/ Партия басшылығы қойған міндеттер орындалды
/ Рекламные блоки

Партия басшылығы қойған міндеттер орындалды

Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың партия жұмысын «Қайта жаңғырту» бойынша тапсырмасы Шығыс Қазақстан облысында сәтті жүзеге асырылды
31 мая 2021 года, 18:38 316
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Партия басшылығы қойған міндеттер орындалды
Фото: © Nur Otan партиясының ШҚОФ-дан
Өңіріміздің барлық деңгейдегі маслихаттарының құрамы белсенді жастармен және өз саласында білікті нәзік жандылармен толыққан. 
- Өздеріңізге белгілі еліміздің тарихында алғаш рет Праймериз партия ішілік іріктеу өткізіліп оған өңіріміздегі әртүрлі саладағы белсенді 1054 партия мүшесі қатысты.  Рейтинг қорытындысы бойынша партиялық тізімдерге 542 кандидат тіркеуден өтті. Партия басшылығы мен Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді біз орындадық: депутаттар арасында 30%-ы әйелдер 20%-ы 35 жасқа дейінгі жастар, - дейді Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков.

Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты  сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының орындалуын қадағалайтын 12 қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.   

Аталған кеңестердің  құрамына депутаттар мен партияның белсенді мүшелерінен басқа үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, талдаушылар, жалпы қоғамдық пікір көшбасшылары кірген.  Жалпы айына бір рет әр кеңестің отырысы өтеді. 

- Ағымдағы жылдың сәуір айында өткен облыстық филиалдың  Саяси кеңесі Бюросының отырысында алғаш рет «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» 2021-2025 жылдарға арналған  сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының орындалуын қадағалайтын 12 қоғамдық кеңестің жетекшілерімен 142 адамнан тұратын  құрамы бекітілді, - деді облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары.
Партия Жарғысына сәйкес 19 сәуірден бастап облыс бойынша Nur Otan партиясының 288 бастауыш партия ұйымдарында жиналыстар өтті. Оған 34 940 партия мүшесі қатысты. Жиын қорытындысы бойынша-бастауыш партия ұйымдары төрағаларының 16,7% - ы ауыстырылды, бастауыш партия ұйымдары төрағаларының 29,2%-ы әйелдер, 17,4%-ы жастар сайланды.

20 Аумақтық филиалдың кезекті есеп беру-сайлау конференциялары өткізілді. Аумақтық филиалдардың есептік-сайлау конференциялары өткізіліп. Саяси кеңес Бюросының 130 мүшесі және саяси кеңестің 278 мүшесі қайта сайланған. 

- 6 мамырда Nur Otan партиясы облыстық филиалының  XXV кезекті есеп беру - сайлау конференциясы өтті. Конференцияда облыстық филиалдың саяси кеңесіне 39 адам, саяси кеңестің бюросына 9 адам сайланды. Онлайн және офлайн режимде өткен облыстық конференцияға 220-дан астам партия мүшесі делегат ретінде қатысты, - дейді Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков.


Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live