/ Қарашада күн райы өте құбылмалы болайын деп тұр
/ Рекламные блоки

Қарашада күн райы өте құбылмалы болайын деп тұр

Бұл туралы бүгін Ақпараттық орталықта өткен баспасөз конференциясынде "Қазгидромет" РММ ШҚО филиалының гидрология бөлімінің басшысы Адель Ахметов мәлімдеді
22 октября 2020 года, 17:53 291 Назерке Кәрімова
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Қарашада күн райы өте құбылмалы болайын деп тұр
Фото: © drive2.ru
- Қарашада күн райы өте құбылмалы болайын деп тұр. Аймақта боран, көктайғақ, қатты жел орын алады. Бірақ күн жылынатын күндер де жоқ емес. Жалпы биылғы қыс орташа деңгейде суық болады деп күтілуде, - деді  Адель Ахметов.
Шығыс өңіріндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға да дайындық жұмыстары басталып кеткен.
- Облыста апатты жағдай оқыстан орын алған жағдайда 1000 адамнан астам арнайы құтқару тобы жасақталды. Қыс кезінде үздіксіз бақылауда болатын, қар басып қалатын 300-ден астам аумақ бар. Бірақ «Өскемен-Тарғын-Самар», Өскемен-Горная Ульбинка-Северная» секілді ең негізгі 14 аумақты назардан тыс қалдырмаймыз, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД  басқармасының басшысы Тимур Дидахметов.
Сонымен қатар, басқарма басшылары күз бен көктем кезінде өзен-көлдерге, су тоғандарына көп әуес болмауға кеңес берді. Шығыс Қазақстан облысы су қоры жөнінен алдыңғы орында екені белгілі. Балықшылар қар түсіп, алғашы мұз қата бастағанда-ақ балық аулаудың қызығына түсіп, жұп-жұқа мұздың үстіне көлікпен шығып кетеді. Оның арты қайғылы жағдайға да әкеп соғуы мүмкін. Тура солай көктемде қар кетіп, мұз ери бастаған уақытта да балық аулау маусымы қызады. Осы кезеңдерде құтқару қызметінде техника жетіспеушілігі болатынын атап айтты.

Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live