/ Мердігерлер Зайсандағы арбатты мерзімінен бұрын аяқтады
/ Рекламные блоки

Мердігерлер Зайсандағы арбатты мерзімінен бұрын аяқтады

Зайсандықтар асыға күткен нысан пайдалануға берілді. Қала тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарында демалып, серуендеу үшін арнайы арбат салынды
16 октября 2020 года, 14:41 414 Назерке Кәрімова
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Мердігерлер Зайсандағы арбатты мерзімінен бұрын аяқтады
Фото: © Зайсан ауданы әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасынан
Ұзындығы 210 метрге созылып жатқан бұл арбаттың құрылысы жарты жылға жетпей аяқталды. Жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айында бас-талып, 1 қазан күні аяқталып қойған. Ал келісімшарт бойынша айдың аяғына дейін деп келісілген. Алайда мерзімінен бұрын барлық жұмыстар аяқталып, халық игілігіне беріліп отыр.
- Демалыс алаңы арбатың ұзындығы 210 метрді құрайды, - дейді құрылысқа жауапты "Зайсан Тазалық" ЖШС директоры Азамат Бөстекбаев. - Алаңда спортсүйер қауымның дене тәрбиесін қалыптастыруына арналған түрлі воркаут жаттығу құрылғылары орнатылған. Ал кішкентай балаларға әткеншек, сырғанақ сынды ойын нысандары қойылған. Демалып отыратын орындықтар, заманауи үлгідегі шатырлар, жарықшамдар, Зайсан қаласын айшықтап тұратын "Зайсан" атауы жазылған әдемі дизайндағы тұғыр орнатылды. Бір ерекшелігі арбаттағы қолданылған құрылыс материалдары өзімізде, Зайсанда, өндірілген шикізат болып табылады. Демалыс алаңында екі дүңгіршек қойылған. Ол жерде салқын сусындар, тәтті-дәмділер саудаланады. Қаламыздың сәулет құрылысына көрік қосқан арбат демалыс алаңы құтты болсын!
Арбаттағы әр зат зайсандықтардың қолынан шыққан. Тіпті, жердегі төсеуіш тастар (брусчатка), орындықтар, балалар алаңындағы резеңке төсемелердің барлығын өз қолдарымен жасаған. 
- Арбатқа 4 мың шаршы метрге брусчатка төселді, барлығы алты түрлі түс қолданылды. 15 адам цехте төсеуіш тастарды құйып, дәнекерлеу жұмыстарымен айналысса, 35 адам арбатта жұмыс істеді, - дейді Азамат Құмарбекұлы. - Арбаттың бас - аяғына ерлерге және әйелдерге арналған дәретхана қойылды.
Айта кеткен жөн, дәретхана орнату жұмыстары сметада болмаған. 

13 жылдан бері осы салада жұмыс істеп, аудандағы саябақтар мен алаңдарды абаттандырып жүрген мердігер арбатқа екі жерден өз қаржысына дәретхана қойып, суын да тартып берген. Жалпы арбаттың құрылысына 69 млн теңге қаржы жұмсалыпты.

Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live