/ Көкпектіде сүт цехінің жұмысы тоқтап тұр

Көкпектіде сүт цехінің жұмысы тоқтап тұр

Көкпекті ауылында былтыр ашылған сүт өңдейтін цехтің жұмысы қазіргі таңда тоқтап тұр
12 октября 2018 года, 17:20 654 Қымбат Слямбеков
Этот материал доступен на казахском языке
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Көкпектіде сүт цехінің жұмысы тоқтап тұр
Источник: © Алдаспан Фото: © редакция мұрағатынан

Ал цех басшысының айтуынша, санитар-эпидемиологтар цех салынған аймақтың санитарлық қорғау талаптарына сай еместігін желеу етіп, нысанның жұмыс жасауына рұқсат етпей қойған.

Ал цехтің иесі, "Қалиқанұлы" шаруа қожалығының басшысы Марат Қаликов кәсібінде болып жатқан мәселелерді айтып, Кәсіпкерлер палатасына келіп жүгінген.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қуаттылығы бір ауысымда 7 тонна құрайтын "Толағай сүт" кәсіпорны былтыр тамыз айында облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен ашылған.

- Цех салтанатты түрде ашылып, екі күн өткеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық станция өкілдері келіп, «тоқтаңыз, қорғаныш аумағы 50 метрді құрауы керек, ал мұнда 25 метр ғана» деп, цех жұмысына тоқтау қойып кетті. Бітті. Рұқсатты әлі күнге дейін берген жоқ, біздің қолымыз байланып отыр. Егер алдыңғы аудан әкіміне бұл жоба қажет болып, оның ашылуын өзі сұраған болса, қазір өңдіріс керексіз болып қалды, - дейді кәсіпкер.

Марат Қаликовтың айтуынша, жобаға 35 млн теңге салынған, оның ішінде кәсіпкердің өз қаражаты да, несие қаражаты да бар. Осы ақшаға кәсіпкер бұрын спорт кешені болған орынжайды аукционда сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, заманауи қымбат технологиялық қондырғылар орнатады. Енді мұның барлығы жұмыссыз, құр босқа тұр.

- Бізде онсыз да өндірістік нысандар аз. Сондықтан цех іске қосылса, халық, мектеп пен аурухананың қажеттілігіне жарар еді. Ауыл үшін қажетті цехті моншадан 25 метр қашық жерде орналасқаны үшін жауып тастау ақылға сыймайды. Демек, 25 қадам жер өндірістен маңызды болып отыр, - деді ШҚО өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Айта кетерлігі, Марат Қаликовтың сүтті өңдеу саласында тәжірибесі мол. Шаруа қожалығының Семей қаласында күніне 20 тонна сүтті өңдейтін сүт зауыты бар. Зауыт жеті жыл бойы жемісті жұмыс істеуде. Кәсіпорын 17 түрлі өнім шығарады, дайын өнімдер Семей мен Өскеменге жіберіледі. Кәсіпкер Көкпекті ауылында да өндірісті дамытпақ болған. Қазір цехтің тоқтап қалуына байланысты жиналған сүтті Семейдегі зауытқа апаруға мәжбүр.

Айта кетелік, өңірде 2015-2016 жылдарға арналған сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша пилотты жоба іске қосылып, жоба аясында 2070 сүтті ірі қараға арналған алты сүт фермасы салынған. Тағы 6550 ірі қараға арналған 17 ферма жаңғыртылды, 30 пилоттық кооператив құрылды. Өңірде барлығы 55 сүт қабылдау бөлімшесі ашылды. 2017 жылдың сәуір айында облыс әкімдігінің кезекті кеңейтілген отырысында өңір басшысы Даниал Ахметов аталған бағдарламаның нәтижесіне көңілі толмағанын жеткізген еді. Өйткені сүтті жинау көрсеткіштері барлық аудандарда төмен, ал Риддер қаласы мен Көкпектіде өндіріс, тіптен, тоқтап тұр.


Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live