/ Абай ауданындағы мектеп жылыжайында банан өсті
/ Рекламные блоки

Абай ауданындағы мектеп жылыжайында банан өсті

Абай ауданында да тропикалық жемістер өседі
15 апреля 2021 года, 17:15 137 Әйгерім Зайнолдинова
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Абай ауданындағы мектеп жылыжайында  банан өсті
Фото: © Абай ауданы әкімдігінен
Абай ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп жылыжайында тропикалық өсімдіктер өсіреледі. 

Осыдан 5 жыл бұрын мектеп директоры мектептің жылыжайына бірнеше тропикалық өсімдіктерді әкеліп еккен екен.
- Жылыжайдың жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрайды. Осы күнге дейін лимон, анар, мандарин өнім берген болатын. Биыл банан өнім берді. Басқа да көкөніс пен жемістердің түрлерін егеміз. Осыған қарапақ бабын тапсаң, жерімізде кез келген жеміс түрін өсіруге болатынына көз жеткізуге болады. Мектептің биология пәні мұғалімдері мен оқушылары жылыжайға қажетті күтімді жасайды, - дейді мектеп директоры Роллан Рымханұлы.
Мектеп директорының айтуынша, жылыжай ішінде оқушыларға биология пәнінің практикалық сабақтары өткізіліп, гидропоника, яғни өсімдікті топырақсыз өсірудің әдістері үйретіледі.

Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live