/ Жоба туралы

Өскемен қаласының ақпараттық порталы

«Устинка» медиа тобы екпінді түрде жаңа аудиторияны жаулап келеді. Келесі мақсат – тек Шығыс Қазақстан өңірінде емес, бүкіл елдің жетекші ақпараттық порталы атану.

Барлығы 1999 жылдың 16 шілдесінен басталды. Бұл күні «Устинка плюс» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Содан бері көп уақыт өтті. Басылымның шынайы әрі де ақпаратты болуы үшін, мол құрмет пен сұранысқа ие болуы жолында бірнеше жылдар бойы жүздеген азаматтар тер төкті.

Уақыт өткен сайын газет пен ақпарат бейнесі де өзгеріске ұшырады. Бірақ басылым қашанда тыңдармандарының сұранысын қанағаттандыруды айнымас мақсат етіп келеді. «Устинка плюс» Өскемен мен Шығыс Қазақстан облысының тарихи жазбасына айналды.

Мемлекеттік тілдегі басылым қажеттілігі туған сәтте, 2010 жылы газет одан әрі дами түсті. Сол кезден бастап бес жылдан астам уақыт бойы тек қазақ тілінде ақпарат тарататын апталық «Алдаспан» газеті пайда болды.

Алайда, өмір бір орында тұрмайды. Үйден шықпай-ақ ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі пайда болып, интернет-БАҚ газеттерді ақпарат берудегі белсенділігі бойынша басып озды. Көп күшті қажет еткенімен, 2015 жылдың 1 қазанында «Устинка» медиа тобы «Устинка Live» ақпараттық порталын ашты. «Устинканың» өмірлік кезеңінен БАҚ-тың дамуын байқауға болады. Қанша жыл өтсе де, біз сіздерге ақпараттар оңай қолжетімді және қызықты болуы үшін барлық жағдайды жасап келеміз.

Біздің міндет – сіздерге ерекше берілу әдісімен дәмделген, эксклюзивті материалдар тұздығы құйылған жаңалықтар өнімінен керемет ас әзірлеу.

Устинка медиагруппасының құрамы

«Устинка Live» Ақпараттық портал»

* 2 000 күнделікті кіретін оқырмандар

* 50+ жаңалық күніне

* 160 000 ай сайынғы қараулар

Облыстық апталық «Алдаспан» газеті (қазақ тілінде шығады)

* 1 жұмасына бір рет

* 2 000 айына дана

* 6 000 нөмірдегі таңба саны

Апталық «Устинка Плюс» газеті

* 1 жұмасына бір рет/span>

* 40 000 айына дана

* 80 000 нөмірдегі таңба саны



*Медиакит (PDF, 9 Mb)


жоғарыға