/ Зайсан ауданындағы көпбалалы отбасылар мерекеге орай баспаналы болды
/ Рекламные блоки

Зайсан ауданындағы көпбалалы отбасылар мерекеге орай баспаналы болды

Зайсан ауданында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай көпбалалы аналарға пәтер кілттері табыс етілді. Бұған дейін жалдамалы пәтерлерде күн кешіп келген отбасылардың қуанышында шек жоқ
01 декабря 2020 года, 16:43 269 Таунар Қайрат
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Зайсан ауданындағы көпбалалы отбасылар мерекеге орай баспаналы болды
Фото: © Зайсан ауданы әкімдігінен
Аталған ауданда 36 көпбалалы отбасыға пәтер кілттері табыс етілді.
- "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы аясында 2 пәтерлі 18 үй 36 көпбалалы отбасылға берілді. Алдағы уақытта көпбалалы аналарға деген қамқорлықтар жалғасын табады. Сауыр Мөлтек ауданында тағы да 2 пәтерлі тұрғын үйлердің тағаны қаланды. Сонымен бірге, келер жылы 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй қолданысқа берілмек. Осылайша аудандағы тұрғын үй мәселесі рет-ретімен шешілетін болады, - дейді Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин.
Аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға тұрғындар да дән риза. 
- Қандай керемет. Ана мен баланың қуанышы, ақ батасы, алғысы үлкен сауап әрі күш-қуат қой! Алла разы болсын. Ауданымыз гүлденіп, көркейе берсін! Халықтың әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы жақсара берсін, - дейді Еркебұлан Зғыпаров есімді аудан тұрғыны.


Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live