайлары орын алса, бұл ақпараттар заңсыз қолданылды, деп саналады.

 

5. Бұл міндеттер келісімшарт болып табылады.

«Устинка Плюс» ЖШС аталмыш міндеттерді ешқандай ескертулерсіз, кез келген уақытта өзгерте алады. Қолданысқа қатысты жаңа тәртіптер https://ustinka.kz/about/reprint-rules мекенжайында жарияланғаннан уақыттан бастап, заңды күгіне енеді.

 

«Устинка Плюс» ЖШС-да 1 тұжырымды атау ғана қолданылатын болады - «Устинка Live»

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз