/ Мүгедек қызы мен әйелін өзі бағып отырған ер адамға баспана сыйлады
/ Рекламные блоки

Мүгедек қызы мен әйелін өзі бағып отырған ер адамға баспана сыйлады

Қиын жағдайға тап болған отбасы жалдамалы үйлерді жағалап жүр еді
28 мая 2021 года, 16:32 1062 Аян Қалымбек
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Мүгедек қызы мен әйелін өзі бағып отырған ер адамға баспана сыйлады
Фото: © Т. Қайрат ұсынды

2020 жылдың желтоқсан айында басылып шыққан газетіміздің бір санында "қайсар әке" туралы мақала жарық көрді. Журналисіміз Ұлан ауданының тумасы Нұрбек Жакуповтың жарымжан қызы мен жан жарын жалғыз өзі бағып-қағып отырғанын өзекті мәселе етіп көтерген еді. 

Он екі мүшесі бүтін, дені сау күйінде ақ босағадан аялап ұзатқан қызы күйеуінен қатты таяқ жеп, есінен танып, артынша миына қан ұйығандықтан мүгедек болып оралды. Адам сенгісіз хәлге түскен туған қызы өздігінен тамақ та іше алмай қалғандықтан, өңешіне қойылған түтікше арқылы тамақтандырып жүрген анасы да сары уайымға салынып, бұрынғы жүрек ауруы асқынып мүгедек болып қалады. Нұрбек Жакупов жалдамалы үйде жанын әрең бағып отырса да, тағдырдың тәлкегіне төзіп, тауқыметін көтеріп, әйелі мен қызын бір өзі асырауда.

Барлығы жақсы болған кезде өмір-арбасының күтпеген жерден дәл бұлай кері кететінін ойламаған Нұрбек Айтпайұлы басында "өзімдікі" деп айтатындай баспанасы жоғын айтып қынжылып еді. Сол тұста республикалық "Харекет" қайырымдылық қорының шығыстағы филиалының өкілі Шынар ханымға хабарласып, кейіпкеріміздің қал-жағдайын түсіндірген едік. Қор өкілі көмек көрсетуге ниет білдірген. Мінекей, көптен күткен сол қуаныш хабары көктеммен бірге бізге де жетті. Әкімдіктің құрғақ шөппен ауыз сүртіп қайтарған жалған уәдесіндей емес, "Харекет" қайырымдылық қоры нақты әрекет жасап, екі бірдей мүгедек адамды қарап отырған жалғыз әкеге үш бөлмелі бас-пана сыйлады.
- Ол кісілерге берілген бас-пана ағымдағы жылдың ақпан айында сатып алынды. Ішінде әжетханасы, жуынатын бөлмесі бар үш бөлмелі үй. Арнайы қор жиналған жоқ. "Харекеттің" өзінің қорындағы ақшаға алынды. Нұрбек Жакупов осы уақытқа дейінгі табыс етілген отбасылардың ішіндегі жан саны ең аз жанұяға жатады. Отбасында үш-ақ адам болғанмен, екі бірдей мүгедек кісі бар. Әйтпесе, біздің қайырымдылық қор үйді 18 жасқа толмаған бес және одан да көп баласы бар жанұяларға ғана табыс ететін, - дейді республикалық "Харекет" қорының шығыс өңіріндегі өкілі Шынар Сыдықова.
Шынар Рақымқожақызының айтуынша, "Харекет қоры" 2017 жылы Гүлмира Мұқанқызының бастамасымен Алматы қаласында ашылған болатын. Бұл өзінің логотипі бар, заң алдында қорғалған, патенттелген, әділет департаментінде тіркелген авторлық жобаға жатады. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы мұқтаж жандарға 464 баспана табыс етілген. Оның ішінде шығыс аймағы бойынша 39 отбасы үйлі болды.

Нұрбек Жакуповтың жаңа шаңырағына барып, өзімен де тілдескен едік.
- Ең алдымен мұң-мұқтажымызды, жанайқайымызды жетер жеріне жеткізген барша тілшілер қауымына рақмет айтамын. Екінші, "Харекет" қайырымдылық қорына алғысым шексіз. Қоғамда әрбір адамның өзінің басыбайлы үйі болғаны өте маңызды ғой. Біздің бір жыртығымызды бүтіндеп, иығымдағы ауыр жүкті жеңілдеткен қайырымды жандардың жандары жамандық көрмесін, - деп жүрекжарды лебізін білдірді нағыз қайсар әке.


Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live